Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса, ағаштың өзі – Нұрдың көресіні, толық нәтижесі, қорытындысы деп қарастырылады.

Қасиетті шаман ағашы хакастарда, саха-якуттарда, т.б. «Тыр» деп аталады. «Туру» түрінде осы ағаш тунгустерде де мәлім болған және ол бақсының,не оның дұғасының аспанға көтерілетін жолын білдірген. Осы сөзбен сары ұйғырлар шаман ағашы мен «Құс жолын» атаған. Міне, қазақтардың молаларындағы бас әулие бейітінің жанына шаншылған «Әулие ағаштың» мифтік функциясы да осындай болып келеді. Осы ағаш-баған арқылы өлген адамдардың жаны, рухы аспанға көтеріледі немесе зиярат етуші адамның садақасы мен жалбарыну сөзі көтеріледі. 

Ат пен баған  бейнелері неліктен тұтасып кетті? Ат – садақа малы еді, оны құрбандыққа шалу үшін бағанға байлау керек болады. «Нақ осы, бағанға байланған құрбандықтың болуы оны, ғалам структурасында аралық, байланыстырушы буын деп анықтауға негіз болды. Бұл тұрғыда ат пен баған тұтасып бір денеге айналған еді». Ат – тәңір иелер мен рухтарға арналған құрбандық түрлерінің ішіндегі ең бастысы еді. 

Алтыншы ғасырдағы түркі тілдес самирлер Аспандиат құдайға арнап жылқы сойғанда, оның қанын ағаштарды айналдыра төгіп, басы мен терісін ағаштардың бұтақтарына іліп қоятын болған екен. Садақаға сойылған қойлар мен жылқылардың қу бастарын бақанға іліп қою ғұрпының көк түріктерде болғандығы айтылады. 

Мәселен, Алпамыс туралы жырлардың әр-түрлі нұсқаларында: 

Тірсегінен Ұлтанды

Бір ағаштың басына 

Салбыратып ілдірді...

Тірсегінен тілдірді 

Бәйтеректің басына, 

Барлық етін сылытып

Салбыратып ілдірді...

                                     Ғаламдық ағаштың пенделері

Бәйтеректің тұрақты пенделері екеу. Оның төбесінде, Алып Қарақұс пен оның балапандары мекен етсе, түбінде – жылан немесе айдаһар мекен етеді. Жылан мен Алып Қарақұс – бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олар – дуалистік қарсыластар. Жылан үнемі Алып Қрақұстың балапандарын жеп кетуге әрекеттенеді немесе жеп кетіп отырады. Олардың арасына адам килігеді. Ол жыланды өлтіріп, құстың балапандарын аман алып қалады. Осы еңбегі үшін құс батырды жұтып қайта жасайды. 

Алтайлық түркі эпосындағы Ғаламдық бәйтеректің сипаттамасы мынадай:

Бәйтеректің күнгей бетінде жапырақтары – алтыннан, түнге қарайған бетіндегісі – күмістен. Яғни, «металдық түстеумен» қоса ғаламдық ағаштың көлденеңдік екі бағыты көрсетілген. Оң жақ – Күн, сол жақ – Ай. Осындай бағдарлану, «түстену» мысалдары, басқаша түрде болса да қазақ фольклорында бар. 

(Арғықызақ мифологиясы.4-ші кітап 471-472 бет.)

Ғаламдық ағаштың түбінде киелі әрекеттер жасалынады:

1.Бір дүниеден екіншісіне  өту кезінде қаһарманның Тазшаға, оның мінген атының қотыр тайға айналуы

2.Ағаш түбінде не басында әлдебір тылсым қасиетке ие пенде отырады. Ағаштың басында Қыдыр отырады. Аңыздардың бірінде Қыдыр жер асты еліне барып, сол жақтағы тірі судың қайнар көзін тауып алғандығы, сол көздің суын ішіп мәңгілік өмірге ие болған. Сонымен қатар Қыдыр – шөлден қаталаған жолаушыларды шөлден аман сақтап қалушы. «Бақытын басқа тепкен адам» ертегісі

3.Тұрақты сюжет: Үш батырдың кішісі ергежейліні жеңіп, оны сақалынан бәйтерекке байлап қояды.  (Арғықызақ мифологиясы.4-ші кітап 474б) «Нанбатыр» ертегісі

 





Зал туралы

Бұл залда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың танымнан түсінік беретін бейнелер қойылған. С.Қондыбай әлемді үш дүниеге (жоғарғы дүние, ортаңғы дүние, төменгі дүние) бөліп көрсеткен 5 бөлмеден тұрады.

