Осы жылдың 17-18 қазан күндері музейіміздің 4 жылдық меретойын "Музейдегі түн" үлгісінде тойладық

Осы жылдың 17-18 қазан күндері музейіміздің 4 жылдық меретойын "Музейдегі түн" үлгісінде тойладық. Екі күнге созылған мерекеміз жылдағыдан ерекше өткізілді. 17 қазан күні келген қонақтарды музей залдарымен таныстырдық. Аудандық қазынашылық мекемесінің ұжымына музей залдарында КВЕСТ интеллектуалды ойынын өткіздік. 18 қазан күні мерекемізге арнайы қонақтар шақырылды. Олар М. Атымов атындағы орта мектептің оқушылары мен Серікбол ағамыздың N3 орта мектепте оқытқан шәкірттері мен бірге жұмыс істеген әріптестері болатын. Шараның басында М. Атымов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары Әбіш Кекілбаевтың "Бәсеке" атты шығармасынан көрініс қойды. Серікбол ағамыздың шәкірттері және де әріптестері Серікбол ағамыздың мұғалім кезіндегі әр түрлі естеліктерімен бөлісті. Қонақтарға музей мамандарының арнап дайындаған танымдық интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сонымен қатар, Қондыбайдың кітаптарын таныстыру мақсатында сол кітаптарының мазмұнынан әзірленген сөзжұмбақ шешуден сайыс ұйымдастырылды. Шара соңында келген қонақтардың музей туралы ыстық лебіз, алғыс тілектерін тыңдап, арнайы қонақтарымызға музей директоры Р. Бердиева алғыс хатын табыстады. Мереке барысында шараға белсене араласқан М. Атымов атындағы орта мектеп ұжымына, қазынашылық мекемесінің ұжымына, Шетпе лицейі мекемесінің география пәні мұғалімі Кенесариева Нұрзияға, Серікболдың шәкірттері Байжанақов Әбу-Насыр мен Дұрысбаева Ларисаға алғысымызды білдіреміз. 

Жарияланған күні: 21 қазан 2019Оқылған саны: 476




27 қараша 2019

Хабарландыру

28 қазан 2019

Қазан айының 24-і күні С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей Жыңғылды ауылына жылжымалы көрме өткізді

21 қазан 2019

Осы жылдың 17-18 қазан күндері музейіміздің 4 жылдық меретойын "Музейдегі түн" үлгісінде тойладық

4 қазан 2019

«С. Қондыбай өміріндегі Әбіш аға рөлі» атты мәдени шара

17 қыркүйек 2019

Серікбол Қондыбай оқулары: Мифология және ұлттану

9 тамыз 2019

Биыл тамызындың алғашқы аптасында Серікбол Қондыбай мұраларын насихаттаушы

31 шілде 2019

Жаз мезгілі біздің музейге туристердің көп келетін шағы

12 маусым 2018

"Серікбол Қондыбай мұралары:әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас" атты халықаралық ғылыми теориялық конференция өтті

23 мамыр 2018

"Руxани қазына-2018" республикалық байқауы

19 мамыр 2018

"Музей түні" үшінші жыл өткізілді

20 сәуір 2018

Ұлыстың ұлы күні» қай күн?

20 сәуір 2018

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

10 сәуір 2018

«Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» конференция

5 сәуір 2018

«С.Қондыбайдың шығармаларындағы киелі сандар туралы» атты дөңгелек үстел өтті

20 наурыз 2018

«Ұлы дала рухының жаршысы» атты Ақтау қаласында шара өтті

20 наурыз 2018

«Маңғыстау Серікбол көзімен » атты интелектуалды сайыс өтті

16 наурыз 2018

«Амалмен келген 50 жас» атты квест ойыны өтті

16 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты шара өтті

12 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты мәдени кеші

7 наурыз 2018

«Көктем аруы» атты сайысы

6 наурыз 2018

«Серікбол әлемі» атты конференциясы болып өтті

6 наурыз 2018

«Аяулы анашым» атты мерекелік шара болып өтті

1 наурыз 2018

«Алғыс айту міндет» атты шара өтті

28 ақпан 2018

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен өткізілген шара