Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов
Т.Әсемқұлов (1955-2014) 1955 жылы 1-тамыз күні Аягөз ауданы, Таңсық теміржол станциясында дүниеге келген. Ол алғашқы және тұрақты серікболтанушы ғалымдардың бірі. С.Қондыбай мен Т.Әсемқұлов Серікбол дүниеден өткенге дейін телефонмен хабарласып, тығыз байланыста болды. Сонымен қатар Серікболға почтамен және апасы Балсұлу арқылы да кітаптар беріп жіберетін. Таласбек Серікболдың еңбектеріне: «Шынына келетін болсақ Серікбол Қондыбайдың ашқан жаңалықтары, сол баяғы мың жылдан астам уақыт бұрын Фараби сияқты кемеңгер бабасы салған көне жолдың бүгінгі жалғасы, таза қазақ мүддесіне бағындырылған отандық ғылымның қайтадан жандануы, жаңғыруы. Серікбол өнернамасының ұлы тағылымы да осында» деген құнды пікір айтып, бағасын беріп кетті.
Т.Әсемқұлов С.Қондыбай шығармашылығына байланысты 2005 жылы Алматы қаласында өткен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты І республикалық ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі. 2006 жылы Ақтау қаласында өткен «Серікбол Қондыбай шығармашылығы және ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты ІІ республикалық ғылыми-теориялық конференцияға, 2007 жылы Астана қаласында өткен «С.Қондыбай оқулары: мифология және ұлттану» атты ІІІ республикалық конференцияларына қатысты. С.Қондыбай шығармашылығымен байланыстырып І конференцияда «Отражение эволюции брачных отношений в охотничьих мифах», ІІ конференцияда «Древняя стратегическая игра «Төртікем» и дом из сорока одной комнаты», ІІІ конференияда «Промелькнувший метеор» атты баяндамалар оқыған болатын. Бұл материалдардың мазмұнымен Серікбол Қондыбай толық шығармалар жинағының 16-томынан оқып танысуға болады. Т.Әсемқұлов Серікбол туралы, Серікболдың шығармалары, еңбектері туралы «Серікбол Қондыбай – Фарабилер мен Шоқан үлгісіндегі ғалым» («Алтын Орда» газеті 16.06.2006), «Серікболға ұшан теңіз мол ақпарат аспаннан түсті дегенге сенбеймін...» («Алтын Орда» газеті 27.11.2007), «Мифологический образ змеи и дракона драма человеческий предистории» (Рух-Мирас альманахы №2-3(9) 2006) атты басқа да мақалалары жарық көрді. Т.Әсемқұловтың өмір тарихынан озуына байланысты бұдан кейінгі республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуды оған тағдыр жазбады.
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
16 желтоқсан 2020
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
15 желтоқсан 2020
Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді
15 желтоқсан 2020
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.
10 желтоқсан 2020
"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы
03 желтоқсан 2020