Жоғарғы

Бапы хан әлемі

Басқа  халықтардың мәдениеттеріндегідей   қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  теміршілік  өнер  және  ұстаның  өзі  киелі  мәртебеге ие  болған.  Қазақ  ертегілеріндегі  Бапы хан (Жылан-баба хан) – қазақ  ұсталары  табынып  келген    теміршілік

Қыдаай Мақсин

  Кейбір  халықтар өз  аңыздарында ұсталарды  бақсылардан да  жоғары қойған. Сібір  халықтарының нанымында ұстаның рухы бақсының рухын жұтуға  қауқары  жетеді деп есептеген. Қазақ халқында да «ұстаның  жаны отта»  деген  түсінік  бар. «ұста

«Жылан қайыс» ғұрпы. Дархан ұстаханасы

  Ерте кезде  төрт  жасқа  толған, яғни  қоян мүшел  жасына  келген   баланы  осындай  ғұрыптан өткізеді. Баланың  әкесі  мен  ауылдағы  темірші (ұста)   ғұрып  өткізетін  күнді  белгілейді.  Бұл – әдетте,  күздің желді  күні  болады. Айтылған

Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін

Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші,

Жұмақ пен тозақ туралы

Тамұқ (тозақ)  

Тамұқ – отты үй немесе отты кеніш деген мағынаны білдіреді (С.Қондыбай пікірі). Мифтік тамұқ жер астында, яғни о дүниеде, төменгі дүниеде орналасады. Бұл жерде там сөзі төмен мағынасынан шыққан. Дүние жүзілік

Жұт жұту

  «Жұт» сөзінің бүгінгі мағынасы белгілі, ол «жұту», «жалмау», «жеу» дегенді білдіреді.  Мифологиядағы жұтып қою  бұрынғы материалды жеп қойып, қорыту негізінде қайта жаңа дүние жасап шығару дегенді білдіреді. Қазақ ертегілері мен аңыздарында

Құйрығына қазан ілген жылқы

 «Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстік өзінің садағының ұшын егейтін егеуішті алып келу үшін мыстан кемпірге бармақ болған кезінде, Төстіктің астына әкесінен енші ретінде алған Шалқұйрықты мінгізіп, ақсырмалдай сауытты кигізіп Кенжекей жолға

Үш жүздің басын құраған Алаша хан туралы аңыз

 «Алаш» немесе «Алаша» атауының пайда болуы туралы ел ішінде ең көп айтылатын мәшһүр аңыздың бірі төмендегідей баяндалады:«Бұқара хандарының бірі Қызыларыстан ханның бәйбішесі сауысқанның аласындай ала бала туады. Алапес баланың дүниеге келуін

Сявуш пен Франгиз.Афросияб бейнесі.

 Тұранның түркілігі хақында зороастрилік Авестадағы кейбір мәтіндер мен сюжеттер,бейнелерді қарастыру арқылы С.Қондыбай дей түркілік іздестіру бастайды.Негізгі мазмұн бойынша - Сиявуш Иран патшасының екінші әйелінен туған бала.

Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса,

Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда

Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды.

Ұмай ана

Ұмай ана. Ұмай - дей-түркілік мифологиядағы Ұлы Ана есімдерінің бірі. «Ұма»- деген сөз баланың жолдасы дегенді білдірген. Ұмай - әйел болымысты мифтік тәңір ие. Қазақ –қырғыз тілінде май - ене деп аталады. Кейінгі қазақ, қырғыз келтірімендегі Ұмай (Май ене)