Елорда төрінде Серік Қондыбай мұралары таныстырылды.

2019 жылдың 28 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырыуымен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция, дүниежүзілік мифологиялық мектептердің теориялық негіздері және идеяларын, тақырыптары мен мысалдарын салыстыра зерттеп реконструкциялау негізінде «Арғықазақ (дей-түркі) мифологиясының» негізін қалаған, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы демократиялық ой-толғаулар мен жаңа тұжырымдар ұсынған мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналды. Конференцияға республикамыздың атақты ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, Түркия, Ресей, АҚШ мемлекеттерінен мифология, философия, тарих, этнология, археология, өркениет тану салаларының ғалымдары мен музей зерттеушілер орталығының арнайы шақырылған 200 үстінде қонақтар мен ғылыми орта қатысты. Конференция барысы - «Күнтекті қаһармен» деректі фильмі, «Қазақстан» ТРК «Балапан» арнасы дайындаған «Айдар» және «Қоңырқаз» анимациялық мультфильмінің көрсетілімінен басталып, С.Қондыбай шығармалары бойынша дизайнер Тәрбие Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлер шеруі» атты дефилесінің тұсаукесеріне ұласты. Жиналған қауым аталған екі көрсетілімге дән риза болып, алған әсерлерін овациямен білдірді. Сөз басын облыс басшысы Ералы Тоғжановтың арнайы құттықтауын жеткізіп, конференция қатысушыларына сәттілік тілеген облыстық ардагерлер төрағасы Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы бастады. Конференция тізгінін Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ҚҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ұстады. Ғылыми конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:

Серікбол Қондыбайдың еңбектері және мифология құбылысы;

Ұлы дала құндылықтары және таным сабақтастығы.

Шетелдік ғалымдар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар Түркие елінің Эгей университетінің профессоры Мұстафа ӨНЕР, РФ, Чуваш республикасының мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әлемдік түркітанушылар ассоциациясының төралқа мүшесі Николоай ЕГОРОВ, РФ Башқұртстан Республикасының Ғылым академиясы Уфа федеральдық зерттеу орталығы тарих, тіл және әдебиет институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Фирдаус Хисамитдинова және т.б. қатысты. Солардың бірі Висконсин-Мадисон университетінің профессоры және Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының жетекшісі, PhD (АҚШ) Юлай Шамилоглу баяндама жасап, Назарбаев университетіндегі «Қазақ мифологиясы» ашылып, Серікбол Қондыбай шығармалары негізге алынып оқытылатынын айтты. «Мені қуантатыны Серікболдың шығармаларына ден қойған әлі де бізге белгілі емес жас ғалымдардың өсіп келе жатқандығы. Еуразия ұлттық университетінің базасында бар Серікбол ілімін әлемдік ғылыми айналымға енгізуге толық мүмкіндіктің барлығы. Ендігі мақсат қазақ мифология туралы еңбектердің шетел тілдеріне аударылып, ұлттар мен халықтар мәдениетін жақындастырып насихаттау» - деді ғалымның апасы Балсұлу Қондыбай. Конференцияның жалғасы секциялық отырысқа ұласып, ғылми пікірталас түрінде өтіп, келгендер мифлогияның қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелерін қызу талқылады. Отырыс соңында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 66




21 қаңтар 2021

Музей мамандары Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

1 қаңтар 2021

Серікбол туралы сөз болғанда...

31 желтоқсан 2020

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

23 желтоқсан 2020

«Қолжетімді мұражай: экскурсиялық қызметтегі инновациялар»

16 желтоқсан 2020

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

15 желтоқсан 2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді

15 желтоқсан 2020

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.

10 желтоқсан 2020

"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы

3 желтоқсан 2020

ҚР Ұлттық валюта күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облысының әкімінің алғысы жарияланды

30 қараша 2020

Тұңғыш Президенті күні

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясын ұсынамыз

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

14 қазан 2020

«Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми – танымдық тұжырымдамасы» атты ғылыми жинағының жарыққа шықты

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау