Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды. Ақыры, бір күні ол сол қасиетті судан нәр алып жүрген, қалай болғанда да сондай суы бар жер астындағы көлге апаратын, жолды білетін бір көк құс бар екендігін естиді. Әлгі көлді іздеп әуре болмай ақ, көк құстың етін жесе мәңгі өмірге ие болады екен. Осыны естіген Көкімбет сол көк құсты іздейді. Сәті түсіп, құсты қолға түсіреді. Тауып, үйіне келсе ел дүрлігіп, келіп қалған әлдебір жауға аттанғалы жатыр екен. Құсты үйіне тастай салып мерген де жасаққа ілесіп кете барады. Күйеуі үйде жоқ кезде батырдың әйелі құсты пісіріп жейді. Құстың сүйек-саяғы батырдың көк тазысына бұйырыпты. Бірақ әйел құстың етінің қандай қасиеті бар екендігін білмейді ғой. Сөйтіп жүргенде Көкімбетте соғыстан оралады, құс болса жоқ. Кейін Көкімбет батыр өлгенде қазіргі ғимараты тұрған жерге жерлепті. Ал әйелі мен көк тазысы мәңгі өмір сүріп қалыпты. 

Осы бір маңғыстаулық аңыздың мәтіні Сиванму туралы мифтің мәтінін еске түсіреді. Қарап отырсаңыз ол туралы мифте де,Көкімбет аңызында да әлдебір көк құстың бейнесі бар. Сиванму әлдебір қасиетті сусын – мәңгі өмір беретін ішірткіге, сусынға ие. Қытайлық мифте «И» немесе «Хоу И» деген қаһарман садақшының осы шипалы ішірткіні алуға сапар шеккені айтылады. Міне, Хоу И «Батыстағы шешейге» барып, одан әлгі, мәңгі өмір сыйлайтын сусынның бір ішімін алып келеді. Бірақ өзі іше алмай қалады, оның Хенше деген әйелі сусынды ұрлап алып, ішірткі дайындап ішіп қояды да, мәңгілік өмірге ие болып, айға ұшып кетеді. Бұл оқиға да Көкімбет аңызына ұқсас, тек Маңғыстаулық аңызда мергеннің әкелгені сусын емес, сол сусынға қасиеті пара-пар болатын көк құс болып тұр. Оның етін мергеннің әйелі жеп қояды, мұнысы – қытайлық мифтегі мергеннің оқиғасына ұқсас.

 





Зал туралы

Бұл залда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың танымнан түсінік беретін бейнелер қойылған. С.Қондыбай әлемді үш дүниеге (жоғарғы дүние, ортаңғы дүние, төменгі дүние) бөліп көрсеткен 5 бөлмеден тұрады.

Жоғарғы

Бапы хан әлемі

Басқа  халықтардың мәдениеттеріндегідей   қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  теміршілік  өнер  және  ұстаның  өзі  киелі  мәртебеге ие  болған.  Қазақ  ертегілеріндегі  Бапы хан (Жылан-баба хан) – қазақ  ұсталары  табынып  келген    теміршілік

Қыдаай Мақсин

  Кейбір  халықтар өз  аңыздарында ұсталарды  бақсылардан да  жоғары қойған. Сібір  халықтарының нанымында ұстаның рухы бақсының рухын жұтуға  қауқары  жетеді деп есептеген. Қазақ халқында да «ұстаның  жаны отта»  деген  түсінік  бар. «ұста

«Жылан қайыс» ғұрпы. Дархан ұстаханасы

  Ерте кезде  төрт  жасқа  толған, яғни  қоян мүшел  жасына  келген   баланы  осындай  ғұрыптан өткізеді. Баланың  әкесі  мен  ауылдағы  темірші (ұста)   ғұрып  өткізетін  күнді  белгілейді.  Бұл – әдетте,  күздің желді  күні  болады. Айтылған

Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін

Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші,

Жұмақ пен тозақ туралы

Тамұқ (тозақ)  

Тамұқ – отты үй немесе отты кеніш деген мағынаны білдіреді (С.Қондыбай пікірі). Мифтік тамұқ жер астында, яғни о дүниеде, төменгі дүниеде орналасады. Бұл жерде там сөзі төмен мағынасынан шыққан. Дүние жүзілік

Жұт жұту

  «Жұт» сөзінің бүгінгі мағынасы белгілі, ол «жұту», «жалмау», «жеу» дегенді білдіреді.  Мифологиядағы жұтып қою  бұрынғы материалды жеп қойып, қорыту негізінде қайта жаңа дүние жасап шығару дегенді білдіреді. Қазақ ертегілері мен аңыздарында

Құйрығына қазан ілген жылқы

 «Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстік өзінің садағының ұшын егейтін егеуішті алып келу үшін мыстан кемпірге бармақ болған кезінде, Төстіктің астына әкесінен енші ретінде алған Шалқұйрықты мінгізіп, ақсырмалдай сауытты кигізіп Кенжекей жолға

Үш жүздің басын құраған Алаша хан туралы аңыз

 «Алаш» немесе «Алаша» атауының пайда болуы туралы ел ішінде ең көп айтылатын мәшһүр аңыздың бірі төмендегідей баяндалады:«Бұқара хандарының бірі Қызыларыстан ханның бәйбішесі сауысқанның аласындай ала бала туады. Алапес баланың дүниеге келуін

Сявуш пен Франгиз.Афросияб бейнесі.

 Тұранның түркілігі хақында зороастрилік Авестадағы кейбір мәтіндер мен сюжеттер,бейнелерді қарастыру арқылы С.Қондыбай дей түркілік іздестіру бастайды.Негізгі мазмұн бойынша - Сиявуш Иран патшасының екінші әйелінен туған бала.

Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса,

Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда

Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды.

Ұмай ана

Ұмай ана. Ұмай - дей-түркілік мифологиядағы Ұлы Ана есімдерінің бірі. «Ұма»- деген сөз баланың жолдасы дегенді білдірген. Ұмай - әйел болымысты мифтік тәңір ие. Қазақ –қырғыз тілінде май - ене деп аталады. Кейінгі қазақ, қырғыз келтірімендегі Ұмай (Май ене)