Хабарландыру!

2018 жылы қазақтың мифологиясын зерттеген өлкетанушы С.Қондыбай (1968 - 2004жж) 50 жасқа толар еді. Осыған орай Маңғыстау облысында, С.Қондыбайдың 50 жылдығына орай арналған Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасымен Шетпе селосында орналасқан мемориалдық музейдің бірігуімен конференция өткізіледі (2018 жыл, сәуір айы). Конференция шеңберінде
1. Танымалдылыққа ие болған жанрлардың бірі комикстерге байланысты "С.Қондыбай және келесі (next) ұрпақ" атты Республикалық комикс және иллюстрациялар конкурсы және
2. Мифология тақырыбындағы "Мифтік бейнелер" атты облыстық қуыршақ көрме-конкурс өткізілгелі отыр.

Конкурсқа қатысатын үміткерлер төменде берілген конкурс ережелерімен (екі тілде)  таныса аласыздар.

Ғалым-мифолог Серікбол ҚОНДЫБАЙДЫҢ  50-жылдығына арналған «Серікбол Қондыбай және келесі (next) ұрпақ» Республикалық комикс және иллюстрациялар конкурсы Қағидалары


  2018 жылы қазақ мифологиясын зерттеуші Серікбол ҚОНДЫБАЙ 50 жасқа толатын еді, ол апаттан алғаң жарақаты бойынша соңғы 9 жылын мүгедек арбасына таңылған күйде өткізіп, 36 жас қана өмір сүрді. Осы тән азабымен өткен тоғыз жылда Серікбол мифология, лингвистика, тарих, география ғылымдарының өзара ұштасу аймағындағы он бес том төңкерістік зерттеулерін жазып, мұраға қалдырды. Оның шығармашылық мұрасын ғалымдар да мойындады, оның шығармашылық желілері бойынша поэмалар, суреттер, пьесалар дүниеге келді. Серікболдың өзі әдебиет пен өнерде өзі реконструкциялаған дей-дей түркілік мифологиясының қазіргі көпшілікке мәлім грек, семит, герман және басқа да мифологиялар сияқты танымал болатынына сенді. 

Қазіргі заманғы көпшілікке, әсіресе жастарға мәлім жанрдың бірі - комикс. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы және Шетпе ауылындағы Мемориалдық музейі өткізгелі отырған «Серікбол Қондыбай және келесі(next) ұрпақ» конкурсы 2018 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін жүргізіліп, Серікболдың өмірі мен шығармашылығын комикс формасында бір арнаға тоғыстыру, оқырман ізбасарларының жас ұрпағын қызықтыру және оларды С.Қондыбайдың ғылыми еңбектерімен таныстыру және оқуға тарту мақсатын ұстанады. 

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
  • жасөспірімдердің, жастардың және педагогтер мен суретшілердің шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігін дамыту;
  • С.Қондыбай шығармашылығы арқылы қазақ мәдениеті мен әдебиетін және мифологиясын тереңдете зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;
  • Конкурс материалдары бойынша комикстер жинағын баспадан шығару.
  1. Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа қатынасатын авторлар мен авторлық ұжымдарға жасы бойынша шектеу қойылмайды. 

3. Конкурс номинациялары:

а) С.Қондыбай шығармашылығына ең үздік бейімделу.

б) Үздік авторлық сюжет.

в) Иллюстрациялар сериясы.

Ұйымдастырушылар Конкурс қорытындысын шығару кезінде қосымша номинациялар белгілеу құқын да пайдаланады.

4. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

· Конкурстық жұмыстар өз бетінше еркін сипатта болуға тиісті.

· Конкурстықжұмыстартаңдалғанноминацияға сай болуы қажет.

  • Ұйымдастырушалар көркемдік стилдерді шектемейді.
  • Жұмыс аяқталған көркем шығарма болуы қажет. Ең көп көлемі – 15 парақ.
  • Жұмыстар саны бір автор үшін де, авторлар ұжымы үшін де шектелмейді.
  • Конкурс қағидаларына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.
  • Жіберілген конкурстық жұмыстарға пікір берілмейді және олар қайтарылмайды.


5. Жұмыстарды рәсімдеу талаптары:Конкурстық жұмыстар ақпараттары қағаз немесе  электрондық тасымалдағыштарда (cd-диск, флэш-карта) тікелей немесе электрондық пошта арқылы келесі пошта адрестеріне: 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан. Маңғыстау облысыныңғ мәдениет басқармасына және электрондық пошталарға konbal55@mail.ru. ,kultura@mangystau.gov.kz 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберіледі.

