Шығармашылық жұмыстарының баспа бетінде жарық көруі

2000-2004 жылдар аралығында «Алтын орда» газетіне көлемді- көлемді 41 мақаласы жарық көреді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулет, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 

2003 жылы желтоқсанда осы газетке, сол кездегі мемлекеттік хатшы И.Тасмағанбетовке бір топ ғалымдардың «Дарындыны қолдайық» атты ашық хаты жарық көреді.

2004 жылы ақпан айында И.Тасмағанбетов Серікболға тікелей байланысқа шығады. Пікірлесіп болғаннан кейін Серікболға қандай көмегім қажет деп сұрағанда, «Арғықазақ мифологиясы» атты кітабын шығарып беруін сұрайды. Сөйтіп, сәуір айында «Арғықазақ мифологиясы» кітабы шығады. Сәуір айының 24 күні Ақтау қаласында Серікбол шығармашылығын халқына таныстыру мен табыстырудың бірінші серпер қадамы осы Ақтау қаласында өтті. Халқымыздың асыл ұлдары марқұм Ақселеу Сейдімбекұлы мен Қойшығара Салғараұлы Астанадан арнап келіп, «Арғықазақ мифологиясы» эпопеясының беташарын өткізген еді. Серікболдың көзі тірісінде өз қолымен нүкте қойған 9 кітабы жарық көрді.

Содан кейін анасына өзінің заттарын жинауды тапсырады. Ендігі мен демаламын деп, қолжазбаларын жинақтатып болғаннан кейін көп ұзамай 2 айдан соң өмірімен қоштасады. 

Жергілікті меценат Ермұхан Медағұлдың демеушілігімен «Есен -қазақ» кітабы жарық көреді. Сонымен қатар Ермұхан ағай Серікболға көмек ретінде ай сайын 30 000 теңге көлемінде айлық беріп отырған. Сол кездегі Маңғыстау ауданының әкімі Қ.Сейілхановтың көмегімен «Қазақ мифологиясына кіріспе» атты кітабы жарық көреді. Одан кейінгі кітаптары «Қазақ даласы және гермен тәңірлері» мен «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» алдыңғы кітаптарының қаржысына шығарылған. 

2003 жылы «Қазақ мифологиясына кіріспе» кітабының әрі жалғасы, әрі толықтырылған «Гиперборея:түс көрген заман шежіресі» кітабы жарық көрді.

Серікбол өмірден өткеннен кейін қолжазба күйінде қалған «Жауынгерлік рух» кітабы, «Эстетика ландшафтов Мангистау», «Казахская мифология», «Маңғыстау-нама», «Маңғыстаудың жер-су атаулары», «Медет шежіресі» сияқты кітаптары шығарылды.

2006 жылы Маңғыстау облысына Әкім болып келген Қ.Көшербаев тұсында С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі жастарға үлгі ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 16 томдық шығармалар жинағы, «Арғықазақ мифологиясы» атты 4 томдық сүбелі еңбегі, «Гиперборея түс көрген заман шежіресі» кітаптары орыс тіліне аударылды. Аударған Зира Наурызбаева. 

«Гиперборея түс көрген заман шежіресі» бұл кітапта 2003 жылы жарық көрді. Бұған алғы сөзді Ж.Дүйсенбаева жазды. Бұл кітапта қазақ танымының бұрыннан белгілі,бірақ болмысы белгісіз болып келген мысалдар қарастырылады. Мысалы: «Балқан тау», « ұрым», «қия шет», «қиян», «кескентау».

Серікболдың ғылымға қосқан үлесіне баға бере келе,ғалымдар өз пікірлерін кітаптарға жариялады.

Сонымен қатар Серікбол еңбектерін халыққа насихаттау мақсатында көптеген газет журналдарға Серікболдың мақалалары шықты. Солардың бірі «Рух мирас» альманахы.

 





Зал туралы

«С.Қондыбай феномені» экспозициялық залы 

«С.Қондыбай феномені» залы С.Қондыбай өмірбаяны мен шығармаларына арналған. Залдың сол жағында С.Қондыбайдың балалық кезі, туғандарының фотосуреттері, оқушылық мақтау грамоталары

Серікболдың отбасы

 Серікбол әке өлімінен кейін 5 айдан соң, яғни 1968 жылы 14 наурызда, Маңғыстау облысы, Құрық ауылында (қазіргі Ералы)   дүниеге келген.Өзінен үлкен ағасы Әбдіғаппарға серік болсын деп,есімін Серікбол қояды. Серікболмен бірге туған тағы да 4 апасы бар.

Балалық шағы

 Серікбол мектеп табалдырығын алғаш 1975 жылы аттайды. Шетпе селосындағы №3 метептің түлегі болған. Оның алғашқы ұстазы Ұлы Отан Соғысының ардагері Исабергенов Кенжеғұл ағай болған.

Серікбол мектепті тұрақты үздік оқыған. Соған орай ол орыс тілі, математика,

Серікбол жоғарғы оқу орнында

 Мектептің 10 жылдығын бітірген соң 1986 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетіне оқуға түседі. Сөйтіп ол 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысып, 10 күндей абақтыға қамалады. Бірақ бірге оқитын достары

Тұңғыш еңбегі

1991 жылы университеттен «геоморфолог» мамандығын алып бітіріп шығады. 

Геоморфология  (грек сөзі гео-жер, морфо-пішін, логос –ілім) жер бедері туралы ғылым. Негізгі нысаны - жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Яғни

Шығармашылық жұмыстарының баспа бетінде жарық көруі

2000-2004 жылдар аралығында «Алтын орда» газетіне көлемді- көлемді 41 мақаласы жарық көреді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулет, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 

2003 жылы

Серікбол атындағы мектептің ашылуы

 2006 жылы ІІ-республикалық ғылыми - теориялық конференциясының бастамасымен 25 тамыз күні Ақтау қаласының 22 шағын ауданында орналасқан №22 орта мектеп С.Қондыбаев атымен аталынды. Мектептің ашылуына Серікболдың анасы Тәрбие апа және парламент

Серікболтану оқулары

2005 жылы 14-15 наурызда Алматы қаласында Қазақстан ұлттық кітапханасының ғылыми кеңесі мен «Рух-Мирас» қоғамдық қоры бастамасымен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ –ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты І-республикалық

Серікбол шығармашылығы бойынша өнердің әр саласынан дүниеге келген туындылар

Бейнелеу саласында Жұмагүл Абыланованың суреттер топтамасы: «С.Қондыбай әлемдері», «Екі дүние: өмір мен өлім», «Көрілмес көріністер», «Абақ таңбаны қоршаған жыландар», «Ақбоз ат», «Мифтік ғұмыр».

Әнуар Бимағанбет пен

Маңғыстау болашағы Серікбол көзімен

Серікболдың жастайынан армандаған ісі - Маңғыстауда туризмді дамыту болатын. Маңғыстаудың әсем ландшафтын әлемге таныту мақсатында, студент кезінен бастап туризм ісін дамытудың перспективалық жоспарын жасаған болатын. Сол жұмысының бір тармағы осы

С.Қондыбай шығармаларының тұсаукесерлері

Серікбол шығармаларын халыққа таныстыру мен кітаптарын жолдау ретінде  Мұрат Әуезов мұрындық болып келген көптеген конференциялардың өткізілген кездері. Т.Әсемқұлов пен З.Наурызбаева бастаған ғалымдар мен мәдениеттанушылардың қатысуымен өткізілген