"Музей түні" үшінші жыл өткізілді

       Осы жылдың 18-мамыр куні С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда  "Музей түні" үшінші жыл өткізілді. Биыл да көрермендерімізге әсер қалдырғымыз келіп қызықты ойындар мен көріністер ұйымдастырдық. Жыл сайын осындай шараларымызды қалыс қалдырмайтын Шетпе тұрғындары тағы да жақсы көңіл күймен келді.

Музей алаңына қасиетті киіз үйдің керегелерін тігіп, сахна жасадық. Әдеттегідей алаңды безендіріп, көрермендерімізді бар ынтамызбен қарсы алдық. Екі жыл бойы С.Қондыбай шығармаларындағы мифологиялық кейіпкерлерді сомдап келген музей қызметкерлері биыл шеру жасады. Ұмай Ана, Күн Ана, Жел Ана, Жылан Ана, Мыстан кемпір, қытай патшайымы Хоу-Й, Айдаһар, Бақсы, Жын-пері, Ерен-Батыр көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар Серікбол Қондыбайдың жын, перілер туралы жазған аңыздарында кездесетін «Аттың қу басына көшіру» туралы көріністі ауыл тұрғындарының алдында қойып шықтық. Мектеп оқушылары арасында қазақтың қасиетті қара домбырасымен «Домбыра пати» ұйымдастырылып, күй тартылып, термелер айтылды. Кейін ата-аналар мен балалар бірігіп ойын ойнады. Барлық қатысушыларға музей атынан сыйлықтар таратылды.  

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 1946




23 қараша 2016

2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар

21 қазан 2016

С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

27 қыркүйек 2016

Құстар туралы аңыздарға саяxат

14 қыркүйек 2016

Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі

30 тамыз 2016

Ақ орамал

2 шілде 2016

Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді

1 маусым 2016

Бақытты балалық шаққа саяхат

30 наурыз 2016

Наурыз келді

14 наурыз 2016

Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

4 наурыз 2016

Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық

21 қаңтар 2016

Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер