Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

Серікбол Қондыбай өміріндегі Сайын Назарбекұлының рөлі.

Серікбол Қондыбайдың Сайын Назарбекұлына жазған хатынан үзінді:

2002 жылы 3 тамыз күні Серікбол Қондыбайдың жазған хаты музей қорында сақтаулы. Осы хаттан үзінді келтірсек:

«... Бір күні Балсұлу ауылға келіп, менің географиялық қолжазбамды Сайын Назарбеков деген құрылысшы кісіге көрсеткенін, оның баспадан шығарып беруге көмектесем дегенін айтты. Осындай хабарды естіген сәтте, көңілімде үміт оты жанғандай болды. Тез арада ескі қолжазбалық нұсқаға азын-аулақ өзгерістер енгізіп, және де оған жеке мақалаларымды қосып, бірнеше күннен кейін қолжазбаны Ақтауға беріп жібердім. Ол кезде, Сәке, мен сіздің кім екеніңізді білмейтін едім. Тіпті аты жөніңізді де естімеген болатынмын. Ақындықпен де, кесене салу ісімен де әуестенбегендіктен осы салада кімдердің не істеп, не қойып жатқанынан да бейхабар едім. Осылайша, өзіме жақын ағайындығы да, туыстығы да, руластығы да, ең бастысы – жүзтаныстығы да жоқ, бет-бейнесін көрмеген, белгісіз Сайын Назарбекұлының кітап шығарып берем деген уәдесін күтіп жата бердім.

1997 жылдың басында кітап шықты деген хабар алдым. Тағатсыздана күте бастадым. Наурыз айында ма, әлде сәл кейінірек те ме, дәл есімде жоқ «Маңғыстау географиясы» қолыма жетті. Тұңғыш кітабымды тұңғыш баламдай көріп, қолыма ұстап, беттерін парақтап қарап, қуанғанымды көрсеңіз ғой...

... Ең бастысы – 1997 жылдың басында сіздің өз қаржыңызға шығарып берген «Маңғыстау географиясынан» кейін менің өмірім, болашағым тым қараңғы болып көрінбейді. Құдайдың басқа салғанына көніп, не болғанын көрермін десем де, осы кітап жарық көрген кейінгі 5 жылдық өмірім мүлде басқа сүрлеулі болып шыққанын жасыра алмаймын. Сіздің берген жәрдеміңіз тау басынан аққан сел, ядролық тізбекті-ілеспелі реакция сияқты болды. Сіз түртіп қалып, тау басынан домалатып жіберген кішкентай кесек тас, тау етегіне қарай домалай отырып, үлкен тастарды да қоса ала кетті. Кейін жаңа кітаптарыма демеушілер де табылды. Басқа да шаруаларыма көмек беруші азаматтар да көбейді. Олардың берген көмегі, демеушілігі көлемі жағынан Сіздің бергеніңізге қарағанда әлдеқайда көп. Әсіресе, былтырдан бері маған демеуші болып жүрген Медағұлов Ермұқан деген жігіттің көмегі тіпті шексіз, ол кісі маған өз мекемесінен бір кісінің окладын да беріп отыр. Бір кітабымды шығарып берді. Екіншісіне де өз қол ұшын бермекші. Қалай болғанда да, мынау жалған дүниеде жақсылық жасайтындар да, жасағысы келетіндер де аз емес екен. Бірақ осындай жақсылықтың бәрі Сіздің көмегіңізден кейін басталды ғой. Егер Балсұлу мен туралы, менің кітабым туралы Сізбен сөйлеспегенде, Сіз осы қолжазбаға мән беріп, артынан кітап етіп шығарып бермегенде, кейінгі істердің ешқайсысы да болмайтын еді. Өйткені, алыстағы Шетпеде Серікбол Қондыбаев деген біреудің мүгедек болып, өз төсегінде жарасы мен боқ-сідігіне былғанып жатқанын, оның бірдеңе жазғысы келетінін, жазуға қабілетінің бар екендігін жақын ағайын-туыстан басқа ешкім білмес де еді....»

Сайын Назарбекұлының бұл көмегі Серікболдың қаламын ұштай түскені анық. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, ағамыздың бұл ісі «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Арғықазақ мифологиясы» және т.б. көлемді еңбектерінің шығуына түрткі болып, шығармашылығына қанат бітірді.

Серікбол шығармашылығымен үнемі таныс жүретін Сайын Назарбекұлы әр түрлі мақалаларды газет беттеріне ұсынып, Серікбол шығармашылығына арналған конференцияларда, жиындарда тұсаукесер баяндамаларды оқыды.

2016 жылы Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінің «Ғаламның мифтік моделі» атты жаңа залын Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаевпен бірге ашып, лентасын қиды.

«Маңғыстау-медиа» сайтына жарияланған мақаладан үзінді:

Көпшілікті рухани ордадағы жаңа залдың ашылуымен өлкетанушы Сайын Назарбек құттықтады:

–Қымбатты ағайындар! Серікболдың атағы Маңғыстауға сыймай, республикаға, Азияға тараса қуанамыз. «Қазақта кімің бар?» дегенде, Абайымыз, Әбішіміз, Әуезовіміз бар десек, енді оның қатарына Серікболды да қосамыз. Мұражай адам баласына керек пе? Не үшін керек? - деп ойлап қарасақ, мұражай дүние жүзінде ғылым мен білімге ден қойған ұрпақтар мыңжылдық, миллионжылдық бұрынғы тарихты тануы, өткен мен бүгінді ұштастыруы, адамның болмысын ескі тарихпен нәрлендіру мақсатында жұмыс істейді. Серікбол шығармашылығына арналған мұражайды Қазақстанға, бүкіл дүние жүзіне мақтанышпен көрсете аламыз. Серікболды көзіміз көрді. Өмірін бақытсыз болып өткізіп, бақытты болып өмірден өтті. Себебі, еткен еңбегінің халқының пайдасына тиетініне көзі жетті, өз еңбегінің жарыққа шыққанын көрді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- деп Абай айтқандай, Серікбол кетікке емес, қазақ халқының қорғанының қабырғасын қалап кетті. Жыртыққа жамау, кетікке кірпіш болған жоқ. Қысқа ғұмырында халықтың мифтік образының негізін қалады. Бір ғылым академиясының мыңдаған кісілерінің жүздеген жыл ішінде іздеп таба алмайтын дүниесін, жұмысын аз жыл ішінде атқарды. Серікбол өмірден өткенімен, атақ-даңқы бәрімізге мәңгілікке ортақ, – деді сәулеткер.

__________________________________________

Сайын Назарбек 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау облысының Тиген ауылында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ақын, Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Сайын Назарбек 1996 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені», 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі, 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне

20 жыл» мерекелік медалының иегері. 2001 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы және де Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Махамбет ауданының, Маңғыстау облысының, Атырау облысының, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құрметті азаматы, Маңғыстау облысы және Атырау облысы әкімдерінің арнайы Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогика иниститутының құрметті профессоры, Халықаралық экология академиясының академигі, Қазақстан ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі.

Сайын Назарбек Маңғыстауда: Абыл ақын, Досан батыр күмбездерін; Шыңғыстау өңірінде «Абай-Шәкәрім» мұнараларын, “Омархан-Нұржамал” (Мұхтар Әуезовтың ата-анасы) кесенесін, Тобықты руындағы Тоқтамыс батыр күмбезін, Ұлы Абай жарлары Ділдә мен Әйгерім, Абайдың тұңғышы Ақылбай сағаналарын, Қазақ елінің тұңғыш президентіне қазақ халқының атынан бата берген Шәкір Әбенов сағанасын; Қаратау өңірінде «Домалақ-ана» кесенесін; Атырау өңірінде «Хан Ордалы – Сарайшық» кесенесін тұрғызды.

Жазушы-ақын Сайын Назарбекұлының “Парыз” (1994ж.), “Абай басқан Жидебай топырағы“ (1995 ж.), “Шерқала” (1996 ж.) өлең кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (2001ж.) жарық көрді. 2004 жылы "Сырласым бол" деген атпен, киіз үй туралы зерттеулерінің нәтижесінде «Қазақтың киіз үйі» атты еңбектері жеке кітап болып басылып шықты. 2011 жылы 8 томдық «Қазақ халқының шежіре тарихы. Адай тайпасы» атты еңбегі және өзінің 9 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Ол – драматург. Атырау, Астана драма театрлары жарыққа шығарған өлең сөзбен жазылған “Махамбеттің бір күні” пьесасы, Маңғыстау музыкалық драма театры жарыққа шығарған “Ақбөбек”, «Ант» пьесалары, Ғ.Мүсірепов атындағы Алматы академиялық драма театры қойған “Абай ішіп үлгермеген у” пьесасы және “Ең асыл мұра”, “Зор-Ата Тура және О Баста”, «Адай күйі» пьесаларының авторы.

Сайын Назарбек қазіргі таңда оқушыларға арналған «Абай әлеміне саяхат» атты клуб ашып, келешек ұрпақтың Абай шығармаларымен терең танысуына ат салысуда. 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 508




20 наурыз 2018

«Ұлы дала рухының жаршысы» атты Ақтау қаласында шара өтті

20 наурыз 2018

«Маңғыстау Серікбол көзімен » атты интелектуалды сайыс өтті

16 наурыз 2018

«Амалмен келген 50 жас» атты квест ойыны өтті

16 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты шара өтті

12 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты мәдени кеші

7 наурыз 2018

«Көктем аруы» атты сайысы

6 наурыз 2018

«Серікбол әлемі» атты конференциясы болып өтті

6 наурыз 2018

«Аяулы анашым» атты мерекелік шара болып өтті

1 наурыз 2018

«Алғыс айту міндет» атты шара өтті

28 ақпан 2018

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен өткізілген шара

20 ақпан 2018

«Туған өлке ғажайыптары» атты шара өткізілді

14 ақпан 2018

«Біз музейдің достарымыз» атты танымдық шара болып өтті

30 қаңтар 2018

«Маңғыстау құдықшылары» атты тәрбие сағаты

23 қаңтар 2018

Хабарландыру!

12 қаңтар 2018

«Үміт шырғалаңы» қоғамдық қорымен біріккен қайырымдылық шарасы өтті

1 қаңтар 2018

Жаңа жыл құтты болсын!

16 желтоқсан 2017

"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай музей тағы да жаңалықтарымен бөліскелі отыр.

1 желтоқсан 2017

29.11.2017ж. музейде Қазақстан Республикасының "Тұңғыш Президенті" күніне орай шара өткізіліп, алғаш рет "КВЕСТ" ойыны ұйымдастырылып оқушылардың қатысуына мүмкіндік берілді.

16 қазан 2017

11.10 күні музейдің 2 жылдығына орай мерекелік шара өтті.

11 қазан 2017

"Желтоқсан жаңғырығы 30 жылдан соң" атты тақырыпта кездесу өтті

28 қыркүйек 2017

27 қыркүйек күні музейге Атырау қаласынан "Атырау облысы тариxи - өлкетану музейінің" қызметкерлері келді.

18 қыркүйек 2017

Рухани жаңғыру

18 қыркүйек 2017

Музейіміздің қос маманы

5 шілде 2017

"Астана- арман қала" атты шара