Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

2016 жыл 14  наурызда С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда Серікбол  Қондыбайдың туған куніне орай «Аса зерек ой-иесі Серікабол Қондыбай» атты  Серікболтанушылардың дөңгелек үстелі  өтті. 

Қатысқандар: 1. Ғалымдар.2.Серікболтанушылар.

1. Оңайгүл Тұржан – ақын, ф.ғ.к.,Серікболтанушы, ғалым.

2. Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымының докторы.

3. Баязи Әбдешов – Атырау облыстық баспасөз басқармасының өкілі.

4. Ермек Адаева – Н.Назарбаев университетінің аға оқытушысы,  тренер.

5. Нағбду Қамарова – Ш.Есенов атындағы ЖОО-ның проректоры.

6. Айым Комесова - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының  аға оқытушысы.

7. Ерболат Қаменов - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының  аға оқытушысы.

8. Қарлығаш Құрманғалиқызы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының  аға оқытушысы.

9. Мұрат Ақмырзаев – Серікболтанушы.

10. Балкенже Ақбердиева – Серікболтанушы.

11. Балсұлу Қондыбай – Серікболтанушы.

Келушілерге мұражайдағы «Серікбол феномені»  атты №2 залға Макашова Алтынай, экспозициялық №3 залға Изимова Зинаида экскурсия жүргізілді.  Қатысушылар, ғалымдар аса зор ынтамен тыңдап өздеріне қажетті көптеген сұрақтарын қойды.

 ІІ бөлімі Конференц залда өтті. Қатысушылар атынан бірінші сөзді Оңайгүл Тұржан: «Бүгінгі күні мифологияда Серікболдың ісін жалғастырудағы өз ізденістері туралы айтып өтті» 

Ш.Есенов  университетінің проректоры Н.Қамарова: «Болашақта университеттің жаратылыстану бағынтындағы факультеттер мен мұражай байланысын  нығайтуға, бағыттауға ықпал ететінін айтты».

 Филолог, ғалым Ж.Әскербекқызы : «Серікболдың ғылыми еңбектеріне жоғары баға беріп, ғылым үшін және өз ізденістері үшін мұражаймен тікелей байланыста болатынын айтып өтті».  Атырау облыстық баспасөз басқармасының өкілі Б.Әбдешов: «С.Қондыбайдың ғылыми еңбектерін  халыққа насихаттау бағытында өздеріне мақсат еткен мұражайдың жұмысына оң баға берді. Болашақта баспасөз беттерінде  Серікбол туралы, мұражай туралы мақалаларды жариялау керектігін айтты және өзімен тығыз  байланыста болуға шақырды». Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының  аға оқытушысы Қ. Құрманғалиқызы: «Жоғарғы оқу орындарында Серікболдың еңбектерінен ғылыми  дисертация, дипломдық жұмыстарына тақырыптар ұсынуды сұрады».

 Серікболтанушы  Б. Қондыбай: «С. Қондыбайдың еңбектері туралы пікірлердің аздығын айтты. Ғылымның  осы саласы бойынша ізденушілерге осы мұражай көп көмектесе алатынына сенімі мол және осы қатысушы ғалымдарды мұражай мен тығыз байланыс жасауға шақырды».

 Кездесуді  мұражай директоры Р.Бердиева қорытындылады: «Мұражайдың болашақтағы жұмыс бағыты айтылды, Серікбол туралы ғылыми ізденістерді, жаңалықтарды алуға әрқашанда дайын және мұражай қызметкерлерімен  ғалымдарды  бірлесіп жұмыс жасауға шақырды». Сөз соңында филология ғылымының докторы Ж.Әскербекқызына,  С.Қондыбайдың  еңбектіріне іздену бағытында табыс тілеп естелікке сый кітабын ұсынды.

 Нәтижесінде:

1. Дөңгелек үстелге қатысушылар С.Қондыбайдың  өмірі, шығармашылығына арналған мұражай залдарымен танысып көптеген мағлұматтар алды.

2. Ғалымдар С.Қондыбайдың кітаптарындағы жекеленген тақырыпарға өздерінің ізденістерінен пікірлер айтты.

3. Мұражай жұмысына өз ұсыныстарын білдірді.

4. Мұражай қызметкерлері болашақта ғалымдармен  әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасауға шақырды.

 Ғалымдар  кездесу соңында естелік кітабына өздерінің қол таңбаларын қалдырды. 

Жарияланған күні: 14 наурыз 2016Оқылған саны: 2054




23 қараша 2016

2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар

21 қазан 2016

С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары

27 қыркүйек 2016

Құстар туралы аңыздарға саяxат

14 қыркүйек 2016

Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі

30 тамыз 2016

Ақ орамал

2 шілде 2016

Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді

1 маусым 2016

Бақытты балалық шаққа саяхат

30 наурыз 2016

Наурыз келді

14 наурыз 2016

Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

4 наурыз 2016

Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық

21 қаңтар 2016

Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер