С.Қондыбай шығармаларының тұсаукесерлері

Серікбол шығармаларын халыққа таныстыру мен кітаптарын жолдау ретінде  Мұрат Әуезов мұрындық болып келген көптеген конференциялардың өткізілген кездері. Т.Әсемқұлов пен З.Наурызбаева бастаған ғалымдар мен мәдениеттанушылардың қатысуымен өткізілген конференциялар.

Облыстық білім басқармасының жетекшілігімен Серікбол Қондыбай мұраларын танып-білуді мектеп бағдарламасына дендеп енгізу мақсатында, облыстық деңгейде атаулы шаралар «Үздік сабақ» және «Үздік сынып сағаты» байқаулары өткізілді. Осы Байқау нәтижесі бойынша үздік көрнекі сабақтар мен «Серікбол еңбектерінен диктанттар» жинақтары жасақталды.

Ғалымдар мен жазушылар және мәдениеттанушылардың Серікбол туралы айтқан ой пікірлері.

Алпамыс жыры туралы

Алпамыс ғаламы,яғни «Алпамыс жырының» зерттелуі. 

Осыдан бірер жыл бұрын,яғни 2000 жылы Өзбекстанда «Алпамыс» батыр жырының 1000 жылдығы атап өтілді. Оны кейбіреулер естісе де, қалың көпшілік біле бермес. Неліктен осы жырға 1000 жыл толу керек? Осындай датаны анықтай салу қандай тарихи нышандарға, жалпы қандай тарихи принциптерге негізделген? Ол жағын біле алмадық, өйткені, бүгін де көрші елдерде не болып, не жазылып жатқанын білу оңай шаруа емес. Жалпы, көп жұрттың фольклорында таралған көп нұсқалы жырдың жасын білу мүмкін шаруа ма?

Бұл Серікболдың 2002 жылы шыққан мақаласының кіріспесінен.

Жырдың мазмұнын жіліктей келе, Батырлар жырынан көптеген салыстыруларды теңей келе, Серікбол Қазақтың «Алпамыс» жырына 1500 жыл толды деп айтуға болады деген. 

«Қазақ даласы және герман тәңірлері»

«Қазақ даласы және герман тәңірлері» кітабын жазғанда Серікбол көптеген идеяларды басшылыққа алды. Әлбетте ерте ме, кеш пе, бірде бір герман тілін меңгермеген, ғылыми кітапханаға баруға мүмкіндік жоқ, қолындағы мәліметі «Мифологиялық сөздік», және «Әлем халықтарының мифтері» атты екі томдықпен ғана шектеулі жағырапия пәнінің ғалымы герман-скандинав және қазақ мифологиясын салыстыра зерттеуде қандайда бір жетістікке жете ала ма? деген сұрақ туады. Жете алады екен. Герман мифі мен эпосын саралағанда, біздің ата-бабаларымыздың басқаларға үлгі –өнеге боларлықтай, рухани нәр берерліктей қаухары бар екендігін көрсету еді. Бірақ қазақтың әдеби мұрасының саны мен сапасы германдікінен асып кетпесе, әйтеуір кем түспес.

Валгалла-скандинав - исланд мифологиясының тілінде барынша түркілігі анық бірінші сөз. «Валгалла» өлілер сарайы деген мағына береді.

Валгалла Асгард ауылында орналасқан, ол –Одиннің екінші тұрақ-сарайы болып есептелінеді. Ал осы Один тәңірлерінің барлығы біздің Серікбол зерттеуі бойынша Маңғыстаудың жеріне бағыттап тұр.

Маңғыстау –Үстірттен табылған, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ. дай-массагеттер дәуіріне жататын «Бәйті» кешені-осы «валгаллалардың» түпнұсқаларының мысалдары болуы мүмкін,-деген.

«Есен қазақ» 2002 жылы Алматы қаласында жарық көрді. Серікбол бұл кітапта Маңғыстау мен Үстірттің географиясы мен тарихын, тіл тану мен мифологиясын, фольклор мен шежіресін ұштастыра білген.

«Қырымның қырық батыры» аталғанына қарап жырларды нақты қырым татарларынікі деп ойламауы тиіс, ол қазақтың өз дүниесі. Абылдан бастап Мұрын жыраумен шектелетін «Қырымның қырық батыры» жырларының қалыптасқан уақыты мен орнын нақты атап көрсетуге болады. Бұл Ақтөбе жақтағы Қобда елінен Арал Хасарлы аралық аймағы. Осы кеңістіктің қақ ортасында Үстірт пен Маңғыстауда Есен қазақтар шоғырланған. «Үстірт» немесе «Қыр» атауының ұр-ұрым сөзімен ұйқасып қыр-ұрым сөзін туғызған. Сонымен Қырымның атауының бүгінгі географиялық картадағы қырымға ешқандай қатысы жоқ.

