«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Бүгін сіздерге «Ұлылар Серікбол туралы» атты айдарымызды ұсынамыз. Бұл жерде халық жазушыларының, қоғам қайреткерлерінің, ғалымдардың, профессорлардың, ақын-жазушылардың Серікболдың ғылыми еңбектеріне бағасын беріп, айтқан пікірлері, ой толғаулары бар. Солардың бірі Әбіш Кекілбаев, Мұрат Әуезов ағаларымыздың ой-толғауларын ұсынамыз. Айдарымыз ары қарай жалғасын табады...
Бір кездегі адамзатты универсум, табиғатты универсум деп қабылдаған. Қазір бүкіл ғаламды универсум деп қабылдайтын универсиялық көзқарас, универсиялық зерлер құрып кеткеніне бірнеше ғасыр болған еді. Мынау ХХ ғасырда, миркомирді зерттейтін дәл ғылымдар ашылып жатқан кезде, әдебиеттің өзі микророман, микросимфония сияқты ұсақ-ұсақ дифференсацияға кеткен кезде, гуманитарияда бұндай универсализмнің қайтадан жарқ етіп көрінуі кім-кімді болса да таң қалдыратын құбылыс еді. Яғни осы құбылыстың қазақ табиғатында шығуы біздің қай-қайсымызды да қатты таң қалдыру керек деп есептеймін.
Дәл ғылымда да, гуманитариялық ғылымда да бір кіндік тақырыптар, кіндік жанрлар, соны ысытып шығаратындай кіндік нысандар болады. Меніңше, Серікбол тақырыбы талантына лайық осындай жер ядросының үстінен дәл түскен бұрғылау сияқты қазіргі әлеуметтік сананың ең уыз мейіріне бірден түсетін ракурс тапқан, өте сәтті жолы болған ғалым деп есептеймін. Соған байланысты, әуелі өлкентану ретінде басталған зерделемесі кейін ұлттануға, одан түркітануға, ұласа келіп, қазір жалпы адамзат тануға айналатын үлкен серіппелі зерттеу тастап кетті.
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ
Халық-жазушысы,мемлекет және қоғам қайраткері.
«Серікбол Қондыбай - әруақты адам. Оның қалдырған мұрасына жүйелі түрде баруымыз керек. Бұл біздің санамызға қажет. Серікболдың шығармашылығы ХХ-ХХІ ғасырдағы қазақ тіршілігімен біте қайнасқан.
Бұл ұлттық сана-сезімнің үлкен жеңісінің бастауы. Оның бірде-бір еңбегі кездейсоқ емес, бірімен-бірі байланысты, бір жүйе элементтері, біртұтас дүние. Оған тиянақты зерттеулер арқылы баруымыз керек, сонда ғана жұмбағын ашамыз. Серікбол арқылы қазақ жаңа ұлттық деңгейге көтеріліп жатыр. Ол адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан даусыз ұлы азамат.»
Мұрат ӘУЕЗОВ
Ғалым, мәдениеттанушы.
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
16 желтоқсан 2020
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
15 желтоқсан 2020
Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді
15 желтоқсан 2020
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.
10 желтоқсан 2020
"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы
03 желтоқсан 2020