Серікбол туралы сөз болғанда...

Серікбол туралы сөз болғанда, «мен оның кітаптарын оқи алмадым», «менің басыма кіріп-шығатын емес», «мен түсінбей-ақ қойдым» дейтін сөздер көп айтылады. Ал, маған олай емес сияқты көрінеді. Серікбол сөзі математика сияқты, физика, химия сияқты күрделі формулалар мен ережелер заңдылығына құрылмай, қарапайым, қазақи, бастауын Қырдың үстіндегі өмір дағдысы мен түсінігінен алатын ойлау, пікір қылу, қисын дағдысын кең көлемде, уақыт пен кеңістіктің қазіргі орта сауаты бар адам қамти алатын көлемінде қолданылады. Оны түсінбеудің себеп-салдары, біріншіден- жалпы кітап оқуға деген қызығушылықтың кемшіндігі болса, екіншіден, бірінші себеп жоқ деп есептегенде- ата тарихтың, «есегі жорғалап» өркениет майданында ілгері шыққан елдердің мазағына қалмауға қосар үлеске талпыну жоқтығынан дер едім.

Серікбол әлеміне бас сұғу деген - түлей-тоғайға басыңды тығу дегенмен бірдей. Сіз Үстірттегі Түлей (Есен Қазақ) ішіне кіріп көрдіңіз бе? Мен жас кезімде шалдармен бірге Түлейден сексеуіл алуға талай бардым. Ол кезде елде газ деген отын жоқ еді. Газ тек дөкейлерде, «корпус», «коттедж» деп аталатын үйлер тұрғындарында бар болатын. Ал, қазақтың қарапайым жер үйлері табылған отынмен жылытылатын. Сексеуіл жағу- рахатқа бөленумен бірдей болатын. Сексеуілдің шоғында тұрған шәйнектен ішкен шәй, тоқ плитада қайнаған немесе ағаштың қалдығы мен қи-тезек шәйларындай емес- ең сіңімді, ең керемет шәй болатын. Сүйегі «жөнеуіт» дейтін уақыт пен тағдыр тауқыметін торықпай көтеретін ағаштан жасалған, қызыл жасаулы, боз киіз үйдің ішінде, бір шекесін сексеуілдің шоғы салынған темір астауға қыздырып отырып, бір шекесіне көнетоз тақиясын қисайтып қойып, кемпірінің-әжем Үзілдің құйып берген шәйін сағат жарым ішетін менің «бапам», әкемнің ағасы Жөнеубай шал есіме келеді. Міне, Серікбол әлемінің рахаты- сол шәйдан алған шалдар рахаты сияқты көрінеді маған. Ол тек шәй ішуге байланысты емес, сексеуіл аңсау, іздеу, оны машина жалдап, ағайынға жалынып, түн ортасында жолға шығып, ну Түлейден теріп, қопарып, машина астауына жіктеп, жіліктеп жинап, ұстатпай, ұсталмай ауылға алып келіп, шаруаңа жарату рахатымен байланысты.

Түлейді алғаш көрген адам таң қалумен қатар, күндегі айналасындағыдан өзге әлем көреді. Мынаның жері қалай, жерінің түрі қалай, айнала қоршаған ағашының болмысы қалай?! Бұрынғы көз үйреніп, біз оқыған оқулықтарда бұндай ағаштар болмаған. Сексеуіл, жыңғыл, тораңғыл... Әсіресе, ауылдан түн ортасы ауған кезде шығып, таң алдында таңғажайып тоғайға кірген адам үшін-қияли дүние! Ақ күмістен қақталған ай сәулесі, көрер көзге қорқынышты, түсініксіз тұрпатты, томар кескінді түйдек-түйдек орналасқан ағаштар келбетін ертегілер әлеміне балатады. Онымен тұрмай, сор басқан кебіртек жердегі шөлдің шөбіне түскен көлеңкесі нені жасырды екен деген ойды басыңнан шығармайды. Арасынан тірлік иесі, түз аңы шығып, көлік алдынан көлденең өтіп кетсе, бұл әлемнің нағыз тылсым, нағыз керемет екенін сонда білесің. Білесің де, сол жер, сол көрініс, сол әсерді қалай ғана мәңгілік есте қалдырам деп өзіңмен алысасың.