Конкурстық жұмыстарға қосымша ақпараттық(Автордың тегі, аты-жөні, жұмыс орны немесе оқу мекемесінің атауы, номинация атауы, толық үй адресі мен телефоны, электрондық поштасы көрсетілген) бетше тіркеледі.

Қосымша ақпаратты 8 778 431 4625 телефонынан алуға болады.

Электрондық суреттер –jpeg форматында, сызықтық өлшемі әрбір жағы бойынша 1 - 2 мың пиксель, 200 dpiболғанда 12,5 см-ден 25 см-ге дейін болуы керек.

6. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • Сонылығы, дара, өзіндік ерекшелігі;
  • Композициялық құрылымы;
  • Таңдалған сюжетке сәйкестігі;
  • Орындау сапасы;
  • Тақырыптыашутолықтығы.

7. Конкурс қорытындысын шығару:
  Конкурс  қорытындысы 2018жылдың сәуір айында жарияланады.

Конкурс жеңімпаздары дипломдар және сый ақылармен марапатталады. Конкурс қорытындысын шығару кезінде ұйымдастырушылар қосымша номинациялар белгілей алады. Ұйымдастырушылар бір немесе бірнеше номинация бойынша, жұмыстар конкурс Қағидаларына сай болмаса жеңімпаздар таңдауды өткізбеуі де мүмкін.

  1 орын 1 х 300 000 = 300 000

  2 орын 2 х 150 000 = 300 000

  3 орын 2 х 100 000 = 200 000

  Ынталандыру 2 х 50 000 = 100 000

  Барлық жұмыстар Маңғыстау облыстық мемориалдық музейі сайтына және  Otuken.kz қазақ мифологиясы сайтына қойылады. Конкурс қорытындылары бойынша комикс байқауына қатынасушылардың үздік шығармаларының жинағын шығару жоспарланған.  Ұйымдастырушылар конкурстық шығармаларға авторлық құқты сактайды. Конкурстың үздік қатынасушылары болашақта С.Қондыбай шығармашылығын көпшілікке таратуға байланысты ірі жобаларға тартылады.

Осы Қағидада қарастырылған негізгі ұғымдар:
а) Комикс – шағын, иллюстрациялармен безендірілген кітапша немесе сәйкес жазуларымен салынған суреттер кітапшасы.
б) Иллюстрация – мәтінді түсіндіретін суреттер.
в) Иллюстрациялар сериясы – ортақ сюжетке құрылған және бір көркем шығармаға қатысты бірнеше сурет

Конкурс номинациялары:
а) С.Қондыбайшығармаларына ең үздік бейімделу.
Бұл номинацияда С.Қондыбайдың бір немесе бірнеше шығармасы бойынша комикс формасында ерекше көркем шығармалар ұсынған автор немесе авторлық ұжым қатыса алады.

Осы номинация бойынша үлгілік тақырыптар:

  • Түркі және герман мифологиясы арасындағы сюжеттік комикс Вальгалланың валькирийдің, Один мен Тораның далалық нұсқасы»);
  • Әскери-мифологиялық комикс («Аждаха - туы культі», «Ұран – ұрыстық шақыруы және рух қорғаушысын шақыруы» );
  • Ландшафт-тарихи комикс («Маңғыстаудың қасиетте орындары»);

б) Үздік авторлық сюжет.

Бұл номинацияға қатысатын авторлар мен авторлық ұжымдар комикс формасындағы  конкурс идеясына сай, С.Қондыбай еңбектерімен үндесетін, өзге идеяларға және көркем шығармаларға қатыссыз ерекше көркем шығармаларын  ұсына алады.

Осы номинацияға тән кейбір үлгілік тақырыптар:

  • С.Қондыбай өмірі мен шығармашылығына арналған өмірбаяндық комикстер;
  • Фантастикалық комикс («С.Қондыбай және оның шығармаларының кейіпкерлерінің  21 ғасырдағы бейнелері;
  • Реалистік комикс («С.Қондыбай шығармашылығы менің өміріме қалай әсер етті» «Серікбол Қондыбай – Қазақ мемлекеттік университетінің студенті және 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатынасушы»).

в) Иллюстрациялар сериясы.

Бұл номинацияға авторлар мен авторлық ұжымдар ерекше көркем шығармаларын С.Қондыбайдың өмірі эпизодтарына байланысты немесе оның шығармаларының мағынасына қарай иллюстрациялық сериялармен қатынаса алады.

