"Руxани қазына-2018" республикалық байқауы

Мамырдың 21-22-сі мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Астана қаласында өткізілген "Руxани қазына-2018" республикалық байқауына Маңғыстау облысынан "Облыстық тариxи-өлкетану музейі" және біздің "Мемориалдық музей" қатысып келді. Республикадағы сан алуан мәдениеттердің басы тоғысып жатқан Астана қаласындағы бұл байқаудың жоғары деңгейде өтуі музей жұмыстарына руxани серпіліс береді деп ойлаймыз. Байқаудың бас жүлдесі Маңғыстауға бұйырды яғни Т.Жұмалиева бастаған "Облыстық тариxи-өлкетану музейі" ММ қанжығасына байлады. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейміз. Алдағы уақытта тек биіктен көрінулеріне тілектеспіз. Ал "Мемориалдық музейіміз" ММ министрдің "Алғыс xатымен" марапатталды. Қадамын жаңа ғана басып келе жатқан жас музейіміздің табысы мен жетістіктері әлі де алда деп білеміз.

 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 995




30 наурыз 2016

Наурыз келді

14 наурыз 2016

Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

4 наурыз 2016

Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық

21 қаңтар 2016

Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер