Үш жүз

Үш  жүз түсінігі  XVII ғасырларда рулық-тайпалық, территориялық  ерекшеліктерге  байланысты қалыптасқан  басқару  жүйесі.

С. Қондыбай  «Үш  жүз»  туралы түсінікті  реконструкциялау арқылы көрсетеді.

Мұндағы – Кіндік – нүкте – Ілкі  Төрдің, Нұрдың,  Құдайы  құдіреттің  «ұлттық»  күлдігі. Кіндік – нүктені мынадай жанды тұлғалар ретінде көрсетуге болады:

1. Рухани билік  символы. Асан Қайғы, Майқы  би т.б.

2. Мемлекеттік  билік  символы. Хан билігі.  Төре  тұқымы.

Ал, осы  кіндіктің сыртын қоршаған,былайша нақтылауға  болады:

· Ішкі  бөлме  немесе  қоршау  - Ұлы жүз. Ол – орнынан қозғалмайтын, рухани  қайнарды  қорғайтын  ең соңғы шеп.

· Ортаңғы бөлме  немесе қоршау – Орта  жүз.Орта  жүз  тосқауылшы,ханның  қорғаушысы.

· Сыртқы бөлме  немесе қоршау - Кіші  жүз. Жаудан  беті қайтпайтын  жаужүрек,  қарсы  алдында  жүріп  жан қадірін  білмейтін, ең  алдымен  жауға  шабатын жауынгер  тайпа. Яғни, мұндағы  үш  жүз – рухани  қайнарды  қорғап  тұрған  үш  қабатты қоршау. Төрткүл  дүние – шартарап.

Шартарап – қазақ  тілінен парсы  тіліне  ауысқан  сөз. «Шар» - «төрт», «тарап» - бағыт,  жақ,  дегенді  білдіреді.Төрткүл – мифтік  - эпостық  кеңістік  моделі немесе ғаламның адамзат  тұратын  бөлігі.

 Арғықазақтағы  «жеті бөлмелі  үй»  немесе  «жеті қоршау» деген  сөздер  кездеседі.

Мағынасы  мынадай:

1. Жеті бөлмелі  үй – мифологиядағы  «жеті  қат» немесе «жеті қабат»  деген  ұғым  береді.

2. Жеті  бөлмелі  үй – фольклорлық  материалдарда  кездеседі.  Мысалы: Қахарман  үйдің  жеті  бөлмесінен  көктеп  өтіп ең  соңғысына  барады, барса сол  бөлменің  ішінде  алтын  сандық тұр  екен, сандықтың  ішінде бір  сұлу қыз  жатыр екен.

  Жеті  қазына: Ат,  ит, мылтық,  қақпан, қазан, пышақ, қамшы.

Аспан, жер, ай,  күн, жұлдыз, бұлт, жел – Маңғыстаулық  Төлесін  ақсақалдың айтуы  бойынша.

Халық  түсінігі  бойынша  жеті  қазына:  Ер  жігіт, сұлу  әйел,  ақыл,  жүйрік  ат,  қыран  бүркіт,  берен  мылтық,  жүйрік  тазы.

Жеті  санымен  шектелген басқа да  ұғымдар  бар:

Жеті  жұт: құрғақшылық, жұт,  өрт,  оба,  соғыс,  топан  су, зілзала.

Жеті  жоқ: жерде  өлшеуіш  жоқ,  аспанда  тіреуіш  жоқ,  таста  тамыр  жоқ,  тасбақада  талақ  жоқ,  Аллада  бауыр  жоқ, аққуда сүт  жоқ,  жылқыда  өт  жоқ.

Жеті  ата: ата,  әке,  бала, немере,  шөбере, шөпшек, немене.

  Сегіз  бен  тоғыз

Тоғыз саны – әлдебір  тоқтықты,  кемелдікті,  түгелдікті  білдіреді. Әбілғазының  шежіресінде  «Түркі  халықтарында  не  болсада, тоғызға  апаратын  әдет бар,  Құдай  тағала  одан  артық  та  жаратпаған,  бұл  әдет  Мұңғұлдың  тоғыз  ханынан  алынған»  деп  жазған  еді. Басқа  мысалдар:

1. Алтай – саяндық  түркілердің  саздық  аспабы  қомыстың  тоғыз  ішегі,  сыбызғыларының тоғыз  тесігі  болған.

2. Хакас  эпосындағы тоғыз даңғыраға (бубен) ие  болған  бақсы,дүниенің  кез  келген  жеріне жете  алады.

3. Тува түркілерінің  Тебен  батыр  ақ  шатыр  ішінде  отырып,тоғыз  буынды дүрбімен  әлемді шолады.

Қарап  отырсаңыз  адам  жанының  саны да  тоғыз екен, ең жоғарғы  биліктің  де  тоғыз  туы  болуы,яғни,  барлық  нәрсені  тоғыз  санымен  шектеу  арғықазаққа тән  болғаны  ма?

Сегіз.

Сегіз  қырлы, бір сырлы  деген  орнықты  тіркес  бар. Ілкі  Дәстүрді  әспеттеушілерді  тыңдар  болсақ  сегіз  ұшты  жұлдыз  мәңгілікті,  орнықтылықты білдіреді  екен. Солтүстік  Америка  мен  Еуразияның  тайгалық, тундралық халықтары  өздерінің тұрғын  жайларын  сегіз  сырықтың  басын  қосып  байлайды. Бұл  үйдің  бейнесінен ғалам бітімін  көруге болады, ол  бір  нүктеден  қиылысып,  тұтасқан  сегіз  тірегі  бар  модель. 

Сегіз  аяқты  тұлпарлар

Ер Төстік ертегісінде – тұлпарының  аты  Шалқұйрық. Ақылды,  алдын  болжау  қабілетіне ие,  иесіне  ақыл  кеңес  бере алатын.Шалқұйрық сегіз аяқты  болған. Жары  Кенжекей Ер Төстікке  «алты аяқты ала атқа,  жеті  аяқты жирен атқа  мінбей,  Шалқұйрыққа мін»  деп  кеңес  береді.

Дәл  осындай  «сегіз  аяқты ат»  орыстың  «Ерулан  Лазаревич»  ертегісінде  «Царь  огненный  Щит»  деген  патшаның  сегіз  аяқты  аты  бар.

Герман – скандинав  сагасында  бас тәңір ие  Одиннің  Слейпнир  деген  тұлпары  да  сегіз  аяқты.  «Тоғыз» дегеніміз  сегіз сызықтың  қиылысқан,  түйіскен,  тұйықталған,  тоғысқан  тұсы – «тұңғ» параформасынан  шыққан  сөз.  





Зал туралы

Миф – нақты бір  тарихи уақытта,  нақты бір  географиялық  кеңістікте,  нақты  бір  саяси-әлеуметтік, мәдени,  шаруашылық  жағдайында  тірлік етіп  жатқан адамзат  қоғамының өзі  өмір сүріп  отырған орта  туралы,  ғалам  туралы,  адам  туралы,  оның

Ит пен қасқыр

Иттің де  қасқырдың да  мифтік бейнелері  бастапқы  ортақ  бейне – ілкі жыртқыш  бейнесінен  өрбіп  шыққан. Ит – адамзаттың  қолға  үйреткен  ең  алғашқы  мақұлығы. Иттің  мифтік  бейнесін дұрыс  түсіну үшін ең  алдымен иттің  аңшылық  өмірге

Символ

  Біз  мынау  жалған  дүниені  тек  символдар  арқылы  ғана кескіндей аламыз, өйткені, шексіз ғаламның кескінін де, мөлшерін де, оның қандай материалдан  және қандай жолмен пайда болғанын да, Жаратушы иенің оны қалай жасағанын да шын мәнінде көре, біле, тани

Уақыт тізбегі

 Бұл схемалық  кескін  адамзат  дамуының  уақытпен  тізбектелуі. Бұл  тарихымызды  тануымыздың  басы. С. Қондыбай  өздеріңіз  байқағандай  3 – сатыға  бөлген.  

1 – Ілкі Төр  заманы.

2 – Тете  Ердем немесе «күлдіктер»  заманы.

3 – Ресми  түркі заманы

ТУ тақырыбы

Ту – әскербасының  қол  астына  қарайтын  әскердің  белгісі.

Ту – тірі  жанды сипатқа  ие  мифологиялық  кейіпкер, әскери  магияның аса  маңызды нысандарының  бірі. Туды  таңдаулы  жауынгер,  не  қолбасшы  арнайы  таңдаған  адам  ұстаған. Оны  «туғашы»  деп

Тоғыз ту

Көшпелілер тарихында  «тоғыз  тулы»  деген  тіркес бар. Махмұт  Қашқари  түркі  мемлекетінің  ханы жері мен  халқының  көлеміне  қарамастан  тоғыз  тудан  асырмайды.  Тоғыз  санына  ерекше  мән  берген. Ханның 

Ту қандау

Қазақта  «ту  қандау»  деген  ғұрып  болған. Ел тағдыры, жер  тағдыры  сынға  түскен  шақта,  шешуші  шайқастың  алдында  ақ  боз  атты  құрбандыққа  шалып,  ақ  туға  оның  қанын  жаққан.

Қазақта  туды  сүймейді, ол –

Ғаламның екі үйі

Бүкіл  бір ғаламды  бір  үй  деп  аламыз. Үй  екі  бөлмеден  тұрады. Ішкі  үйді  шартты  түрде – Төретам  немесе  Көңіл  сарайы  деп  атаймыз. Ертегі мәтіндерінде үй айналасындағы  нәрселердің  барлығы кездеседі.

Сыртқы үй – көп

Үш қиян

Үш  қиян – «Қырымның  қырық  батыры» жырлар  циклінде ғана сақталған, тек  XIX-XX ғасырлардағы  Батыс  Қазақстандық  ақындардың шығармаларында қолданылған  атау.

1. Үш  Қиян  XIV-XVI  ғ.

Үш жүз

Үш  жүз түсінігі  XVII ғасырларда рулық-тайпалық, территориялық  ерекшеліктерге  байланысты қалыптасқан  басқару  жүйесі.

С. Қондыбай  «Үш  жүз»  туралы түсінікті  реконструкциялау арқылы көрсетеді.

Тоғыз саны

Қарап отырсаңыз, адам жанының саны тоғыз екен, ең жоғары билік иесінің тоғыз туы болуы тиіс. Түркі  халықтарының мифтік келтірілімінде «жеті жан» және «тоғыз жан» деген түсінік бар. «Тоғыз жан»  жөнінде  Едіге  Тұрсынов жүргізген екен. Олар – тын, сүне,

Қырық бір бөлмелі үй

Қырық бір  бөлмелі  үй. 

Қазақ  халқының  ауыз  екі  тіл  мен  фольклорлық  мәтіндерінде  кездесетін  «қырық»  және  «қырық  бір»  сөзі – көп  жағдайда  кез  келген  өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің, әрекеттің  т.б.)

Көкімбет

Көкімбет туралы аңыздың екі нұсқасы  бар. 

Біріншісі: Көкімбет деген мерген болыпты. Бір күні батырдың әйелі,оны қасиетті құсты әкелуге жұмсайды. Мерген құсты ұстап әкеледі. Бірақ әлдебір шаруамен жолға шығып кетеді. Пісіп тұрған

Ғаламдық жұмыртқа

Көптеген халықтар  мифінде  «ғаламдық жұмыртқа» ұғымы жиі кездеседі. Қазақ ұғымында  мифтік жұмыртқа туралы түсінік сақталмаған. Өйткені, қағазға түсірілген мәлімет жоқтың қасы. Жұм-ырт-қа  буындарының соңғысы көнетүркілік жұрнақ. Қазақ тілінде «жұм»

Әйелдер бейнесі

Әйелдің  мифтік  бейнелердің  барлығы – бір  бастаудан,  Ұлы  Ана  бейнесінен  өрбіп  шыққан  вариациялар екендігі,  оның  өзі  іс  жүзінде Нұрдың,  Ілкі  Төрдің  тірі  символы болып  табылады. 

Мифологиялық 

Ұмай

Билікөлдегі  жартастан  табылған  мына  суретті  Ұмай  деп  есептейді. Ұмай – дейтүркілік мифологиядағы  Ұлы  Ана  есімдерінің  бірі. Қазақ,  қырғыз  келтіріліміндегі  Ұмай  жас босанатын келіншектердің,  босану процесінің, жалпы  алғанда 

Нага - жылан басты әйел бейнесі

Қазақ тіліндегі «нағашы» сөзі адамның шеше жағынан болатын туыстықты білдіреді. Бірақ  осы сөздің астарын білеміз бе? «Нағашы» сөзінің көне мағынасы «арғы ана, әже»  дегенді білдірген, яғни тек әйелдерге қатысты атау болған. «Ажи» - жылан – баба, әже –

Тақырбас әйелдер культі

Нефертити – Египет билеушісі (фараоны) Эхнатоның сүйікті әйелі. Өз заманында Нефертити  құрбандық шалу, мінәжат ету және діни  мерекелерге күйеуімен бірге қатысып,Египеттің діни өмірінде  маңызды орын алды. Жоғарғы билікпен шексіз мүмкіндікке ие

Қам, Қама және Қамажай

«Қамажай» – қазақ  халқының  бес  мың жыл  бұрыңғы  тарихи  болмысын  бейнелейтін  би. Би адамдардың  күнделікті еңбек  процесіндегі  іс-әрекеттері,  өзін  қоршаған дүниеден  алған  сезім  әсерлерін қимыл қозғалыстар мен  ишаралар  арқылы

Қорқыт пен Апаллон

Қазақ мифологиясында Қорқыттың мифтік бейнесі тым күрделі. Соған қарамастан көптеген зерттеулер бар. Мифтік зерттеулері саусақпен санарлықтай. Әзірге бізге үшеуі таныс. Ол туралы жазған Олжас Сүлейменов, Зира Наурызбаева, С.Аязбекова.

Қожа Ахмет Иассауи

 Қожа Ахмет Иассауи – түркі руханиятының басты тұлғасы. Оның асатаяғының түскен жері – Маңғыстау, ол да қазақтың аса маңызды рухани орталығы. Қожа Ахмет Иассауи  шәкіртінің білімі мен көрегенділігін тексеру үшін терезеден өзінің  қасиетті аса таяғын лақтырып

Аңыз, әңгіме және мұрағаттар

Нұртөле туралы аңыз.

Ертеде бір елді ордалы жылан жайлап алып, адамдарын жеп құртуға айналыпты. Жыландардың үлкендігі сондай, біреуі бір үйді орап алады екен. Адамдарға уын шашып жібергенде еті ағып түсіп, сүйегі қалады. 

Жылқы қазақтың ең басты сипатқа ие жануары

Айдаһар,  жылан, жылқы

Жылқы – арғықазақтың  болмысында, оның  рухани  дүниесі  мен  дүниетанымында  ең  басты  сипатқа ие  тіршілік  иесі.  Қазақтың тіршілігінде,  тарихында, мәдениеті    мен  әдет-ғұрпында,  салт-дәстүрінде  жылқы  малының алатын  орны

Семсерге тағзым

  Семсер – шабатын, түйретін  қарудың  бір түрі. Ол қола  дәуірінде  пайда  болған. Семсер  культінің қалыптасуы  шамамен  б.з.д.1 мыңжылдықта  басталған. Қазақ ертегілерінде екі жүзді  шапқыш қару  бейнесі  жоқ. Аңыз  ертегілерде  қайқы  пішінді,

12