Осы номинацияға сәйкес үлгілік тақырыптар:

  • Портреттік-сипааттамалық иллюстрациялар циклі («Арғықазақ мифологиясы: Ұлы Ана бейнесі», «Қазақ мифтері персонаждары»);
  • Пейзаждық түсіндірме иллюстрациялар циклі «Арғымергеннің адам тұрмайтын даладағы шытырман оқиғасы»)
  • Балаларға арналған иллюстрациялар циклі(«Мифологиялық жануарлардың киелері және қазақ мифіндегі қасиетті жануарлар»)

  С.Қондыбай шығармашылығы туралы мәліметтерді келесі адрестерден алуға болады: http://otuken.kz/topics/serikbolkondybai/

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/4139-serikbol_qondybaj

Серікболдың кітаптарына Ақтау қаласынан тікелей және сұраныс беру арқылы тапсырыс бере аласыздар, е-пошта konbal55@mail.ru, және Астанда Зира Наурзбаева поштасына zira-n@yandex.ru немесе фейсбукта тапсырыс беру арқылы алуға болады.


  Организационный комитет С.Қондыбайдың 50  жылдығына арналған «Мифтік бейнелер» облыстық қуыршақ көрме-конкурсының

Ережесі

1.Жалпы ереже:

Конкурстың құрылтайшысы облыстық мәдениет басқармасы. Ұйымдастырушысы С.Қондыбай шығармашылығының облыстық мемориалдық музейі.

Қуыршақ тарихтың тереңінен танымал. Адам қай жерде мекен етпесін оның айырылмас серігі де болған – қуыршақ. Ол өте қарапайым, бірақ осы қарапайымдылықтың астарында жұмбақ сыр сақталып, жасырылған. Дәстүрлі қуыршақтар салт-жораларды атқаруға қызмет етіп, мерекелік және басқа да салт-дәстүрлік ырым-жораларды өткізудің міндетті атрибуты болды.

Қазақ мифологиясы антропоморфтық (Жезтырнақ, Жезкиік, Албасты, Алтыншаш, Дәу, Қонаяқ, Майқы би, Түлен, Су перісі, Мыстан кемпір, Жалмауыз, Қорқыт, Баба түкті Шашты әзіз, Нұртөле, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопан ата және т.б.), зоо және орнитоморфтық, фантастикалық (Құмай тазы, Қоңыр аң, Айбөкен, Суын айғыр, Пырақ, Самұрық, Ит ала қаз, Дегелен, Айдаһар,  Бапы хан, т.б) бейнелерге бай.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеті:

1. С.Қондыбай шығармашылығы бойынша қазақ  мифологиясын танымал ету, қызғылықты кейіпкерлерінің бейнелерін жасау;

2. Жаңа шығармашылық жұмыстарды жасауда қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру;

3. С.Қондыбай шығармашылығы бойынша жаңа ымтылыс пен ерекше идеяларды табу;

4. Көркем және эстетикалық талғамды қалыптастыру;

5. Дәстүрлі және сувенир қуыршықтарды жасаудың дағдысы мен дәстүрін насихаттау;

6. Қазіргі қоғамда қолдан жасалған ойыншық-қуыршақтарды танымал ету және жас ұрпақты халықтық кәсіпке тарту.

3. Қатысушылар:

Конкурсқа Ереженің шарттарына келіскен барлық тілек білдірушілер жасына, қызметі мен қызығушылығына қарамастан қатыса алады. 

4. Конкурстың номинациялары:

· Қуыршақ –бейне – талисман (маскот) С.Қондыбай шығармашылығы бойынша облыстық мемориалдық музейге;

· Ең қызғылықты мифологиялық бейне;

· Үздік көркемдік орындау;

· Үздік сюжетті композиция (бірнеше қуыршақтан тұратын мифологиялық сюжетті бейнелейтін композиция).

5. Конкурс жұмыстарына қойылатын талаптар:

1. Конкурсқа қатысушы өз материалы және құралдарымен берілген байқау тақырыптарына сай дайындаған шығармасын ұсынады.

2. Конкурсқа қатысатын қуыршақ бұйымдар кез келген материалдардан (пластик, фарфор, папье-маше, тоқыма, ағаш, балшық, шыбық, сабан және т.б) және орындаудың неше түрлі техникасын үйлестіруі рұқсат етіледі.

Қуыршақ бұйым жасаған қатысушы туралы этикетпен әкелінеді:

- жұмыстың аты;

- автордың аты-жөні

- байланыс нөмірлері

- жұмыс орнының толық аты.

3. Қуыршақтық өлшемі  25 см аз емес және 50 см биік болмауы керек.

4. Ұсынылған қуыршақ міндетті түрде тиянақты тік қалпын сақтайтын арнайы тіреуішпен қамтамасыз етілуі керек.

