МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

Серікбол Қондыбайдың адам таңданарлық дарынына, ғаламат қайрат-қажырына, екінің бірінде бола бермейтін ғылыми білім-білігіне, адами, азаматтық болмысына қайран қаламын. Маңғыстаудың бір бұрышында отырып, жай ғана емес, жастайынан мүгедектер арбасында отырып, барлық мүмкіндіктері толық, шығармашылық потенциалы өте зор тұтас бір ғылыми-зерттеу институтының өзі тындыра алмайтын орасан зор шаруаны қапысыз түгендеп қана қоймай, әлемді, көрінгенді мойындауы қиын ғылыми ортаны мойындатып қана қоймай, күллі мифологияға жаңа ұстын, озық үлгілер ұсынған осы бір қазақ жігітін өз басым ірі феномен, қазақтың аса ірі тұлғаларының бірегейі деп санаймын.

Оның ғаламат мүмкіндіктерінің мейлінше ашылуына, сол тұста-ақ саналы жұртты өзіне жалт қаратып, толассыз мойындатуына сәл болса да себепкер, тілеулес, тілектес болғанымды мақтан тұтамын.

Мықтының қалың жұртты ұлы өнегесімен, о баста құдіретті Алла сыйлаған бітім-болмысымен ұйытары, еріксіз мойындатары анық. Соның озық үлгі- өнегесін Серікбол көрсетті. Және сол күйінде біздің қазаққа ғана тиесілі күйінде өзі шыққан биікте мәңгілікке қалды деп ойлаймын.

... Серікболдың шығармашылығымен танысуым ойламаған жерден басталды. Ұмытпасам, 2000-жылдың көктемі болар. Ақтөбеге келіп, бүгінде тарихқа айналып кеткен әйгілі «Алтын Орда» апталығын шығара бастағанбыз. Жұмыс өте қиын, бірақ жаңа ұжымның, дәлірек айтсақ, нағыз энтузиастардың жаңа, елге өнеге көрсетерлік басылым шығарамыз деген ұмтылысы мен сенімі күшті. Соның арқасында аз ғана уақытта жаңа апталық қарапайым жұртшылықтан үлкен билікке дейінгі қазақы қауымға тез таныла бастаған. Ел-жұрттан келетін материалдардың ұсақ-түйегіне дейін мән береміз. Сәл де болса жылты бар нәрсеге қуанып, жариялауға асығамыз.

Бір күні маған қызметкерлердің бірі бірнеше қолжазбаларды әкеп беріп: «мынау бір кісіден келген хат, бірнеше материал, бізге сәл түсініксіздеу, өзіңіз көріңіз», — деді. Кітап форматымен басылған. Бірнеше мақаладан тұратын қолжазба сияқты.

Оқыдым да, қайран қалдым. Қызметкерлерге мұның қаншалықты сауатты дүние екендігін, тұтас бір дүниенің бөлігі екенін, қазақ мифологиясына кіріспе, тың тақырып, қайырлы тақырып екенін айтып, газетке үздіксіз беруін өтіндім.

Көп ұзамай Маңғыстаудағы Зәкіржан Кәлкенбаевқа хабарласып, Серікболдың кім екенін, қазір не істейтінін сұрадым. Сұрадым да, қайран қалдым. Өзіміз білетін сауатты ортаға түгелге жуық хабарласып, Маңғыстаудағы феномен туралы әңгімелеумен болдым. Бірінші таңданған да, сүйсінген де досым, ғажайып білімдар Таласбек болды. Сол тұста «Білім және еңбектегі» Әшірбек Амангелдиев Серікболдың «Қазақ мифологиясына кіріспе» кітабын шығарды. Алматыға барып жүр едім, кітаптың бір данасын иемденіп, қуанып қалдым...

Бер жағы ұзақ тарих. Таласбек пен Зира, өзге зиялылар Серікболды тезірек тани бастады. Мұрат Әуезов, өзге де ғалымдар жаңа дарынның құдіретіне бас иді. Солардың атынан хат әзірлеп, әйгілі Иманғалиға жіберіп, «Алтын Ордаға» жариялағанбыз. Бір апта өтпестен Иманғали маған телефон соғып тұр...

Одан бері қанша қайырлы іс бітті. Дүниеден қырық жасына жетпей Серікбол інім де өтті. Соңына қыруар мұра қалдырды. Қазір Серікбол мұрасы әлемге танылып, мойындала бастады. Соның бәрін үйлестіріп жүрген айтулы тілеулестер көп. Әсіресе, Зира Наурызбаева мен Серікболдың бауыры Балсұлу. Қаншама тілеулестер, Серікболды қастерлейтін сауатты жастар бар. Биліктегі зерделі азаматтар Серікбол мұрасының дүниеге кеңінен таралуына ерекше қамқор болып отыр...

Меніңше, Серікболды тану енді ғана басталды. Өз басым оған әлі де оралармын деп ойлаймын. Әзірге тек қуанышымды жеткізгім келді.

Қазіргінің қажеті ғой деп, Алқажан Еділханнан қабылдаған эстафетаны Зира Наурызбаева қарындасым мен Ислам Спановқа жолдағалы отырмын. Серікбол Қондыбай музейі жариялаған эстафетаны, Серікболдың суреті мен музей суретін жолдаған Алқожаға зор алғыс.

Серікбол ісіне ерекше еңбек сіңіріп жүрген Зираға, Балсұлуға, музейге алғысым зор.

Серікболдың есімі, тындырған ісі халық жадында мәңгі сақталарына сеніңіздер.

Мейірхан Ақдәулетұлы. 

Жарияланған күні: 13 қазан 2020Оқылған саны: 85




19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау

17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

2 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов

12 тамыз 2020

Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

31 шілде 2020

Ғалым Отарбаевтың шығармалары

23 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

18 шілде 2020

"Музейдегі бір жәдігер" айдары

11 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

2 шілде 2020

Серікбол Қондыбайдың еңбектеріндегі Маңғыстаудың тарихи-мәдени кеңістігі

23 маусым 2020

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

18 маусым 2020

С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.