Шетпе күнi

2016 жылдың маусым айының 29 күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Шетпе селосының 50 жылдығына орай Түпқараған ауданы, Таушық аулында «Шетпе күні» мерекелік шарасы өтті. Осы шарада мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығынан жүрмелі көрме ұйымдастырылды. Көрмені мұражай директоры Р.Бердиева мен мұражайдың ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Қ.Балапанова алып барды.

Шараға қатысқандар: Таушық ауылының тұрғындары, Түпқараған ауданы әкімдігі мен мәдениет үйі қызметкерлері, Маңғыстау ауданы әкімдігінің  ұжымы, Мұражай директоры Р.Бердиева мен мұражай зерттеу жұмыстарының маманы Қ.Балапанова.

Мақсаты: 

-Аудан бойынша «Шетпе күні» мерей тойына үлес қосу

-С.Қондыбайдың өмірі мен шағармашылығына танымдық насихаттау жұмыстарын жүргізу

-«Шетпе күні» мерей тойына С.Қондыбайдың шығармаларынан мәлімет қосып, соны жүзеге асыру

Маңғыстау ауданы бойынша өнер, спорт, мәдениет қызметкерлерімен  мен қатар С.Қондыбай шығармаларына арналған жүрмелі көрмені Таушық ауылының тұрғындарына  таныстыру мақсатында мұражай  директоры Р.Бердиева мен мұражайдың ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Қ.Балапанова жүргізді. 

Жүрмелі көрме С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған  алты витринадан тұрады. Оған қоса «Панно», «Сақ дәуірі», «Шақпақ ата», 2-ші мифологиялық залдың эскиз суреттері бар. Сонымен қатар мифологиялық залдағы аңыз кейіпкерлерінің  шағын түпнұсқалары мен С.Қондыбайдың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

Түпқараған ауданы, Таушық аулының мәдениет үйі фойесіне көрме орналастырылды. Келуші қонақтар көрмемен таныстырылды. Көрмемен таныстыру жұмысын  Қ.Балапанова жүргізді.

Қорытынды:

- Түпқараған ауданы, Таушық ауылының тұрғындары С.Қондыбай  өмірі мен шығармашылығын насихаттады

- «Шетпе күні» мерей тойының бастамасына С.Қондыбай шығармашылығынан үлес қосты.

Оқылған саны: 294




Жаңа-Өзен қаласындағы 20 орта мектепке іс-сапар

2017 жылдың 03 наурызы күні музей қызметкерлері жоспар бойынша Жаңа-Өзен қаласындағы 20 орта мектепке іс сапармен жүрмелі көрме апарды. Көрмеде С.Қондыбай өмірі мен шығармашылық жолы, мифология залдарының эскиздік топтамаларымен

Шетпе тарихынан

Шетпе селосының 50 жылдық мерекесіне орай мұражайда "Шетпе тарихынан" тақырыбында көрме жасақталды. Көрмеде С.Қондыбайдың "Маңғыстау-нама" кітабынан "Шетпе атауы туралы" мақаласынан үзінді енгізілді. 

Сондай-ақ Шетпенің кұрылуы,

Менің елім-мәңгілік ел

Aудандық мәдениет үйінде Маңғыстау аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен "Менің елім-мәңгілік ел" атты жастар форумы өтті. Форумға қатысушыларға С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған жүрмелі көрме тамашалауға ұсынылды. Сонымен қатар Серікбол

Шетпе күнi

2016 жылдың маусым айының 29 күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Шетпе селосының 50 жылдығына орай Түпқараған ауданы, Таушық аулында «Шетпе күні» мерекелік шарасы өтті. Осы шарада мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Қондыбайдың өмірі