Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болыпты. Сол үлкен дарияның бір жағы – жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы – шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ жерді «Ергенеқон» деп атапты. Мұнда «Ергене» сөзі көне түркі тілінде тау арасындағы «өткел», «шатқал» мағынасында, ал «қон» сөзі қоныстану, яғни қону мағынасында қолданылған. Сонымен, «ЕРГЕНЕҚОН» сөзі «ШАТҚАЛДАҒЫ ҚОНЫС» деген ұғымды білдіреді. «Шатқал деген сөз – айналасын тау қоршаған жайлы жер деген ұғымды білдіреді». Ергенеқон жері түркілерге құтты қоныс болыпты.

Ерте кезде, жаугершілік жылдары ұрпағын аман сақтап қалу үшін Ергенеқон "шатқалына" Нұқыз бен Қиянның ұрпақтарын  алып барып жасырынған. Төрт жүз жылдан соң Нұқыз бен Қиянның ұрпақтары өсіп-өніп Ергенеқонға симай бастайды. Сол кезде ел ағалары Ергенеқоннан шығып бұрынғы ата-бабаларының жеріне қоныстануды ұйғарады. Сөйтіп таудан шығар жол іздейді. Бірақ жол таба алмайды. Іштерінде бір темірші бар екен. Ол былай дейді: «Осы шатқалдың бір жерінде темір кені бар соны ерітсе жол табылады» - деді. Ел ағалары сол жерге барып көріп, теміршінің айтқанын мақұлдады. Елге отын мен көмір жинатты. Таудың кең жеріне ағаш пен көмірді үйіп жетпіс жерден көрік жасап оны жетпіс жерге құрады. Көрікті барлығы бірігіп басты. Құдайдың құдіретімен тау темір болып аға бастады. Жүкті түйе шыққандай жол пайда болды. Ай, күн, сағатын есептеп бірнеше күнде таудан шықты.

Түркілерде ата-бабаларының Ергенеқоннан шыққан күндерін атап өтетін мерекелік дәстүрі бар. Сол күні бір кесек темірді отқа салып, қыздырып қызарған кезде оны қысқышпен ұстап төстің үстіне қойып, бірінші ханы, сосын бектері, ел ағалары балғамен ұратын болған. Яғни,бұл күнді «тар қапастан» шығып, «ата-қонысымызға» келген күніміз деп құрмет тұтатын болған.

Ергеноқанға кіру үшін арқардың ізімен жүру керек деп есептеген. Мұндағы арқар күннің жүру жолы болып саналған. Қазақтың «тескентау» (үскентау) дегені осы Ергенеқон. 

«Тескентау» арқылы келген түркі халықтарына «Ергенеқон» жері құтты қоныс болыпты. 





Зал туралы

Бұл залда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың танымнан түсінік беретін бейнелер қойылған. С.Қондыбай әлемді үш дүниеге (жоғарғы дүние, ортаңғы дүние, төменгі дүние) бөліп көрсеткен 5 бөлмеден тұрады.

Жоғарғы

Бапы хан әлемі

Басқа  халықтардың мәдениеттеріндегідей   қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  теміршілік  өнер  және  ұстаның  өзі  киелі  мәртебеге ие  болған.  Қазақ  ертегілеріндегі  Бапы хан (Жылан-баба хан) – қазақ  ұсталары  табынып  келген    теміршілік

Қыдаай Мақсин

  Кейбір  халықтар өз  аңыздарында ұсталарды  бақсылардан да  жоғары қойған. Сібір  халықтарының нанымында ұстаның рухы бақсының рухын жұтуға  қауқары  жетеді деп есептеген. Қазақ халқында да «ұстаның  жаны отта»  деген  түсінік  бар. «ұста

«Жылан қайыс» ғұрпы. Дархан ұстаханасы

  Ерте кезде  төрт  жасқа  толған, яғни  қоян мүшел  жасына  келген   баланы  осындай  ғұрыптан өткізеді. Баланың  әкесі  мен  ауылдағы  темірші (ұста)   ғұрып  өткізетін  күнді  белгілейді.  Бұл – әдетте,  күздің желді  күні  болады. Айтылған

Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін

Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші,

Жұмақ пен тозақ туралы

Тамұқ (тозақ)  

Тамұқ – отты үй немесе отты кеніш деген мағынаны білдіреді (С.Қондыбай пікірі). Мифтік тамұқ жер астында, яғни о дүниеде, төменгі дүниеде орналасады. Бұл жерде там сөзі төмен мағынасынан шыққан. Дүние жүзілік

Жұт жұту

  «Жұт» сөзінің бүгінгі мағынасы белгілі, ол «жұту», «жалмау», «жеу» дегенді білдіреді.  Мифологиядағы жұтып қою  бұрынғы материалды жеп қойып, қорыту негізінде қайта жаңа дүние жасап шығару дегенді білдіреді. Қазақ ертегілері мен аңыздарында

Құйрығына қазан ілген жылқы

 «Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстік өзінің садағының ұшын егейтін егеуішті алып келу үшін мыстан кемпірге бармақ болған кезінде, Төстіктің астына әкесінен енші ретінде алған Шалқұйрықты мінгізіп, ақсырмалдай сауытты кигізіп Кенжекей жолға

Үш жүздің басын құраған Алаша хан туралы аңыз

 «Алаш» немесе «Алаша» атауының пайда болуы туралы ел ішінде ең көп айтылатын мәшһүр аңыздың бірі төмендегідей баяндалады:«Бұқара хандарының бірі Қызыларыстан ханның бәйбішесі сауысқанның аласындай ала бала туады. Алапес баланың дүниеге келуін

Сявуш пен Франгиз.Афросияб бейнесі.

 Тұранның түркілігі хақында зороастрилік Авестадағы кейбір мәтіндер мен сюжеттер,бейнелерді қарастыру арқылы С.Қондыбай дей түркілік іздестіру бастайды.Негізгі мазмұн бойынша - Сиявуш Иран патшасының екінші әйелінен туған бала.

Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса,

Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда

Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды.

Ұмай ана

Ұмай ана. Ұмай - дей-түркілік мифологиядағы Ұлы Ана есімдерінің бірі. «Ұма»- деген сөз баланың жолдасы дегенді білдірген. Ұмай - әйел болымысты мифтік тәңір ие. Қазақ –қырғыз тілінде май - ене деп аталады. Кейінгі қазақ, қырғыз келтірімендегі Ұмай (Май ене)