Мұражай- тарих айнасы

Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда. 

Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражай саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік мұражай (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. 

Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 

1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Мұражайлар Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет мұражайлары мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық мұражай күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражай қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. 

Оқылған саны: 951




Ақтау қаласы "Орлеу"

Шебір кенті."Санамызды жаңғыртқан Серікбол" жүрмелі көрме

Ақтау қаласы № 22 орта мектеп жүрмелі көрме

Отпан жүрмелі көрмесі

Мұражай ішіне саяхат

Маңғыстау облысының әкімдігінің, мәдениет басқармасының «Мемориалдық мұражайы»

Мұражаймузей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды

Мұражай- тарих айнасы

Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының

Дөңгелек үстел

Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм

"Мұра" шығармашылық орталығының жетекшісі Демеубергенұлы Қожаxметтің С.Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмін түсіру сәтінен. 

Мұражайдың ашылуы