Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

Серікбол Қондыбайдың республикаға танымал болуына септігін тигізген "Алтын Орда" газетіне жарияланған 41 мақаласы болатын. Бұл газеттің редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы еді. Мақалаларының ерекшелігі мен ғылыми ауқымдылығына қызыққан ол Серікболмен арнайы танысып, сұхбат алуға тілшісін жібереді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулетұлы, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 2003 жылы осы газетке бір топ ғалымдардың "Дарындыны қолдайық" атты мақаласы жарық көрді. Бұл сол кездегі мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетовке жазылған ашық хат болатын. Хатта жас ғалым Серікболдың ғылыми ізденісі, сол уақытқа дейінгі жарық көрген еңбектерінің жоғары сапалылығы мен деңгейі түсіндіріліп, ғылыми жұмысына барынша жағдай жасалынуын мемлекеттік дәрежедегі шұғыл мәселелердің бірі ретінде қарастырылуы сұралады. Иманғали Тасмағамбетов "Арғықазақ мифологиясы" атты төрттомдық еңбегінің баспадан шығуына және Ақтау қаласында тұсаукесерінің өтуіне ықпал етеді.

Серікбол Қондыбайдың барлық мақалалары 16 томдық кітаптар топтамасының 15-томында жинақталып жазылды. Сіздерге қосымша кітаптың мазмұны, яғни мақалалар тақырыптары ұсынылды.

Мейірхан Ақдәулетұлы 1950 жылы 10 мамырда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Темірастау ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Қарабұтақ аудандық газетінде, кейін «Пионер», «Арай–Заря» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс жасаған. «Алтын Орда» газетінің Бас редакторы, «Шамшырақ Ақтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды. Бүгінде «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы болып қызмет атқарады. «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр» т.б. жыр жинақтары жарық көрген. «Жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінажат» кітаптарының авторы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы 2002 жылғы терең шығармашылық ізденісі, көкейкесті шығармалары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің публицистерге арналған грантының иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

"Абай-ақпарат" Интернет-конференциясына берілген сұқбатынан үзінді:

-Серікбол Қондыбай туралы айтыңызшы?

-Бұл - қазақ тарихындағы феномен! Тұтас бір ғылыми-зерттеу институты 20 жыл айналысқанда бітіре алмайтын ғаламат еңбек жасап кетті ол. Қазақтың санасында рухани-мәдени төңкеріс жасарлықтай еңбектер қалдырды. Ол әлемдік деңгейде ғылыми айналымға түсерліктей, қазір салтанат құрып тұрған еуроорталықшыл ұстанымның быт-шытын шығарып, шынайы, дау айту қиын ірі ғылыми тұжырымдар жасап кетті. Өкініштісі, біздің данышпансымақ, шопан қазақты ғана сендіре аларлық дәрмені бар ғылыми (гуманитарлық) орта Серікболды бағаламақ түгілі, оның жазғанына түсіне алмай отыр. Сол себепті, айналымға түспей отыр. Дегенмен, оны қадірлейтін, түсінігі терең адамдар, тіпті, басшылар да (мәселен, Иманғали, Қырымбектер) бар. Бірақ, жалған пұттарды лекерлеп қолдан жасап, халықты соған табындырмақ болып әлек күйде отырған «данышпан» БАҚ та, қазақтың атынан сөйлегенситін «ұлт абыздары» мен соған «кандидаттардың» Серікболды, оның асыл қазынасын ескермей отыруы ұят. Шамалары жетпейді түсінуге, содан соң мелшиіп отыра береді. Серікболды зерттеу, ұлттық санаға орнықтыру керек. Шынымды айтсам, оны толық бағаларлық мақала, еңбек жазу менің қолымнан келмейді. «Бәленшемен мақтану керек!» деп жиі айтатын біздің қортық гуманитарийлер Серікболды игеруі керек. Қолдарынан келсе егер...

Таласбек Әсемқұлов:

Таланттан да биік талант, дег­дар­лықтан да биік дегдарлық бар. Ол – басқаның талантын тани білу, мойындай білу және жай тану мен жай мойындау емес, сол талант­тыға, сол дегдарға жол ашып беру. (Тоталитарлық дағды­лардан әлі арыла алмай отырған біздің заманда бұл – ерекше бітімнің көрінісі). Басқасын былай қойып, бір ғана нәрсені айтайын. Бірде «Ал­тын Ордада» бір мақала жария­ланды. Авторы – ол кезде әлі белгісіз Серікбол Қондыбай. Мақала әлемдік ғы­лымның стандарт­тары­на сай, өте биік деңгейде жазыл­ған. Телефон­ның құлағын бұрап Мейірханға хабарластым. – Мынау өзі дүниеде бар адам ба? Бұл не деген керемет, осы уа­қыт­қа дейін қайда болған? – дедім. Мейірхан күлді. – Әрине, бар адам. Алғаш оқы­ғанда мен өзім де таңғалған­мын. Зәкіржан Кәлкенбай деген меншікті тілшіміз арқылы мақа­ла­сын беріп жіберіпті. Өзі пәлен­бай жылдан бері арбада отырған мүгедек екен. Міне, Серікбол Қондыбайды ұлттық феномен деңгейіне көтер­ген даңқты жол осы «Алтын Ордаға» жарияланған мақалалар­дан басталып еді. Айта берсе әңгіме көп. Мейір­ханның әдебиеттегі де, қоғамдық қызмет саласындағы да еңбегі зор. Шағын мақалаға оның бар­лы­ғын сыйғызу мүмкін емес. Реті келер, оның тамаша поэзиясын да тілге тиек етерміз. Алла соған жеткізсін. 

Жарияланған күні: 11 шілде 2020Оқылған саны: 60




22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау

17 қыркүйек 2020

С.Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылыми мақалалар жаза отырып, ел болашағы үшін алаңдады.

3 қыркүйек 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ ...

2 қыркүйек 2020

Әркімнің өз Абайы, өз Шекспирі, өз Пушкині бар... демекші, менің Серікболым осындай

24 тамыз 2020

Күйші, жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Т.Әсемқұлов

12 тамыз 2020

Абай – ойшыл. Ұлы Абайдың 175 жылдығы

31 шілде 2020

Ғалым Отарбаевтың шығармалары

23 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

18 шілде 2020

"Музейдегі бір жәдігер" айдары

11 шілде 2020

Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.

2 шілде 2020

Серікбол Қондыбайдың еңбектеріндегі Маңғыстаудың тарихи-мәдени кеңістігі

23 маусым 2020

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

18 маусым 2020

С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.

17 маусым 2020

Жеті кәміл пір. ("Арғықазақ мифологиясы" І том 264-269 бет)

11 маусым 2020

Бәйті кешені және валгалла.

1 маусым 2020

Бүгін 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні.

31 мамыр 2020

Музейіміздің суретшісі Ертис Ещановтың шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз.

29 мамыр 2020

С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей ауласына саяхат жасайық.

17 мамыр 2020

Дайындаған: Досан Сағынтай

15 мамыр 2020

Лекцияны оқыған Карагулова Лаззат

9 мамыр 2020

Серікбол Қондыбай еңбектерімен жете танысқан еліміздің және шет елдік суретшілердің

7 мамыр 2020

Серікбол Қондыбай музейі ұжымы баршаңызды Отан қорғаушылар күні

29 сәуір 2020

Филология ғылымдарының кандидаты