С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

Мемориалдық музейдің бір жылдығына орай "С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары" тақырыбындағы мәдени шараға сәулетші, ақын, драматург Сайын Назарбекұлы және облыстық мәдениет басқармасының бастығы Базарбаев Бекбол Таңатарұлы бастаған мәдениеттің, өнердің бір топ жанашырлары қатысты. 

Мәдени шараның бірінші бөлімінде "Ғаламның мифтік моделі" атты экспозициялық залдың ашылуы болды. 

Екінші бөлімінде музей қызметкерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда «Музей жұмысын ұйымдастырудағы жаңа жобаларды қолдану» атты баяндаманы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ғалия Шантемірова жасады. «Музей қоры жұмысының тиімді жолдары»  атты баяндаманы облыстық тарихи өлкетану музейінің қор бөлімі меңгерушісі Жадыра Кетеева оқыды. «Мемориалдық музей» директоры  Рима Бердиева  «С.Қондыбай музейінің алғашқы қадамдары» тақырыбында презентация көрсетіп,дөңгелек үстелді қорытындылады.  

Өлкетанушы  Отыншы Көшбаев және облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Жұмалиева музейдің алғашқы жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Музей залдарының тақырыптық экспозициялық жоспарын жасақтауға өз үлестерін қосқан философия ғылымының кандидаты,мәдениеттанушы Зира Наурызбаева,филология ғылымының кандидаты,Ш.Есенов  атындағы университеттің доценті Балкенже Ақбердиева,өлкетанушы,таңбатанушы Мұрат Ақмырзаевтардың еңбектері аталып өтілді.

 

Жарияланған күні: 21 қазан 2016




14 наурыз 2017

Серікбол және біз

23 қараша 2016

2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар

21 қазан 2016

С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

17 мамыр 2016

Музей түні

26 сәуір 2016

Серікбол əлемі