Музей түні

Мемориалдық мұражайда "18мамыр халықаралық музейлер күні" мерекесіне орай 17 мамырда "Музей түні" мерекелік шара өткізілді. 

Таңертең С.Қондыбай еңбектерінде талданған халық ауыз əдебиеті үлгілерінен үзінді оқу сайысы өткізілді. Жырларды жатқа айту сайысында аудан мектеп оқушылары арасынан 18 үміткер қатысты. 

Ə.Жангелдин атындағы орта мектептің оқушысы Лагербаев Ануар, Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп оқушысы Тасқара Қадірбек, Шетпе лицейінің оқушысы Алдабергенова Шұғыла, Онды орта мектеп оқушысы Есетқызы Рысжандар «Алпамыс батыр», «Ер Көкше», «Қобыланды батыр», «Ер Төстік», «Қарасай-Қази» жырларын жатқа айтып жүлделі орындармен марапатталып,кешке «Музей түні» мәдени  шарасына келуші қонақтарға  жырды жатқа айтып таң қалдырды.

Шараның  ашылу салтанатында аудан әкімі Ж.Айтуаров бастаған әкімшілік қызметкерлері,облыстық мұражай директоры Т.Қалмырзақызы  бастаған музей қызметкерлері және Бейнеу аудандық  мұражай қызметкерлері,Шетпе село тұрғындары қатысты.

Мұражай дәлізінде «Бақытын басынан тепкен адам» атты сахналық қойылым сәтті шықты және «Қамажай биі» орындалып, оның Серікбол көзімен талданған нұсқалары таныстырылды,сонымен қатар викториналық сұрақтар ойналды.

Мұражайдың сыртқы алаңында «Аңыздарға саяхат» атты суретшілер сайысы  және сол жерде келушілер үшін жайылған мерекелік дастархан аясында «Музей түні» мәдени шарасына белсенді қатысушылар марапатталып, қорытындыланды.

 

Жарияланған күні: 17 мамыр 2016




14 наурыз 2017

Серікбол және біз

23 қараша 2016

2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар

21 қазан 2016

С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

17 мамыр 2016

Музей түні

26 сәуір 2016

Серікбол əлемі