«Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» конференция

Маңғыстау облысының әкімдігі 2018 жылдың 6-8 маусымында  дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Серікболтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас»  тақырыбына халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, соңына қыруар ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым  Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның отандық ғылымдағы орынын айқындау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. С.Қондыбайдың лингвистикалық талдау әдіснамасы және әлемдік мифология мен тілдер қалыптасуының ортақ тамырлары

2. Мифтің мәдени жад формасы ретіндегі өзектенуі (мифтік бейнелер, сюжеттер, реконструкциялар).

3. С.Қондыбай мұраларындағы байырғы халық мәдениеті және Рухани жаңғыру

Конференция жұмысына ғалымдарды, өлкетанушыларды, докторанттар мен магистранттарды, ізденушілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, оқытушыларды, архив пен музей қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Конференцияда пленарлық, секциялық мәжілістер ұйымдастырылады.

Конференция баяндамалары 2018 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Конференцияның ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша  түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 130000, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы.

Факс: 8(72931) 52077. Е-mail: konbal55@mail.ru. Электрондық нұсқа міндетті.

Ұйымдастыру комитеті. 

Конференцияға қатысуға өтініш беру

  1. Тегі, аты-жөні
  2. Баяндама тақырыбы
  3. Мемлекет, қала
  4. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)
  5. Қызметі, ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы
  6. Мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта (e-mail)
 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 1770




16 желтоқсан 2020

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

15 желтоқсан 2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді

15 желтоқсан 2020

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.

10 желтоқсан 2020

"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы

3 желтоқсан 2020

ҚР Ұлттық валюта күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облысының әкімінің алғысы жарияланды

30 қараша 2020

Тұңғыш Президенті күні

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясын ұсынамыз

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

14 қазан 2020

«Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми – танымдық тұжырымдамасы» атты ғылыми жинағының жарыққа шықты

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау

17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

2 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов