Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
2016 жыл 14 наурызда С.Қондыбай атындағы мемориалдық
мұражайда Серікбол Қондыбайдың туған
куніне орай «Аса зерек ой-иесі Серікабол Қондыбай» атты Серікболтанушылардың дөңгелек үстелі өтті.
Қатысқандар: 1. Ғалымдар.2.Серікболтанушылар.
1. Оңайгүл Тұржан – ақын, ф.ғ.к.,Серікболтанушы, ғалым.
2. Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымының докторы.
3. Баязи Әбдешов – Атырау облыстық баспасөз басқармасының өкілі.
4. Ермек Адаева – Н.Назарбаев университетінің аға оқытушысы, тренер.
5. Нағбду Қамарова – Ш.Есенов атындағы ЖОО-ның проректоры.
6. Айым Комесова - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының аға оқытушысы.
7. Ерболат Қаменов - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының аға оқытушысы.
8. Қарлығаш Құрманғалиқызы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының аға оқытушысы.
9. Мұрат Ақмырзаев – Серікболтанушы.
10. Балкенже Ақбердиева – Серікболтанушы.
11. Балсұлу Қондыбай – Серікболтанушы.
Келушілерге мұражайдағы «Серікбол феномені» атты №2 залға Макашова Алтынай, экспозициялық №3 залға Изимова Зинаида экскурсия жүргізілді. Қатысушылар, ғалымдар аса зор ынтамен тыңдап өздеріне қажетті көптеген сұрақтарын қойды.
ІІ бөлімі Конференц залда өтті. Қатысушылар атынан бірінші сөзді Оңайгүл Тұржан: «Бүгінгі күні мифологияда Серікболдың ісін жалғастырудағы өз ізденістері туралы айтып өтті»
Ш.Есенов университетінің проректоры Н.Қамарова: «Болашақта университеттің жаратылыстану бағынтындағы факультеттер мен мұражай байланысын нығайтуға, бағыттауға ықпал ететінін айтты».
Филолог, ғалым Ж.Әскербекқызы : «Серікболдың ғылыми еңбектеріне жоғары баға беріп, ғылым үшін және өз ізденістері үшін мұражаймен тікелей байланыста болатынын айтып өтті». Атырау облыстық баспасөз басқармасының өкілі Б.Әбдешов: «С.Қондыбайдың ғылыми еңбектерін халыққа насихаттау бағытында өздеріне мақсат еткен мұражайдың жұмысына оң баға берді. Болашақта баспасөз беттерінде Серікбол туралы, мұражай туралы мақалаларды жариялау керектігін айтты және өзімен тығыз байланыста болуға шақырды». Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің филология кафедрасының аға оқытушысы Қ. Құрманғалиқызы: «Жоғарғы оқу орындарында Серікболдың еңбектерінен ғылыми дисертация, дипломдық жұмыстарына тақырыптар ұсынуды сұрады».
Серікболтанушы Б. Қондыбай: «С. Қондыбайдың еңбектері туралы пікірлердің аздығын айтты. Ғылымның осы саласы бойынша ізденушілерге осы мұражай көп көмектесе алатынына сенімі мол және осы қатысушы ғалымдарды мұражай мен тығыз байланыс жасауға шақырды».
Кездесуді мұражай директоры Р.Бердиева қорытындылады: «Мұражайдың болашақтағы жұмыс бағыты айтылды, Серікбол туралы ғылыми ізденістерді, жаңалықтарды алуға әрқашанда дайын және мұражай қызметкерлерімен ғалымдарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды». Сөз соңында филология ғылымының докторы Ж.Әскербекқызына, С.Қондыбайдың еңбектіріне іздену бағытында табыс тілеп естелікке сый кітабын ұсынды.
Нәтижесінде:
1. Дөңгелек үстелге қатысушылар С.Қондыбайдың өмірі, шығармашылығына арналған мұражай залдарымен танысып көптеген мағлұматтар алды.
2. Ғалымдар С.Қондыбайдың кітаптарындағы жекеленген тақырыпарға өздерінің ізденістерінен пікірлер айтты.
3. Мұражай жұмысына өз ұсыныстарын білдірді.
4. Мұражай қызметкерлері болашақта ғалымдармен әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасауға шақырды.
Ғалымдар кездесу соңында естелік кітабына өздерінің қол таңбаларын қалдырды.
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
16 желтоқсан 2020
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
15 желтоқсан 2020
Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді
15 желтоқсан 2020
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.
10 желтоқсан 2020
"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы
03 желтоқсан 2020