Жол жазбаларынан...

Жол жазбаларынан...

« ...Серікбол ініміздің бақилық сапарға аттанған үйінің алдына келіп тұрғанда қазақы ауылдардың қазақы үйлерінен аумайтын үй болып көрінді. Сол бір жұпынылық, сол бір біркелкілік, сол бір кедей болмағанмен ауылдық қоңыр тұрмыстың белгілері.

Хабар алайын деп ішке кіріп кеткен Құралбектің соңынан көп ұзамай біз де кірдік. Тәрбия шешеміз - ағаш кереуіт үстінде малдасын құрып отырған, басында ақ жаулығы, үстінде көнетоз қоңыр тоқыма жейдесі, көзінде коңырқай шынылы көзілдірікті, сексенге келгенімен «сыры да, сыны да» кетпеген кемпір екен.

Сәлемдесіп кереуіт алдына жайғасқаннан кейін, «мен үлкейдім, сіздерді танып жатқан жоқпын, қай ауылдың балдарысыңдар?»-деді. Мен - «Өзімізді танытайын деп емес, марқұм ініміздің өлмес-өшпес еңбек жазып, Адайдан өтіп қазақ баласының тарихын түркітану ғылымының биік белесінен асырып кеткен жерін өз көзімізбен көрейін, сол дем алған ауадан мен де бір сәт дем алайын, соның маңдайынан сипап, арқасынан қаққан алақаннан мен де ұстайын деген ниетпен келгенімді» айттым. Ол болса, Серікболдың бақилық болар алдында, «үш күннен кейін жол жүремін» дегенін және «оны жоқтап жылайтын болсам, арты жақсылық болмайтынын өсиеттеп кеткенін, содан бері ішім қан жыласа да көзіме жас алмаймын» деп бізден кешірім сұрағандай болды.

Содан кейін - «Қарақтарым, мен оның қай тарихына тоқтайын, өздерің де білетін шығарсындар мына қабырғаның ар жағында бөлмесі бар. Тоғыз жыл қоларбаға таңылып менің қасымнан ұзап кетпеген балам кеткесін де көп жылға дейін түн ішінде келіп, менің бөлмемде жатып жүрді. Таң ата қарсы алдымда жатқан жерінен тұрып ғайып болатын еді» -деді.

Ала көлеңкелеу бөлменің бір қабырғасындағы үлкен суреттен Серікбол ініміз біздің сұхбатымызды сабырлы да салмақты түрімен тыңдап отырды.

...Пойызымыздың уақытының жақындығын және тағы да баратын жеріміздің бар екенін айтып, алдымыздағы шелпек наннан ауыз тиіп, бата оқыдым, Назарбегім Серікбол ағасының рухына аят оқыды.

Үлкен кісі біздердің келгеніміз өзіне қуат бергенін, баласын еске алып жасарып қалғанын, біздердің қайда болсақ та жолымыздың болуын тілеп, ақ алақандарын жайып ақ батасын беріп қоштасты.

...Бірақ мен үшін бұл сапар көңілімнің соңғы кездері құлазыған даласына жазды күнгі ақша бұлттар себелеген жаңбырдың әсеріндей әсер қалдырды. Өзімнен үлкендермен дидарласып, олардың өздерінен кейінгі ұрпаққа деген үлкен үміттерін сезіндім. Өткеніміз бен бүгінгімізді жалғаған буынның батасын тыңдадым.

«Нағашы еке» деп жүгіріп жүріп Құралбек те бізді пойызымыздың кетуіне бес минут қалғанда жеткізіп салды.

Маңғыстау -Атырау жолаушы пойызы қараңғылықты тілгілеп Үстірт жаққа бет алды.

Алдымызда қарлы қыр, ызғырық желді дала, берекелі Бейнеу атауынан жаңылмауға тырысып, нарықтық қатынастардың батпағын белшесінен басқан қала жатты.»

Сұлтан Жұмабекұлы. Бейнеу. 10-11.02.14. 

Жарияланған күні: 6 қазан 2020Оқылған саны: 73




19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау

17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

2 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов

12 тамыз 2020

Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

31 шілде 2020

Ғалым Отарбаевтың шығармалары

23 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

18 шілде 2020

"Музейдегі бір жәдігер" айдары

11 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

2 шілде 2020

Серікбол Қондыбайдың еңбектеріндегі Маңғыстаудың тарихи-мәдени кеңістігі

23 маусым 2020

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

18 маусым 2020

С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.