"Серікбол Қондыбай мұралары:әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас" атты халықаралық ғылыми теориялық конференция өтті

Облысымызда ғалым Серікбол Қондыбайдың  50 жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Конференцияға еліміздің және шет елдің ғалымдары, профессорлары қатысты. Бағдарлама бойынша 6-маусым конференцияның ашылу салтанаты болды. Онда Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театры  мифтік мазмұнда қойылыммен сахнаны ашып,  ғалымның шығармаларының жинағы бойынша «Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері» атты ғылыми энциклопедия мен «Рух жауынгері» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

Сөз кезегі облыс басшысы Ералы Тоғжановқа келгенде: «Небәрі 36 жыл ғұмырында жарық жұлдыздай жалт еткен Серікбол Қондыбай артына өшпес мұра қалдыратыны хақ. Құрыштай мығым төзіммен, болаттай берік сабырымен басқа түскен дауылға мойымай, ел-жұртына үлгі-өнеге берген тұлғалар аз болмаған. Бірақ солардың арасында қасаңдыққа айналған түсінім-таңбаларды қазбалап, күңгірт тартқан санаға сәуле түсіре алғандар саусақпен санарлық. Серікболды Алла Тағала жер бетіне ерекше миссиямен жіберген тұлға деп қарауға болатын шығар. Неге десеңіз, ғылыми кітапханасы да жоқ, ол кезде интернеті де жоқ болған шалғай ауылда төсекке таңылып ғылыми ортаны дүр сілкіндіру кез келгеннің қолынан келмейді. Осы конференцияда әлемдік ғылымның көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың шеті шығып, толғандырған сауалдардың жауабы алынатынына сенемін», - деді.

Конференцияға қазақ ғалымдарынан басқа Америка, Әзірбайжан, Түркия, Қытай, Ресей елінің мамандары да қатысты. Атап айтар болсақ ф.ғ.д. Қажыбек Ерден Задаұлы, ф.ғ.д. Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы, ф.ғ.д. Әнес Ғарифолла, профессор Ибраһим Дилек (Түркия,Анкара), ф.ғ.д. Замалиева Луиза Фирдусовна (Қазан), профессор, ф.ғ.д. Мустафа Өнер (Түркия, Измир), профессор, доктор Фикрет Түркмен (Түркия, Измир), PhD доктор Мухтарзаде Нуриде Забидқызы (Баку) және т.б

Конференцияға аудандағы мемориалдық мұражайдың мамандары «Серікбол Қондыбай және келесі ұрпақ» атты комикс және иллюстрациялар конкурсы жеңімпаздарының жұмыстарын көрме ретінде апарды.

2-ші күні, 7-маусымда конференция жұмысы Ш.Есенов университетінде жалғасты, онда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сакеев Руслан Кенесарыұлы мен Ш.Есенов атындағы КМТИУ проректоры Нұрмағанбет Ермек Талантұлы құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты ашылуын бастап берді. Конференцияға келген өзіміздің және шет елдің профессор ғалымдар жалпы дүниежүзілік мифологияның және С.Қондыбай шығармашылығындағы жаңаша көзқарастар туралы айтып, барлығы 30 баяндама оқыды. Соңында пленарлық отырыстың жабылуы болып, қорытыланды.

Ұйымдастыру алқасы конференцияның үшінші күні, яғни 8-маусымда қатысушыларды Түпқараған ауданы бойынша «Сұлтан епе», «Кенті баба», «Шақпақ ата» киелі орындарына сапарға шығарды. Жолдан «Отпан» тарихи-мәдени кешенімен танысып, аудандағы С.Қондыбай шығармашылығына арналған облыстық мемориалдық мұражайға келді. Мұражайды аралау барысында қонақтар залдарды қызығушылықпен аралап, алған әсерлерін 50 жылдыққа арнап ашылған тілек альбомына қалдырды.

Конференция соңында қонақтарға «Этно ауыл» демалыс орнынан қонақасы беріліп, С.Қондыбай бейітіне соғып, рухына құран бағыштап, зиярат етті.

Маңғыстау ауданы мемориалдық  

мұражайы қор сақтау бөлімі  

меңгерушісі Аманкелдиева Арай

 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 703




1 желтоқсан 2017

29.11.2017ж. музейде Қазақстан Республикасының "Тұңғыш Президенті" күніне орай шара өткізіліп, алғаш рет "КВЕСТ" ойыны ұйымдастырылып оқушылардың қатысуына мүмкіндік берілді.

16 қазан 2017

11.10 күні музейдің 2 жылдығына орай мерекелік шара өтті.

11 қазан 2017

"Желтоқсан жаңғырығы 30 жылдан соң" атты тақырыпта кездесу өтті

28 қыркүйек 2017

27 қыркүйек күні музейге Атырау қаласынан "Атырау облысы тариxи - өлкетану музейінің" қызметкерлері келді.

18 қыркүйек 2017

Рухани жаңғыру

18 қыркүйек 2017

Музейіміздің қос маманы

5 шілде 2017

"Астана- арман қала" атты шара

7 маусым 2017

7 маусым тәжірибе алмасу

2 маусым 2017

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Әлемнің сәні - балалар" атты шара болып өтті.

20 мамыр 2017

18мамыр күні МОМБ "Мемориалдық мұражайында" "музей түні" болып өтті.

19 мамыр 2017

Музейіміздің қос маманы күні

30 сәуір 2017

Серікбол әлемі атты конференция

16 сәуір 2017

14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.

25 наурыз 2017

Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

31 желтоқсан 2016

Жаңа 2017 жыл құтты болсын!

14 желтоқсан 2016

Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік

7 желтоқсан 2016

Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы

23 қараша 2016

2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар

21 қазан 2016

С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

27 қыркүйек 2016

Құстар туралы аңыздарға саяxат

14 қыркүйек 2016

Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі

30 тамыз 2016

Ақ орамал

2 шілде 2016

Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді

1 маусым 2016

Бақытты балалық шаққа саяхат