Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші, адастырмай жол табушы. Сондықтан мифтік бейнесі көптеген аңыздарда адамзатқа ілкітөрге барар жолды көрсетуші, күзетуші бейнесінде көрсетілген. Ит Ілкі төрдің басты жануарлық символы.

Ежелгі грек мифологиясындағы өлілер дүниесінің әміршісі Аидтің күзетші иті болған. Ол «Цервер» кейде «Кербер» деп аталатын үш басы бар құбыжық төбет болған. Оны «Шарбар» деп атаған. 

Барлық дүние жүзілік мифологияда ит бейнесі төменгі дүниенің басты күзетшісі болып табылған. Аңыздарда ит Ілкітөрдің күзетушісі ретінде көрсетеді.

Сібір халықтарының аңызы. Бас тәңір Юрюнг-айы-тойон (Алла тағала) адамның  мүсінін жасап оны тас үйге орналастырып қояды, оны біреуге күзеттіріп қояды. Күзетші зұлым рухты мүсін тұрған үйге кіргізбеу керек болған. Бірақ зұлым рух оған жылы тон беремін деп уәде беріп алдап ішке кіреді де адамның мүсіндерін ластап кетеді. Зұлым рухтың не істеп кеткенін көрген бас тәңірі Юрюнг-айы-тойон (Алла тағала) күзетшіге ашуланып оны итке айналдырады, ал лас болған адам мүсіндерін өңін айналдырып,яғни ішін сыртына қаратып қояды. Адам аласы ішінде деген осыған байланысты. 

Қазақ аңызы. Алла тағала балшықтан адам жасайды да оны итке күзеттіріп қойып,өзі жан алып келуге аттанады. Осы кезде жын келіп балшықтан адам мүсінін талқандап тастауды ойлайды. Бірақ ит жібермей қояды. Бұған ерегескен жын әп сәтте суық түсіріп түгі жоқ жалаңаш итті қатырып тастайды да,адамға жақын келіп оның тәніне бірнеше рет түкіреді. Адам баласына пәле-жала, ауру-сырқау, азап сол түкірік арқылы келіпті. Алла тағала оралған соң адам денесіне жан беріп, жынға ұрысқан көрінеді. Ауру-сырқау, пәле-жаланы жер бетіндегі тіршілігі үшін керек деп адамға қалдырған екен. Ал итке қызметі үшін жылы түк силаған екен дейді.





Зал туралы

Бұл залда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың танымнан түсінік беретін бейнелер қойылған. С.Қондыбай әлемді үш дүниеге (жоғарғы дүние, ортаңғы дүние, төменгі дүние) бөліп көрсеткен 5 бөлмеден тұрады.

Жоғарғы

Бапы хан әлемі

Басқа  халықтардың мәдениеттеріндегідей   қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  теміршілік  өнер  және  ұстаның  өзі  киелі  мәртебеге ие  болған.  Қазақ  ертегілеріндегі  Бапы хан (Жылан-баба хан) – қазақ  ұсталары  табынып  келген    теміршілік

Қыдаай Мақсин

  Кейбір  халықтар өз  аңыздарында ұсталарды  бақсылардан да  жоғары қойған. Сібір  халықтарының нанымында ұстаның рухы бақсының рухын жұтуға  қауқары  жетеді деп есептеген. Қазақ халқында да «ұстаның  жаны отта»  деген  түсінік  бар. «ұста

«Жылан қайыс» ғұрпы. Дархан ұстаханасы

  Ерте кезде  төрт  жасқа  толған, яғни  қоян мүшел  жасына  келген   баланы  осындай  ғұрыптан өткізеді. Баланың  әкесі  мен  ауылдағы  темірші (ұста)   ғұрып  өткізетін  күнді  белгілейді.  Бұл – әдетте,  күздің желді  күні  болады. Айтылған

Ергенеқон аңызы

 

