Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл.

Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:

• Теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.

• Практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фикһ, кәләм ғылымдарын жатқызған.

Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Музыка туралы үлкен трактат», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», т.б.

Әл-Фараби «білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғанга рухани сауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді» деп ескертеді.

Әл- Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемелекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. 

Жарияланған күні: 25 қыркүйек 2020Оқылған саны: 83




19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау

17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

2 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов

12 тамыз 2020

Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

31 шілде 2020

Ғалым Отарбаевтың шығармалары

23 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

18 шілде 2020

"Музейдегі бір жәдігер" айдары

11 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

2 шілде 2020

Серікбол Қондыбайдың еңбектеріндегі Маңғыстаудың тарихи-мәдени кеңістігі

23 маусым 2020

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

18 маусым 2020

С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.