Жырды оқи келе,көз алдымызға қырлы, дөңді, шыңды болып келетін кеңістікті көреміз.

Шөлейтті аймақтар, сексеуілдер, томарлы, мұндай табиғат Үстірт пен Маңғыстау,яғни қырға тән қаратүлей соры- Манашы сорымен ұласып кезінде суы мол Манашы Ащыағары арқылы Хасарлы (Каспий) теңізіне құйып жатыр.

Бұл «Есен-қазақты» зерттеуінде Серікбол Қазақ мемлекеттігінің тарихы  Жәнібек пен Керейден басталмаған, ол одан әріректе пайда болған деген.

Ия, қазақ мемлекеттігінің ресми бастауы 1458 жыл. Осы жылы Жәнібек пен Керей бастаған қазақтар Қозыбасы тауында елдіктің шаңырағын көтерген еді. Бірақ қазақ мемлекеттігінің тарихы осы болжам жылмен шектеліп қалмайды. Қазақтар да, олардың мемлекеттігі де әлгі уақыттан бұрынырақта болған.

«Қазақ» деген  мемлекеттің құрылу уақыты шамамен 1350-1360 ж.ж., құрылған жері- бүгінгі Үстірт қырындағы «Есенқазақ» түлейі деген алқап. Арал мен Каспий Оралтау аралығындағы далалық кеңістікті осы бірінші қазақ мемлекеттігінің қалыптасу аймағы деп айтуға болады.Бұл Серікболдың өз ойы.

«Есен қазақ»

«Есен қазақ мемлекеті» туралы дерек ешқандай тарихи құжатта кездеспейді, ол тек қазақ фольклорындағы аңыздар мен жырларға (Мұрын жыраудың «Қырымның қырық батыры» жырларына) негізделіп айтылады. Сондықтан ол тарихшылардың назарына ілігіп көрмеген. Бірақ бұл- жай жорамал емес. Аңыздық- эпостық материалдарды, тарихи, географиялық, шежірелік материалдармен салыстыра келе шығарылған қорытынды пікір.

Қазақ ауыз әдебиетінде «Әз Жәнібек» (1342-1357)  заманына қатысты әңгімелер бар. Сол Әз Жәнібек төңірегінде серілер болған. Сол серілердің бірі Абат (Әмет) батыр болған. «Айсылдың ұлы Әмет батыр» деген атпен танылған. Осы Айсаұлы Әмет батыр тарихи дастанда айтылу бойынша қазақ тайпаларын  ең алғаш біріктірушісінің бірі делінген.

Сол кездері Асан қайғы мен Әмет батыр Жәнібек ханнан Ащыбас-Шаттың бойын сұрап алады. Мұндағы ханның бергені берген ау, бірақ Асан қайғының Әметке айтқан сөздерінен-ақ бөлінгіштіктің сарынын көруге болады.

Сұрашы балам сол жерді

Берсе егер ол жерді

Шыңғырлаудан кетерміз

Шатқа таман жетерміз

Ноғайды ертіп барып біз

Атын бөлек етерміз- деген екен.

Серікбол зерттей келе, жырларда жазылғандай  жалпы Әмет батыр Соңынан Жәнібек хан қайтқаннан соң,оның ұлы Бердібек таққа отырады. Әмет батыр сол Бердібекпен жақсы қарым-қатынас жасап,оның жарты тайпасын басқарды деген. Сонда 1458 жылдарда Жәнібек пен Керей құрған қазақ мемлекеті дәл сол кез емес,ол  әріректен пайда  болғандығын Серікбол нақты зерттеп шығарған.

«Жауынгерлік рух»

Жауынгерлік рух кітабы 2006 жылы Алматы қаласынан шықты. Кітапта қазақтың жауынгерлік өнері, әскери қару - жарақтары туралы, әскери атау, атақ - шендерден, атаулы әскери рәміз мәртебесі туралы айтылады. С.Қондыбай әскери тәртіптің, рәсімдік комплексінің жұтаңдығы, әскери киімнің талғамсыздығын айта келіп, рухани патриоттық тәрбие берудің оңтайлы тәсілдерін ұсынады. Түрік арғықазақ заманында әскери символика, әскери терминологияны ғылыми тұрғыдан  талдады.

С.Қондыбай «Жауынгерлік рух» кітабын жазған мақсаты тәуелсіз мемлекетіміздің әскерінің рухы жоғары болуы үшін әскери терминология, символикасында ұлттық тарихи дәстүрлердің басым болуын армандады деп түсінеміз.

Көрмедегі мақаласында Серікбол былай деген.

Білетіндердің айтуына қарағанда, ежелгі қазақтардың бір ғажайып қаласы болған көрінеді. Бұл қалада атақты арыстар мекендепті. Кейін осы қала жер бетінен ғайып болады, тек ауық- ауық, белгілі бір уақыт өтісімен жер бетінде аз сәтке ғана көрінеді екен. Бұл қала енді тек өлген қазақ ерлері мен арыстарының тұрағына айналыпты –мыс. Қаланың аты көп болған, тек бәрі де ұмытылып кеткен.

Міне осы қаланың белгілі аттарының бірі- Аңқатам. Немесе Анджатам (Инандж). Аңыз бойынша осы қаланы салған Алатайлы Аңшыбай деген батыр әрі хан көрінеді.

«Аңшыбай» жорықтан қайтып оралғансоң ,халық оны хан етіп сайлайды. Ел билеуші болған Аңшыбай қазақ жерінің киелі нүктесінде бір биік мұнаралы қала салады.

Халықтан батыр ұлан бата алды,

Елін жинап көрікті қала салды.

Айнала алты қабат қоған соғып,

Салған қала елдігіне жарасады

Мұнарасы мың құлаш тастан өрген

Асқақтаған аспанмен таласады.

Бұл өлең жолдары «Батырлар жырында» кездеседі. 

Осылай деп Серікбол зерттеулерін жүргізе келе осы қаладағы батырлардың рухы туралы  айтып өткен.

 





Зал туралы

«С.Қондыбай феномені» экспозициялық залы 

«С.Қондыбай феномені» залы С.Қондыбай өмірбаяны мен шығармаларына арналған. Залдың сол жағында С.Қондыбайдың балалық кезі, туғандарының фотосуреттері, оқушылық мақтау грамоталары

Серікболдың отбасы

 Серікбол әке өлімінен кейін 5 айдан соң, яғни 1968 жылы 14 наурызда, Маңғыстау облысы, Құрық ауылында (қазіргі Ералы)   дүниеге келген.Өзінен үлкен ағасы Әбдіғаппарға серік болсын деп,есімін Серікбол қояды. Серікболмен бірге туған тағы да 4 апасы бар.

Балалық шағы

 Серікбол мектеп табалдырығын алғаш 1975 жылы аттайды. Шетпе селосындағы №3 метептің түлегі болған. Оның алғашқы ұстазы Ұлы Отан Соғысының ардагері Исабергенов Кенжеғұл ағай болған.

Серікбол мектепті тұрақты үздік оқыған. Соған орай ол орыс тілі, математика,

Серікбол жоғарғы оқу орнында

 Мектептің 10 жылдығын бітірген соң 1986 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетіне оқуға түседі. Сөйтіп ол 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысып, 10 күндей абақтыға қамалады. Бірақ бірге оқитын достары

Тұңғыш еңбегі

1991 жылы университеттен «геоморфолог» мамандығын алып бітіріп шығады. 

Геоморфология  (грек сөзі гео-жер, морфо-пішін, логос –ілім) жер бедері туралы ғылым. Негізгі нысаны - жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Яғни

Шығармашылық жұмыстарының баспа бетінде жарық көруі

2000-2004 жылдар аралығында «Алтын орда» газетіне көлемді- көлемді 41 мақаласы жарық көреді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулет, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 

2003 жылы

Серікбол атындағы мектептің ашылуы

 2006 жылы ІІ-республикалық ғылыми - теориялық конференциясының бастамасымен 25 тамыз күні Ақтау қаласының 22 шағын ауданында орналасқан №22 орта мектеп С.Қондыбаев атымен аталынды. Мектептің ашылуына Серікболдың анасы Тәрбие апа және парламент

Серікболтану оқулары

2005 жылы 14-15 наурызда Алматы қаласында Қазақстан ұлттық кітапханасының ғылыми кеңесі мен «Рух-Мирас» қоғамдық қоры бастамасымен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ –ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты І-республикалық

Серікбол шығармашылығы бойынша өнердің әр саласынан дүниеге келген туындылар

Бейнелеу саласында Жұмагүл Абыланованың суреттер топтамасы: «С.Қондыбай әлемдері», «Екі дүние: өмір мен өлім», «Көрілмес көріністер», «Абақ таңбаны қоршаған жыландар», «Ақбоз ат», «Мифтік ғұмыр».

Әнуар Бимағанбет пен

Маңғыстау болашағы Серікбол көзімен

Серікболдың жастайынан армандаған ісі - Маңғыстауда туризмді дамыту болатын. Маңғыстаудың әсем ландшафтын әлемге таныту мақсатында, студент кезінен бастап туризм ісін дамытудың перспективалық жоспарын жасаған болатын. Сол жұмысының бір тармағы осы

С.Қондыбай шығармаларының тұсаукесерлері

Серікбол шығармаларын халыққа таныстыру мен кітаптарын жолдау ретінде  Мұрат Әуезов мұрындық болып келген көптеген конференциялардың өткізілген кездері. Т.Әсемқұлов пен З.Наурызбаева бастаған ғалымдар мен мәдениеттанушылардың қатысуымен өткізілген