Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде
Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне толықтай көшеді.
Латын әліпбиіне көшу, Қазақстанды барлық әлемге танымал етудің бір түрі. Бұл әліпби тек жазу таңбасын ауыстыру ғана емес, барлық адамның ой-санасын өзгертеді. Әлемдегі дамыған Еурапа елдерінің көбісі латын әліпбиін қолданады. Біз де соларға жақындап, латын әліпбиіне ауысу процесін өткеріп жатырмыз. Қазақ халқының латын әліпбиіне көшуі, қазақты ерекше етіп, қазақ халқын сақтап қалуға үлкен үлес қосады, қазақтың болашаққа жасаған үлкен қадамы деп үміттенеміз. Осы орайда сіздерге «Жас Алаш» газетінің сонау 2001 жылғы 25 қаңтар күнгі санына шыққан Серікбол Қондыбайдың латын әліпбиі туралы «ҚАЗАҚТЫҢ ЛАТЫНДЫҚ ӘЛІПБИІ ЖӨНІНДЕ» атты мақаласынан үзінді ұсынбақпыз.
Қазақ жазуының негізгі принциптері қандай және олар ең алдымен неге сүйенуі тиіс?
Біріншіден, ең басты тірек – қазақ тілінің пайда болғаннан бергі заңдылықтары мен ережелері. Қазақ тілінің табиғи заңдылықтары толықтай және дауласпайтын заң ретінде қабылдануы тиіс. Мәселен, қазақ тіліне тән бастапқы, абсолютті үндестік (сингармонизм) заңының бұлжымауы. Кез келген, мейлі өзіміздікі, мейлі шетелдікі болсын, сөзді жазғанда қазақ тілінің табиғи заңдылығы қолданылуы тиіс.
Ең бастысы – тіліміздің бастапқы ерекшелігі мен ереже заңы абсолют болуы тиіс, ал барлық басқа үлкенді-кішілі мәселелер ең алдымен және міндетті түрде осыған сай болуы керек. Оған сай келмесе, сәйкестендіріліп, бейімделуі тиіс. Бізде әу бастан (арабжазуын қолданған кезде де, орыс жазуын қолданған кезде де) осы ережелер ескерілмей, бәрі керісінше болып кетеді. Осыны түсіне алмаған үлкен тіл мамандарына таңғалатынымыз жасырын емес.
Екіншіден, тілдің абсолют (сингармонизм) заңын қалпына келтіру, оны қатаң сақтау, бәрін соған бейімдеу ала-құла болып отырған тілімізде сөздердің көп варианттылығын (рақмет, ырақмет, рақымет сияқты) жойып, барынша рационалды (үнемді, ықшам) сөздік қорды қалыптастырады. Бұл, өз кезегінде, тілді де табиғи рационализмге алып келеді және ақырында өте ықшам әрі рационал жаңа жазу жасауға мүмкіндік береді.
Тілдің табиғи ережелерін қатаң сақтайтын жазу (бұндай жазу жалпы түркілерде тек «орхон-енисей» әліпбиінде ғана болған, одан кейінгі мың жарым жыл ішінде бір де бір әліпби осы ережелерді ескеріп көрген жоқ, бұл орыс жазуына да, араб жазуына да қатысты айтылып отыр) өзінің қасиетін
жоймайтын консервативтік құрылымға айналады да, қанша уақыт өтіп, тілдердің сөздік құрамы мен құрылысында, сөздердің айтылуында үлкен өзгешеліктер пайда болса да, әліпби өзінің бастапқы өзгермейтін қасиетін сақтап қалады. Мәселен, бүгінгі ағылшын, француз тілдерінің әліпбиі ХІV-ХVІ ғасырларда қалыптасқан, яғни жазу сипаты сол заманғы тіл ережесін сақтаса, сөйлеу тілі адам танымастай өзгерістерге ұшырап отыр. Дәл осындай бастапқы ережеге сүйенген жаңа қазақ әліпбиінің жасалуы дұрыс болса, енді бірнеше ғасыр өткен кезде де бүгінгі қасиеттерін сақтайтын болады.
Міне, осыларды ескере отырып, қазаққа тек өз тілінің о баста қалыптасқан жөн-жосығына сай жаңа жазуын қалыптастырып, өз тілінің проблемаларын сол жаңа жазу мен бастапқы табиғи ережеге сай шешіп алуы керек. Сонда ғана қазақ тілі үйренуге де, жазуға да жеңіл, тұрақты әдеби негізі бар тілге айнала алады. Тек ең бастысы – бұл шараны жүзеге асыру қолында айқын билігі болмаса да ықпал ету тетіктеріне ие, яғни өз білгенін ғана қабылдаттыру жолдарын білетін бір академиктің немесе бір мүдделі зиялы топтың сыбағасына айналмағаны жақсы, бұл мәселені келісе отырып шешу керек.
“Жас Алаш” газеті, 2001 жыл, 25 қаңтар
Серікбол Қондыбайдың “Толық шығармалар жинағы” 15 том
7 маусым 2017
7 маусым тәжірибе алмасу
2 маусым 2017
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Әлемнің сәні - балалар" атты шара болып өтті.
20 мамыр 2017
18мамыр күні МОМБ "Мемориалдық мұражайында" "музей түні" болып өтті.
19 мамыр 2017
Музейіміздің қос маманы күні
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
21 қаңтар 2021
Музей мамандары Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды
01 қаңтар 2021
Серікбол туралы сөз болғанда...
31 желтоқсан 2020
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
23 желтоқсан 2020
«Қолжетімді мұражай: экскурсиялық қызметтегі инновациялар»
16 желтоқсан 2020