Ал, жақсы, Түлей ішінде таң атты делік, бұрынғылардан қалған сексеуіл сынықтарын, өздерің қопарған томарлармен бірге машинаңа, яғни, санаңа, Түркі әлемінің түнгі тарихынан табылған қазына сияқты тиеп алдық. Енді, сол қазынаны, ресми өкілеттігі бар үкімет адамынан жасырып, немесе, олар құрған қақпаннан аман-есен шығарып, өз үйің-өлең төсегіңді жылытуға жарата аласың ба? Міне, қайда мәселе!

Серікбол дүниесін ұғу, яғни, Түлейден сексеуіл жинау -өз алдына. Оны басқаға таныстыру үшін, танығысы келмейтінді үш орап алатын амалың болу керек. Яғни, Серікболдың өзінікіндей сұңғылалық. Әйтпесе, «әй, осы көгілдір отынның заманында сексеуілді малданған қайдан шыққан «мәмбет»» деп, айтқан сөзіңді жермен жексен қылатындар табылады. Табылып та жүр. Тарихи дәлел қайда дейді.? Кілең дайын екіні екіге қосып, төрт шығарып үйренгендер. Әрине, дайын екіні екіге қосып берсең, оны баланың миы да қабылдамай ма? Ал, сен мықты болсаң, сол төртті кілең бөлшектенген, бүктелген, бүгілген, бүлініп сынған бірліктердің қосындысынан шығарып көр! Шәй қайнататын отыныңды ата-баба қасиетті күлдігіне шыққан сексеілден сайлап көр! Өз тарихыңа өзің ие болып, ұрпаққа Ұлы Рухтың ұстанымдарын үйрет!

Қаптаған көрсеқызар, менменшіл топтар, өздерінің орманын мақтап, мадақтап жүргенде, өзіне өзін ұрмасаң сынбайтын сексеуілді не қылсын? Оның шоғының қызуы мен ол қайнатқан шәйдің рахатын қайдан білсін? Ал, енді, манағы ішкен шәйдың рахатына келейік. Ол-ащы арақтың зәрлі рахаты емес, ертесіне басыңды ауыртып, зер-зебіл қылатын. Ол- кекірігің келгенше тойып алып, тоңқаңдатып, ыңырантып, ұйықтатпайтын майлы тамақтың рахаты емес. Сексеуіл шәйының рахаты- іштегі дертті термен бірге сыртқа шығаратын, көңіл көкжиегіңді кеңейтіп, шытылған қабағыңды ашатын, шәй дастарханның басында отырған жанұяңмен жайдары, жарқын, емін-еркін сұхбаттастыратын рахат. Ол- ертеңіңе деген сенім, бүгінгі күннің шуағы, ол- керегеңнің кеңдігі мен уығыңның мықтылығы. Шаңырақ биіктігі өз алдына, ол- екібастан. Бізді жаратқан Тәңір – Ие, бізді осындай шәй ішу рахатынан айырмасын! 

Жарияланған күні: 1 қаңтар 2021Оқылған саны: 109




31 наурыз 2021

Ақтау қаласының №6 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріның экскурсиясы


: https://www.facebook.com/100011674024631/posts/1360157467716708/?d=n

12 наурыз 2021

«Серікбол елдің ұлы» атты мәдени шара


: https://www.facebook.com/100011674024631/posts/1348011245597997/?d=n

8 наурыз 2021

Баршаңызды 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

5 наурыз 2021

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Отбасыма мың алғыс» атты мәдени шара өткізілді

1 наурыз 2021

Музейдің ғылыми-ағарту жұмыс жоспарына сай мектеп оқушыларына музей сабағын өткізілді

18 ақпан 2021

СЕРІКБОЛТАНУ

16 ақпан 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ ЕКІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

14 ақпан 2021

Жаңа кітаптар жарық көрді

11 ақпан 2021

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің 7б-сыныбы музейді аралады

4 ақпан 2021

«Музей қорынан бір жәдігер» айдары

21 қаңтар 2021

Музей мамандары Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

1 қаңтар 2021

Серікбол туралы сөз болғанда...

31 желтоқсан 2020

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

23 желтоқсан 2020

«Қолжетімді мұражай: экскурсиялық қызметтегі инновациялар»

16 желтоқсан 2020

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

15 желтоқсан 2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді

15 желтоқсан 2020

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.

10 желтоқсан 2020

"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы

3 желтоқсан 2020

ҚР Ұлттық валюта күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облысының әкімінің алғысы жарияланды

30 қараша 2020

Тұңғыш Президенті күні

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясын ұсынамыз

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала