Серікболтану оқулары

2005 жылы 14-15 наурызда Алматы қаласында Қазақстан ұлттық кітапханасының ғылыми кеңесі мен «Рух-Мирас» қоғамдық қоры бастамасымен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ –ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты І-республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Қазақ мифологиясын зерттеудің алғашқы іргетасын қалаған ғалым Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналған мұндай конферециялар облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының басшылығымен 2006 жылы маусымда Ақтауда өтті.

Ал 2007 жылы қыркүйекте Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «С.Қондыбай оқулары: мифология және ұлттану» атты ІІ- республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға ұласты.

Астанада өткен конференцияда заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев Серікболдың  ғылыми шығармашылығына былай деп баға берді:

-«Азғантай жылдарда, қиыр шалғайда жатып, қазіргі біздің бүкіл планеталық гуманитарияда ешкім тәуекел ете қоймаған тақырыптарға барып отыр».

2013 жылы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ІV республикалық ғылыми - теориялық конференция болып өтті. Конференцияға республикаға танымал Ж.Манкеева, Ғ.Әнес     ( Алматы қаласы), А.Ишанова, З.Наурызбаева, О.Тұржан (Астана), Н.Берікұлы, Ә.Асаров, Ж.Шүкіров (Ақтөбе қаласы), Б.Ақбердиева, Б.Нұрдәулетова, Ж.Дүйсенбаева (Ақтау қаласы), Б.Қорғанбеков (Шымкент қаласы) т.б. ғалымдардан басқа республиканың 7 облысынан ізденімпаз мұғалімдер қатысты.

2015 жылы Қызылорда облысының әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұйымдастырған «С.Қондыбай зерттеулеріндегі ұлттық рухани мұраларын жаңаша пайымдау мәселелері» тақырыбындағы V –республикалақ ғылыми-теориялық конференция өтті.

 





Зал туралы

«С.Қондыбай феномені» экспозициялық залы 

«С.Қондыбай феномені» залы С.Қондыбай өмірбаяны мен шығармаларына арналған. Залдың сол жағында С.Қондыбайдың балалық кезі, туғандарының фотосуреттері, оқушылық мақтау грамоталары

Серікболдың отбасы

 Серікбол әке өлімінен кейін 5 айдан соң, яғни 1968 жылы 14 наурызда, Маңғыстау облысы, Құрық ауылында (қазіргі Ералы)   дүниеге келген.Өзінен үлкен ағасы Әбдіғаппарға серік болсын деп,есімін Серікбол қояды. Серікболмен бірге туған тағы да 4 апасы бар.

Балалық шағы

 Серікбол мектеп табалдырығын алғаш 1975 жылы аттайды. Шетпе селосындағы №3 метептің түлегі болған. Оның алғашқы ұстазы Ұлы Отан Соғысының ардагері Исабергенов Кенжеғұл ағай болған.

Серікбол мектепті тұрақты үздік оқыған. Соған орай ол орыс тілі, математика,

Серікбол жоғарғы оқу орнында

 Мектептің 10 жылдығын бітірген соң 1986 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетіне оқуға түседі. Сөйтіп ол 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысып, 10 күндей абақтыға қамалады. Бірақ бірге оқитын достары

Тұңғыш еңбегі

1991 жылы университеттен «геоморфолог» мамандығын алып бітіріп шығады. 

Геоморфология  (грек сөзі гео-жер, морфо-пішін, логос –ілім) жер бедері туралы ғылым. Негізгі нысаны - жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Яғни

Шығармашылық жұмыстарының баспа бетінде жарық көруі

2000-2004 жылдар аралығында «Алтын орда» газетіне көлемді- көлемді 41 мақаласы жарық көреді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулет, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 

2003 жылы

Серікбол атындағы мектептің ашылуы

 2006 жылы ІІ-республикалық ғылыми - теориялық конференциясының бастамасымен 25 тамыз күні Ақтау қаласының 22 шағын ауданында орналасқан №22 орта мектеп С.Қондыбаев атымен аталынды. Мектептің ашылуына Серікболдың анасы Тәрбие апа және парламент

Серікболтану оқулары

2005 жылы 14-15 наурызда Алматы қаласында Қазақстан ұлттық кітапханасының ғылыми кеңесі мен «Рух-Мирас» қоғамдық қоры бастамасымен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ –ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты І-республикалық

Серікбол шығармашылығы бойынша өнердің әр саласынан дүниеге келген туындылар

Бейнелеу саласында Жұмагүл Абыланованың суреттер топтамасы: «С.Қондыбай әлемдері», «Екі дүние: өмір мен өлім», «Көрілмес көріністер», «Абақ таңбаны қоршаған жыландар», «Ақбоз ат», «Мифтік ғұмыр».

Әнуар Бимағанбет пен

Маңғыстау болашағы Серікбол көзімен

Серікболдың жастайынан армандаған ісі - Маңғыстауда туризмді дамыту болатын. Маңғыстаудың әсем ландшафтын әлемге таныту мақсатында, студент кезінен бастап туризм ісін дамытудың перспективалық жоспарын жасаған болатын. Сол жұмысының бір тармағы осы

С.Қондыбай шығармаларының тұсаукесерлері

Серікбол шығармаларын халыққа таныстыру мен кітаптарын жолдау ретінде  Мұрат Әуезов мұрындық болып келген көптеген конференциялардың өткізілген кездері. Т.Әсемқұлов пен З.Наурызбаева бастаған ғалымдар мен мәдениеттанушылардың қатысуымен өткізілген