«С.Қондыбайдың шығармаларындағы киелі сандар туралы» атты дөңгелек үстел өтті

2018-дың  сәуір айының  5-і күні «С.Қондыбайдың шығармаларындағы  киелі сандар туралы» атты дөңгелек  үстел өтті.

Қатысқандар:  80адам

1.Мұражай қызметкерлері;

2. мектеп оқушылар мен мұғалімдер;

3. Ауыл ақсақалдары;

4. Өлкетанушы Ш.Байпақов және Жәнібек Қожық;

Шараның мақсаты:

- С.Қондыбайдың киелі сандар туралы жазған шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау;

Қазақтың санасында киелі деп сенім білдіретін нәрселер көптен  көп . С.Қондыбай бұл жағынан да біраз мағлұмат берген. «Арғықазақ мифологиясы» кітабында ғаламнан бастап барлық заттың жаратылысын және сол заттарда киеліліктің де бір ұшқыны бар екендігін, олардың қайдан келіп жатқаны туралы да өз пайымдауымен зерттеулер жазған. Соның ішінде киелі сандарға тоқталып, басқа елдермен салыстырмалы түрде көп мәлімет берген. С. Қоныдбайдың киелі сандары туралы жазған шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ауыл ақсақалдарын шақырып, жастарға дөңгелек  үстел өткіздік.  Қатысушы қонақтардың қатарында өлкетанушы Ш.Байпақов бастаған ауыл ақсақалдары және аудан мектептерінің 9-10 сынып оқушылары болды. Ш.Байпақов киелі сандарға байланысты оқушыларға үлгі боларлық дәріс оқыды. Тәрбиелік маңызы бар , біліп жүруге тиісті нәрселерден жұмбақтар жасырып , уақыттың тиімділігі мен денсаулықтың маңыздылығы туралы құнды мағлуматтар берді. Музей директоры Р.Бердиева С.Қондыбайдың зерттеулеріндегі киелі сандардың ерекшеліктері туралы дәріс оқыса, музей маманы З.Изимова С.Қондыбайдың басқа елдермен  салыстырмалы түрде жүргізген зерттеулерінен мағлұмат берді. Оқушылар белсене қатысып, музейдің атынан берілген кітаптарды сыйға алды. Сонымен қатар өздерінің және жолдастарының атынан алғыс білдірді. Жиын соңында Ш.Байпақов жастарға батасын беріп, оқушылармен бірге музей алдына жас көшеттер отырғызды.

Мұражай директоры: Р.Бердиева

Ақпарат хат иесі: М.Доғалова

 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 900




30 наурыз 2016

Наурыз келді

14 наурыз 2016

Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

4 наурыз 2016

Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық

21 қаңтар 2016

Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер