Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

Абай – ойшыл. Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді.Мәнді де мағыналы 45 қара сөзі бар.

Соның бірі жетінші қара сөзі. Бұл жерде Абай жалпы адам баласы өмірге түрліше келетінін сонымен қатар адам да тән мен жан құмарының болатынын сипаттайды. Тән құмары деп отырған жалқаулық, еріншектікті сипаттайтын іспетті. Демек бұл қатардағы адамдар ішсем, жесем, ұйықтасам дейді екен. Сонымен қатар ішпесе жемесе адам қуатталмайды яғни жан мен тән егіз дегендей. Екіншісі жан құмары бұл өмірде білсем, көрсем деп көрінгенге қызушылығы. Яғни адам өмірінде жақсыны көрмек, жақсылыққа ұмтыл дегенге саяды. Адамды жаратқанда бар және жоқ дүниеге қызу соған ұмтылу бұл адамның адамдық белгісі. Дүниенің көрінген хәм көрінбеген сырын түгелдеп білмесе, адамдылықтың орны болмайды деген тұжырымға келеміз.

Данышпан Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет. 

Жарияланған күні: 12 тамыз 2020Оқылған саны: 332




17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

2 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов

12 тамыз 2020

Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

31 шілде 2020

Ғалым Отарбаевтың шығармалары

23 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

18 шілде 2020

"Музейдегі бір жәдігер" айдары

11 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

2 шілде 2020

Серікбол Қондыбайдың еңбектеріндегі Маңғыстаудың тарихи-мәдени кеңістігі

23 маусым 2020

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

18 маусым 2020

С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.

17 маусым 2020

Жеті кәміл пір. ("Арғықазақ мифологиясы" І том 264-269 бет)

11 маусым 2020

Бәйті кешені және валгалла.

1 маусым 2020

Бүгін 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні.

31 мамыр 2020

Музейіміздің суретшісі Ертис Ещановтың шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз.

29 мамыр 2020

С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей ауласына саяхат жасайық.

17 мамыр 2020

Дайындаған: Досан Сағынтай

15 мамыр 2020

Лекцияны оқыған Карагулова Лаззат

9 мамыр 2020

Серікбол Қондыбай еңбектерімен жете танысқан еліміздің және шет елдік суретшілердің

7 мамыр 2020

Серікбол Қондыбай музейі ұжымы баршаңызды Отан қорғаушылар күні

29 сәуір 2020

Филология ғылымдарының кандидаты

28 сәуір 2020

Серікбол шығармаларының басқаларға ұқсамайтын жаңа қыры

23 сәуір 2020

"Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша