Бала кезден басталса

Бала кезден басталса

Маңғыстау газеті,04-маусым-1993 ж.

«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Жас ұрпақтың табиғатты қорғауға тәрбиелеу балабақшадан, мектептен басталады. Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жеткіншіктерге экологиялық тәрбие мен білім беру – олардың дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта дайындалған Серікбол Қондыбайдың «Бала кезден басталса» атты мақаласынан үзінді ұсынамыз.

....«Экология» деген сөзді жиі қолданып жүргенімізбен, оның құлаққа әбден сіңісті болып кеткенімен мән-мағына, байыбына әлі жете қоймағанымыз ақиқат. Оған өткен заман да кері әсер еткен болар, бірақ ең бастысы – осы сөздің, ұғымның айналасындағы мәселелердің қаншалықты екендігін түсінбеуіміз. Айта кету керек, баспасөз бетінде жиі пайдаланылатын осы сөз табиғаттың ластануы мен бұзылуы дегенді білдірмейді. Экология - өлі табиғат пен тірі табиғаттың, адам қоғамының ішкі өмір сүру тәртібі, өзара тығыз байланыс нәтижесінде қалыптасқан тепе-теңдік, өзара қажеттілік. Сәл өзгеріс болашақтағы үлкен сапалық өзгертудің басы болмақ, аталмыш ғылым осы қажеттілік, заңдылық, тепе-теңдікті зерттейді.

Мектеп бағдарламасында экология мен табиғат қорғау тақырыбы бұрыннан да бар. Дегенмен, ол көбіне бізден алысырақ өлкелерді сипаттаумен шектеліп келгенін жоққа шығармаймыз. Биылдан бастап замана талабына сай география пәнінде өлке табиғатына, жалпы географиясына ерекше көңіл бөліне бастады. Бұрынғы бір сағаттың орнына енді бір тоқсан бойы Маңғыстау географиясын оқытып отырмыз. Экология, қоршаған ортаға байланысты мәселелер бүкіл курстың бойына ендірілген, яғни, әрбір сабақ осылармен қорытындырылады. Мұндағы өзекті жай: «өз ауылындағы аталмыш проблемаларды білмейінше, оны қалай шешудің жолдарын ойластырмайынша елдің, бүкіл жердің табиғатына деген бейғам көзқарасты өзгерту мүмкін емес».

Экологиялық тәрбие беру мына бағыттарға бөлініп оқытылады. Бірінші, климаттық, жер бедерінің, тіршілік иелерінің Маңғыстау жеріндегі өмір сүру заңдылықтарын білуге ұмтылу. Шөл даладағы өсімдіктер мен жануарлар экологиясын білмейінше оған адамның тигізетін әсері жөнінде білу мүмкін емес.

Екінші, адамның қандай әрекетінің табиғи ортаға кері әсер беретіндігі. Біздің малшылығымыз, аздаған егіншілігіміз, кәсіпорындарымыз бен кен орындарымыздың қандай табыс пен зардап әкеліп отырғандығы айтылады. Үшінші, адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықтарды бәсеңсіту, зиянды кәсіптерді, әрекеттерді алмастыру мәселесі қарастырылады. Төртінші, табиғатқа деген тоғышырлық, мәңгүрттік көзқарасты өзгертуге ұмтылу. Ол үшін Маңғыстаудың сырт көзге сұрқай, көңілсіз көрінісінен әдемілік пен өзіндік ерекшеліктерді іздеп табу, көре білу, кеңінен насихаттау. Онсыз айналамыздағы «көрінбейтін өмірді» түсінуіміз мүмкін емес. Ал табиғат әрқашан да қателік үшін кек алады.... 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 147




12 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты мәдени кеші

7 наурыз 2018

«Көктем аруы» атты сайысы

6 наурыз 2018

«Серікбол әлемі» атты конференциясы болып өтті

6 наурыз 2018

«Аяулы анашым» атты мерекелік шара болып өтті

1 наурыз 2018

«Алғыс айту міндет» атты шара өтті

28 ақпан 2018

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен өткізілген шара

20 ақпан 2018

«Туған өлке ғажайыптары» атты шара өткізілді

14 ақпан 2018

«Біз музейдің достарымыз» атты танымдық шара болып өтті

30 қаңтар 2018

«Маңғыстау құдықшылары» атты тәрбие сағаты

23 қаңтар 2018

Хабарландыру!

12 қаңтар 2018

«Үміт шырғалаңы» қоғамдық қорымен біріккен қайырымдылық шарасы өтті

1 қаңтар 2018

Жаңа жыл құтты болсын!

16 желтоқсан 2017

"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай музей тағы да жаңалықтарымен бөліскелі отыр.

1 желтоқсан 2017

29.11.2017ж. музейде Қазақстан Республикасының "Тұңғыш Президенті" күніне орай шара өткізіліп, алғаш рет "КВЕСТ" ойыны ұйымдастырылып оқушылардың қатысуына мүмкіндік берілді.

16 қазан 2017

11.10 күні музейдің 2 жылдығына орай мерекелік шара өтті.

11 қазан 2017

"Желтоқсан жаңғырығы 30 жылдан соң" атты тақырыпта кездесу өтті

28 қыркүйек 2017

27 қыркүйек күні музейге Атырау қаласынан "Атырау облысы тариxи - өлкетану музейінің" қызметкерлері келді.

18 қыркүйек 2017

Рухани жаңғыру

18 қыркүйек 2017

Музейіміздің қос маманы

5 шілде 2017

"Астана- арман қала" атты шара

7 маусым 2017

7 маусым тәжірибе алмасу

2 маусым 2017

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Әлемнің сәні - балалар" атты шара болып өтті.

20 мамыр 2017

18мамыр күні МОМБ "Мемориалдық мұражайында" "музей түні" болып өтті.

19 мамыр 2017

Музейіміздің қос маманы күні