Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда  оның  тұмсығында тоқсан  тоғыз  тесігі  бар, сол тесіктерден  үн  шығаруы  айтылады. Қырғыздық  «Ер Төстікте» шыңырау  құстың бақсы  ағашында  өмір  сүретіні, ол  ағашта  адам  жаны  балапан  түрінде  ілініп  тұрып, уақыты  келгенде  әйел  жатырына  түсетіні  айтылады.  

                                                                     Құс жолы

Құс жолы-киіз үй туырлығы.

Құс жолы аспанның оңтүстік бөлігі арқылы өтіп, киіз үйдің басқұры тәрізді аспанды тегіс орғытып шығады. Басқұр киіз үйдің уықтарын төменгі жағынан орап, бекітіп тұратын жалпақ таспа. Ал осы басқұрдың үстінен жабылатын киізді туырлық деп атайды. Туырлық- құс жолы. Егер туырлық құс жолы болса, онда киіз үйдегі туырлық шеңбері зодиак шоқжұлдызының көрсетушісі болып табылады. 

Аспанның үлкен үйін жұлдыз үйі немесе жұлдыз жайы деп атауға болады. Жұлдыз жай – құдайи құдіреттің немесе ілкітөрдің тағы бір атауы. Жай (Жайт), Жайашы- ғалам кіндігі болып есептелінген полюстік жұлдыздың немесе жұлдыздық шеңбердің атауы. «Жай» сөзі «найзағай», «жасын» деген мағынаға да ие. 

Қазақтың жалпы ең танымал жұлдызы «Шолпан». Шолпан қазақтың шежірелік бабасы. Аңыздарда Шолпан бүкіл қазақтың түп атасы Жайылханның шешесі болып есептелген. Венера/ Шолпан бейнесі мифологияда өнімділікпен, тудырғыштықпен, тәндік-нәпсілік махаббатпен, сондай-ақ су стихиясымен байланыстырылады.

Қарақұс жұлдызы. Ғалымдардың пайымдауынша (Асқар Егаубаев, Махмут Қашқари)  бұл қарақұс жұлдызын таразы шоқ жұлдызы деп есептеген. Кейін бұны Юпитер шоқ жұлдызы деп те есептеген.Қарақұс есімі мен бейнесі қазақтың фольклорында жақсы сақталған.

Аспаннан түскен зат.  Қазақ ертегісінде аспаннан түскен зат кездеседі. Мифологияға сүйенсек адам баласы алғаш рет жай темірмен емес метиориттік темірмен танысқан сыңайлы. Ежелгі мысырлықтарда «Бени-пет» деген сөз бар. Ол аспан темірі деген мағынаны береді.

«Манас» жырында да кемеліне келген кезде әулие Манасқа арналып аспаннан алты алмас қылыш түскен деп айтылады. Аспаннан түскен бұйымдар сақтардың ежелгі аңыздарында да бар. Грек аңыздарында Гераклдің үш баласына арнап аспаннан тостаған, белбеу, садақ түскен делінеді.

Сақ аңызы. Бір күні Сақ даласына аспаннан төрт алтын зат түсіпті. Ол кездегі Сақ патшасы Тарғұтай болған. Тарғұтайдың үш баласы болыпты: Липоксай, Арпоксай, Колаксай. Манағы түскен заттарды екі үлкені алайын десе от шашып қасына жақындатпапты. Ал ең кіші ұлы Калаксай келгенде заттардың жалыны өшіп, барлығына ие болыпты. Мұндағы төрт зат дегеніміз: соқа мен мойынтұрық, тостаған, айбалта екен. Бұл сақ қоғамының символикалық мәні болып есептелінеді. Тостаған - абыздық, айбалта-жауынгерлік, соқа мен мойынтұрық- еңбекшілік, байлық,өнімділікті білдірген. 

Үркер  ауылы.

Үркер - қазақ  танымындағы  түңгі  аспандағы бағдар  тұтар  нысандарының  ішіндегі негізгісі  болып  табылған түнгі  шырақтардың  бірі.Басқа  халықтарда бұл  жұлдыз  шоғырын  жақсы  білген.Үркер-торпақ зодиактық шоқжұлдызындағы 200-дей  жұлдыздар  шоғыры. Үркер  шоғыры кеңістікте  параллель траекториямен  қозғалады. Қазақ  аңыздарында  Үркер жұлдызы  туралы  әртүрлі  аңыздар  бар.

Үркер  аңызы-1

Үркелер  ағайынды  жгіттер  екен.  Олардың  жалғыз  қарындасы  болған  екен.  Оның  аты –Үлпілдек  екен. Міне, осы  Үлпілдекті  Қыран  Қарақшының  жеті  қарақшысы ұрлап  қашқан  екен.  Сол  заманнан  бері  жеті  қарақшы   қызды  алып  аспанда  қашып  келеді,  ал  Үркерлер  олардың  артынан  қуып  келеді. 

Үркер  аңызы-2

Аспандағы  Темірқазыққа  екі  аспандық  ат: Ақбоз-Көкбоз байланған  екен.  Жетіқарақшы сол  аттардың  күзетшісі  екен. Ал,  Үркерлер  осы  аттарды  ұрламақ  болған  ұрылар  екен. Кейде  бұл  керісінше  айтылады, яғни,  жетіқарақшы  аттарды  ұрлап  кеткен,  ал  Үркерлер  қуғыншылар делінеді.

Үркер  шоқжұлдызы - Құс  жолына  жақын  жерде  орналасқан. Құс  жолы – «Аспан  дариясы»: ал, Үркерлер  - дария  жағалауындағы  қыздар.                                                                                                                                                                                                                                                                                     





Зал туралы

Бұл залда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың танымнан түсінік беретін бейнелер қойылған. С.Қондыбай әлемді үш дүниеге (жоғарғы дүние, ортаңғы дүние, төменгі дүние) бөліп көрсеткен 5 бөлмеден тұрады.

Жоғарғы

Бапы хан әлемі

Басқа  халықтардың мәдениеттеріндегідей   қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  теміршілік  өнер  және  ұстаның  өзі  киелі  мәртебеге ие  болған.  Қазақ  ертегілеріндегі  Бапы хан (Жылан-баба хан) – қазақ  ұсталары  табынып  келген    теміршілік

Қыдаай Мақсин

  Кейбір  халықтар өз  аңыздарында ұсталарды  бақсылардан да  жоғары қойған. Сібір  халықтарының нанымында ұстаның рухы бақсының рухын жұтуға  қауқары  жетеді деп есептеген. Қазақ халқында да «ұстаның  жаны отта»  деген  түсінік  бар. «ұста

«Жылан қайыс» ғұрпы. Дархан ұстаханасы

  Ерте кезде  төрт  жасқа  толған, яғни  қоян мүшел  жасына  келген   баланы  осындай  ғұрыптан өткізеді. Баланың  әкесі  мен  ауылдағы  темірші (ұста)   ғұрып  өткізетін  күнді  белгілейді.  Бұл – әдетте,  күздің желді  күні  болады. Айтылған

Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін

Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші,

Жұмақ пен тозақ туралы

Тамұқ (тозақ)  

Тамұқ – отты үй немесе отты кеніш деген мағынаны білдіреді (С.Қондыбай пікірі). Мифтік тамұқ жер астында, яғни о дүниеде, төменгі дүниеде орналасады. Бұл жерде там сөзі төмен мағынасынан шыққан. Дүние жүзілік

Жұт жұту

  «Жұт» сөзінің бүгінгі мағынасы белгілі, ол «жұту», «жалмау», «жеу» дегенді білдіреді.  Мифологиядағы жұтып қою  бұрынғы материалды жеп қойып, қорыту негізінде қайта жаңа дүние жасап шығару дегенді білдіреді. Қазақ ертегілері мен аңыздарында

Құйрығына қазан ілген жылқы

 «Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстік өзінің садағының ұшын егейтін егеуішті алып келу үшін мыстан кемпірге бармақ болған кезінде, Төстіктің астына әкесінен енші ретінде алған Шалқұйрықты мінгізіп, ақсырмалдай сауытты кигізіп Кенжекей жолға

Үш жүздің басын құраған Алаша хан туралы аңыз

 «Алаш» немесе «Алаша» атауының пайда болуы туралы ел ішінде ең көп айтылатын мәшһүр аңыздың бірі төмендегідей баяндалады:«Бұқара хандарының бірі Қызыларыстан ханның бәйбішесі сауысқанның аласындай ала бала туады. Алапес баланың дүниеге келуін

Сявуш пен Франгиз.Афросияб бейнесі.

 Тұранның түркілігі хақында зороастрилік Авестадағы кейбір мәтіндер мен сюжеттер,бейнелерді қарастыру арқылы С.Қондыбай дей түркілік іздестіру бастайды.Негізгі мазмұн бойынша - Сиявуш Иран патшасының екінші әйелінен туған бала.

Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса,

Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда

Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды.

Ұмай ана

Ұмай ана. Ұмай - дей-түркілік мифологиядағы Ұлы Ана есімдерінің бірі. «Ұма»- деген сөз баланың жолдасы дегенді білдірген. Ұмай - әйел болымысты мифтік тәңір ие. Қазақ –қырғыз тілінде май - ене деп аталады. Кейінгі қазақ, қырғыз келтірімендегі Ұмай (Май ене)