Көне түркілік шежірелік Ергенехон аңызында байырғы түркілердің өз бастауын «темір үймен», «темір қуыспен» байланыстырғанын көрсетеді. Қиян мен Нұқыздың  арманы – артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін

Цервер, үш басты ит

 Ит адамзаттың ең алғаш қолға үйреткен мақұлығы. Ол біздің заманымызға дейінгі он үшінші, жетінші мыңжылдықтарда болған. Иттің мифтік бейнесінің қалыптасуы тас ғасырынан бастап пайда болған. Ит естігіш, сергек, таптырмайтын күзетші. Із кезуші,

Жұмақ пен тозақ туралы

Тамұқ (тозақ)  

Тамұқ – отты үй немесе отты кеніш деген мағынаны білдіреді (С.Қондыбай пікірі). Мифтік тамұқ жер астында, яғни о дүниеде, төменгі дүниеде орналасады. Бұл жерде там сөзі төмен мағынасынан шыққан. Дүние жүзілік

Жұт жұту

  «Жұт» сөзінің бүгінгі мағынасы белгілі, ол «жұту», «жалмау», «жеу» дегенді білдіреді.  Мифологиядағы жұтып қою  бұрынғы материалды жеп қойып, қорыту негізінде қайта жаңа дүние жасап шығару дегенді білдіреді. Қазақ ертегілері мен аңыздарында

Құйрығына қазан ілген жылқы

 «Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстік өзінің садағының ұшын егейтін егеуішті алып келу үшін мыстан кемпірге бармақ болған кезінде, Төстіктің астына әкесінен енші ретінде алған Шалқұйрықты мінгізіп, ақсырмалдай сауытты кигізіп Кенжекей жолға

Үш жүздің басын құраған Алаша хан туралы аңыз

 «Алаш» немесе «Алаша» атауының пайда болуы туралы ел ішінде ең көп айтылатын мәшһүр аңыздың бірі төмендегідей баяндалады:«Бұқара хандарының бірі Қызыларыстан ханның бәйбішесі сауысқанның аласындай ала бала туады. Алапес баланың дүниеге келуін

Сявуш пен Франгиз.Афросияб бейнесі.

 Тұранның түркілігі хақында зороастрилік Авестадағы кейбір мәтіндер мен сюжеттер,бейнелерді қарастыру арқылы С.Қондыбай дей түркілік іздестіру бастайды.Негізгі мазмұн бойынша - Сиявуш Иран патшасының екінші әйелінен туған бала.

Ғаламдық ағаш

Ғаламдық ағаш – бүкіл ғаламның өзін тұрпаттаушы символ. Ол да абақ және шоғым таңбалар арқылы кескінделе алады. Мұндағы кіндік нүкте – ағаштың тұқымы болса, шеңбер-сәуле – ағаштың өзі. Яғни, аға тұқымы – Нұрдың өзі, тіршіліктің субстанциясы болса,

Жоғарғы дүние

Самұрықтың ұясы.

Самұрық  - иран  мифологиясындағы  сәуегей  құс. Ирандықтар  оны «симург» деп  атаған. Қазақ ертегілерінде ол «самырық, самұрық, семір құс, самыр, самрау, шыңырау  құс» деп  әр түрлі  айтыла  береді. Мифтік аңыздарда

Мерген туралы аңыз

  Көкімбет – Бозащы түбегінде, Тұщықұдық ауылынан 4км жердегі көне ғимарат. (4зал) 

Көкімбет батыр аңшылықты кәсіп еткен мерген кісі болыпты. «Ол өмірді ұзартатын, мәңгі өмір беретін қасиетті суды іздейді бірақ таба алмайды.

Ұмай ана

Ұмай ана. Ұмай - дей-түркілік мифологиядағы Ұлы Ана есімдерінің бірі. «Ұма»- деген сөз баланың жолдасы дегенді білдірген. Ұмай - әйел болымысты мифтік тәңір ие. Қазақ –қырғыз тілінде май - ене деп аталады. Кейінгі қазақ, қырғыз келтірімендегі Ұмай (Май ене)