Серікбол Қондыбай кітаптары

1. «Маңғыстау географиясы» авт.С.Қондыбай. «Нұрлы әлем» Алматы 2008ж.

Оқу құралы жалпы білім беретін орта мектептердің 8-сынып оқушыларына Қазақстоанның физикалық географиясы курсын өту кезінде өз өлкесінің географиясын оқып үйренуге арналған. «Маңғыстау географиясы» жан-жақты толықтырылып, ғылыми-географиялық тұрғыдан ғана емес, тарихи материалдармен, картадиаграммалар, картограммалармен толықтырылған оқу құралы.

2. «Жауынгерлік рух кітабы» авт.С.Қондыбай. «Нұрлы Әлем» Алматы 2006ж.

Кітап 4 бөлімнен тұрады. Тақырыбының өзі-ақ бұрын беймәлім көп нәрсені аңдатқандай, мұнда қазақтың жауынгерлік әскери қару-жарақтары, әскери атақ-атаулары, шен – дәрежелері, ежелгі әскери-музыкалық аспаптары, соғыс өнері, әскери айла, ту, елтаңба және олардың түп негізі сөз болады.

3.  «Медет шежіресі»  авт..С.Қондыбай. «Арыс» алматы 2011ж.

«Медет шежіресі» С.Қондыбайдың аяқталмай қолжазба түрінде қалған еңбектерінің бірі еді. Кезінде авторға тарихи құжаттар мен материалдардың жеткіліксіздігі қолбайлау болғандығы сөзсіз. Дегенмен де ағасы Итібай Жантұрғанұлының берген мәліметтеріне сүйене отырып, барын саралап, біршама қызықты шежіре қалдырды.

4.  «Есен-қазақ» авт.С.Қондыбай. «Арыс» Алматы 2006ж.

Бұл еңбекте талантты ғалым орта ғасырларда біздің өлкемізде тірлік кешкен тайпалардың эпостық жырларын зерттеу арқылы өткен тарихымыздың көмескі тұстарына байыпты бағдар, терең талдау жасайды.

5.  «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» авт.С.Қондыбай. «Үш Қиян» Алматы 2003ж.

Бұл еңбек өткен дәуірлерде біздің өлкемізде тірлік кешкен тайпалардың эпостық жырларын зерттеу арқылы – өткен тарихымыздың көмескі тұстарына байыпты бағдар, терең талдау жасайды.

6.  «Маңғыстау жер-су атаулары» авт.С.Қондыбай. «Арыс» Алматы 2010ж.

Қысқа ғұмырында артына мол мұра қалдырған біртуар тұлға С.Қондыбай бұл еңбегінде Маңғыстау жер-су атауларына жан-жақты терең талдау жасайды. Он жылдан аса жинақтаған атаулар санын дәл атамағанмен, сол ороним, гидроним микротопонимдері саралай іріктеп, оларға қатысты екі мың екі жүздей сөздерге түсінік-анықтама берген.

7.  «Маңғыстау – Нама» авт.С.Қондыбай. «Арыс» Алматы 2006ж.

Ғалым халқымыздың бағзы мифологиялық таным-түсінігін, ойлау жүйесін қайта қалпына келтіре отырып, оны өлке тарихына қатысты географиялық, фольклорлық, лингвистикалық мәлімет-деректермен ұщтастырып, Маңғыстау мен Үстірт тариххының терең қатпарларына бойлайды, күні бүгінге дейін қасаң қағидаға бағынып келген күмәнді түйіндерді шешуге талпынады.

8. «Эстетика ландшафтов мангистау» авт.С.Қондыбай. «Арыс» баспасы Алматы 2005ж

Книга талантливого, безвременно ушедшего из жизни, молодого ученого и краеведа посвящена древней, овеянной легендами земле мангистау. Впервые научно обосновонно, географический и исторический убедительно поднимается вопрос о новой для региона отрасли – индустрии туризма, которое в недалеком будущем могла бы стать стимулом многих экономических и инфроструктурных приобразовании края, спасобствовала бы решению проблем занятости населения, возраждению национального прикладного искуства, а также сохранению окружающей среды и историко-археолгических объектов.

9. «Арғықазақ мифологиясы» 4 том. авт.С.Қондыбай. Алматы «Дайк-Пресс» 2004ж

Төрт кітаптың негізгі тақырыбы мынадай болып шықты: бірінші кітабымда – сөздің, яғни қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, байырғы мифтік танымды реконструкциялау жолдарын қарастыратын боламын, сондай-ақ, бұл кітапта мифтану арқылы тарихымыздың бас тапқы кезеңдерінің хронологиялық ретін, даму қаңқасын жасау мәселесі де қарастырылады.

Екінші кітапта – арғықазақтың аспани-жұлдыздық, күнтізбелік мифологияның мәселелері ғана қарастырылады.

Үшінші кітап екі үлкен: а) арғықазақ мифологиясындағы әйел бейнесі, б) арғықазақтағы жылан немесе айдаһар культі тақырыптарынан тұрады.

Төртінші кітап – жекелеген мифтік тақырыптарға арналған, кейбір жануарлық тотемдер, егіздер мифологиясы, семсер культі, т.б.тақырыптар бар.

10. «Қазақ мифологиясына кіріспе» авт.С.Қондыбай. «Зерде» баспасы Алматы 1999ж

Маңғыстаулық жас ғалым С.Қондыбаевтың бұл кітабы – сөзтану іліміне қосылып отырған құнды еңбек. Автор өз тұжырымдарына іргелі ізденістермен келген. Бұл қазақ мифологиясы, оның түп төркіні тұрғысындағы алғашқы қадам.

11. «Қазақ даласы және герман тәңірлері» авт:С.Қондыбай. «СаГа» баспасы Алматы 2006ж. 

Қазақтың дарынды ғалымы С.Қондыбайдың 2000-шы жылы жарық көрген кітабы ғылыми-көпшілік әдебиет жанрында жазылған герман-скандинав мифі мен эпосының әлмиссақ түрік негіздерін жан-жақты зерделеген еңбек болып табылады.  

Оқылған саны: 1033