Серікбол Қондыбай өміріндегі Мейірхан Ақдәулетұлының рөлі.
Серікбол Қондыбайдың республикаға танымал болуына септігін тигізген "Алтын Орда" газетіне жарияланған 41 мақаласы болатын. Бұл газеттің редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы еді. Мақалаларының ерекшелігі мен ғылыми ауқымдылығына қызыққан ол Серікболмен арнайы танысып, сұхбат алуға тілшісін жібереді. «Алтын орда» газеті арқылы Серікбол өзіне М.Ақдәулетұлы, Т.Әсемқұлов, З.Наурызбаева, М.Әуезов, Т.Әліпбай т.б. пікірлес достар табады. 2003 жылы осы газетке бір топ ғалымдардың "Дарындыны қолдайық" атты мақаласы жарық көрді. Бұл сол кездегі мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетовке жазылған ашық хат болатын. Хатта жас ғалым Серікболдың ғылыми ізденісі, сол уақытқа дейінгі жарық көрген еңбектерінің жоғары сапалылығы мен деңгейі түсіндіріліп, ғылыми жұмысына барынша жағдай жасалынуын мемлекеттік дәрежедегі шұғыл мәселелердің бірі ретінде қарастырылуы сұралады. Иманғали Тасмағамбетов "Арғықазақ мифологиясы" атты төрттомдық еңбегінің баспадан шығуына және Ақтау қаласында тұсаукесерінің өтуіне ықпал етеді.
Серікбол Қондыбайдың барлық мақалалары 16 томдық кітаптар топтамасының 15-томында жинақталып жазылды. Сіздерге қосымша кітаптың мазмұны, яғни мақалалар тақырыптары ұсынылды.
Мейірхан Ақдәулетұлы 1950 жылы 10 мамырда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Темірастау ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Қарабұтақ аудандық газетінде, кейін «Пионер», «Арай–Заря» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс жасаған. «Алтын Орда» газетінің Бас редакторы, «Шамшырақ Ақтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды. Бүгінде «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы болып қызмет атқарады. «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр» т.б. жыр жинақтары жарық көрген. «Жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінажат» кітаптарының авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы 2002 жылғы терең шығармашылық ізденісі, көкейкесті шығармалары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің публицистерге арналған грантының иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
"Абай-ақпарат" Интернет-конференциясына берілген сұқбатынан үзінді:
-Серікбол Қондыбай туралы айтыңызшы?
-Бұл - қазақ тарихындағы феномен! Тұтас бір ғылыми-зерттеу институты 20 жыл айналысқанда бітіре алмайтын ғаламат еңбек жасап кетті ол. Қазақтың санасында рухани-мәдени төңкеріс жасарлықтай еңбектер қалдырды. Ол әлемдік деңгейде ғылыми айналымға түсерліктей, қазір салтанат құрып тұрған еуроорталықшыл ұстанымның быт-шытын шығарып, шынайы, дау айту қиын ірі ғылыми тұжырымдар жасап кетті. Өкініштісі, біздің данышпансымақ, шопан қазақты ғана сендіре аларлық дәрмені бар ғылыми (гуманитарлық) орта Серікболды бағаламақ түгілі, оның жазғанына түсіне алмай отыр. Сол себепті, айналымға түспей отыр. Дегенмен, оны қадірлейтін, түсінігі терең адамдар, тіпті, басшылар да (мәселен, Иманғали, Қырымбектер) бар. Бірақ, жалған пұттарды лекерлеп қолдан жасап, халықты соған табындырмақ болып әлек күйде отырған «данышпан» БАҚ та, қазақтың атынан сөйлегенситін «ұлт абыздары» мен соған «кандидаттардың» Серікболды, оның асыл қазынасын ескермей отыруы ұят. Шамалары жетпейді түсінуге, содан соң мелшиіп отыра береді. Серікболды зерттеу, ұлттық санаға орнықтыру керек. Шынымды айтсам, оны толық бағаларлық мақала, еңбек жазу менің қолымнан келмейді. «Бәленшемен мақтану керек!» деп жиі айтатын біздің қортық гуманитарийлер Серікболды игеруі керек. Қолдарынан келсе егер...
Таласбек Әсемқұлов:
Таланттан да биік талант, дегдарлықтан да биік дегдарлық бар. Ол – басқаның талантын тани білу, мойындай білу және жай тану мен жай мойындау емес, сол таланттыға, сол дегдарға жол ашып беру. (Тоталитарлық дағдылардан әлі арыла алмай отырған біздің заманда бұл – ерекше бітімнің көрінісі). Басқасын былай қойып, бір ғана нәрсені айтайын. Бірде «Алтын Ордада» бір мақала жарияланды. Авторы – ол кезде әлі белгісіз Серікбол Қондыбай. Мақала әлемдік ғылымның стандарттарына сай, өте биік деңгейде жазылған. Телефонның құлағын бұрап Мейірханға хабарластым. – Мынау өзі дүниеде бар адам ба? Бұл не деген керемет, осы уақытқа дейін қайда болған? – дедім. Мейірхан күлді. – Әрине, бар адам. Алғаш оқығанда мен өзім де таңғалғанмын. Зәкіржан Кәлкенбай деген меншікті тілшіміз арқылы мақаласын беріп жіберіпті. Өзі пәленбай жылдан бері арбада отырған мүгедек екен. Міне, Серікбол Қондыбайды ұлттық феномен деңгейіне көтерген даңқты жол осы «Алтын Ордаға» жарияланған мақалалардан басталып еді. Айта берсе әңгіме көп. Мейірханның әдебиеттегі де, қоғамдық қызмет саласындағы да еңбегі зор. Шағын мақалаға оның барлығын сыйғызу мүмкін емес. Реті келер, оның тамаша поэзиясын да тілге тиек етерміз. Алла соған жеткізсін.
7 маусым 2017
7 маусым тәжірибе алмасу
2 маусым 2017
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Әлемнің сәні - балалар" атты шара болып өтті.
20 мамыр 2017
18мамыр күні МОМБ "Мемориалдық мұражайында" "музей түні" болып өтті.
19 мамыр 2017
Музейіміздің қос маманы күні
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
21 қаңтар 2021
Музей мамандары Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды
01 қаңтар 2021
Серікбол туралы сөз болғанда...
31 желтоқсан 2020
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
23 желтоқсан 2020
«Қолжетімді мұражай: экскурсиялық қызметтегі инновациялар»
16 желтоқсан 2020