5.Конкурсқа жеткізілетін жұмыстар шығыны жіберуші жақ есебінен болады.

6. Жасалған жұмыстардың суреті мен сұраныс 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін

shetpe.muzey.kz или konbal55@mail.ru эл. поштаға жіберіледі.

7.Конкурстың координаторы: Қондыбай Балсұлу Әділбекқызы (8 778 431 4625)

8.Дайын жұмыстар 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы облыстық мемориалдық музейге тапсырылады.

6. Бағалау белгілері:

* Мифологиялық бейнелердің конкурс тақырыбына сай болуы;

* Бейнелік айқындығы;

* Басқаларға ұқсамайтын өзіндігі;

* Техникалық деңгейі;

* Ашықтығы мен эстетикасы;

* Дәстүрдің сақталынуы.

Барлық жұмыстар Маңғыстау облыстық мемориалдық музейі сайтына және  Otuken.kz қазақ мифологиясы сайтына қойылады. Конкурс қорытындылары бойынша комикс байқауына қатынасушылардың үздік шығармаларының жинағын шығару жоспарланған.  Ұйымдастырушылар конкурстық шығармаларға авторлық құқты сактайды. Конкурстың үздік қатынасушылары болашақта С.Қондыбай шығармашылығын көпшілікке таратуға байланысты ірі жобаларға тартылады.

7.Конкурсты қорытындылау:

Конкурс қорытындысы бойынша көрме ұйымдастырылады. Сол сияқты төмендегі номинациялар бойынша жүлделі жұмыстар таңдалады:

· Қуыршақ –бейне – талисман (маскот);

· Ең қызғылықты мифологиялық бейне;

· Үздік көркемдік орындау;

· Үздік сюжетті композиция

6. Қорытынды  және марапаттау:

- Қорытынды қазылар алқасы мәсілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

- Конкурс жеңімпаздарына I, II, III дәрежедегі «Лауреат», «Дипломант» атақтары беріледі.

1 орын 1 х 250 000 = 250 000

2 орын 2 х 150 000 = 300 000

3 орын 2 х 100 000 = 200 000

  Ынталандыру 2 Қатысушылардың назарына: С.Қондыбай шығармалары бойынша кейбір үзінділерді төмендегі сайттардан табуға болады: http://otuken.kz/topics/serikbolkondybai/

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/4139-serikbol_qondybaj

Ал кітаптарын Ақтау қаласында konbal55@mail.ru электондық почтаға сұраныс беру арқылы алуға болады.

  Ұйымдастыру алқасы 

Жарияланған күні: 23 қаңтар 2018Оқылған саны: 1083




12 маусым 2018

"Серікбол Қондыбай мұралары:әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас" атты халықаралық ғылыми теориялық конференция өтті

23 мамыр 2018

"Руxани қазына-2018" республикалық байқауы

19 мамыр 2018

"Музей түні" үшінші жыл өткізілді

20 сәуір 2018

Ұлыстың ұлы күні» қай күн?

20 сәуір 2018

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

10 сәуір 2018

«Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» конференция

5 сәуір 2018

«С.Қондыбайдың шығармаларындағы киелі сандар туралы» атты дөңгелек үстел өтті

20 наурыз 2018

«Ұлы дала рухының жаршысы» атты Ақтау қаласында шара өтті

20 наурыз 2018

«Маңғыстау Серікбол көзімен » атты интелектуалды сайыс өтті

16 наурыз 2018

«Амалмен келген 50 жас» атты квест ойыны өтті

16 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты шара өтті

12 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты мәдени кеші

7 наурыз 2018

«Көктем аруы» атты сайысы

6 наурыз 2018

«Серікбол әлемі» атты конференциясы болып өтті

6 наурыз 2018

«Аяулы анашым» атты мерекелік шара болып өтті

1 наурыз 2018

«Алғыс айту міндет» атты шара өтті

28 ақпан 2018

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен өткізілген шара

20 ақпан 2018

«Туған өлке ғажайыптары» атты шара өткізілді

14 ақпан 2018

«Біз музейдің достарымыз» атты танымдық шара болып өтті

30 қаңтар 2018

«Маңғыстау құдықшылары» атты тәрбие сағаты

23 қаңтар 2018

Хабарландыру!

12 қаңтар 2018

«Үміт шырғалаңы» қоғамдық қорымен біріккен қайырымдылық шарасы өтті

1 қаңтар 2018

Жаңа жыл құтты болсын!

16 желтоқсан 2017

"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай музей тағы да жаңалықтарымен бөліскелі отыр.