С.Қондыбай еңбектеріндегі Қорқыт пен Аполлонның типологиялық сәйкестігі туралы.
С.Қондыбай Қорқыт пен Аполлонның типологиялық деңгейде бір бейненің екі түрлі дәстүрлі нұсқасы екендігін топшылады. Осындай сәйкестікті қисынды етер қосалқы дәйектер айтты:
1. Қорқыт - қобызшы, қобызды ойлап табушы болса, Аполлон да - музыкамен байланысты бейне, ол кифарада ойнайды,сірә, кифараны ойлап тапқан да Аполлон болар.
2. Қорқыттың жер кіндігі деп есептелген Сырдария суының бетінде, кілем үстінде отырып қобыз тарту оқиғасындағы «су бетінде қалқыған кілем» бейнесі Аполлоның дүниеге келген су бетінде қалқыған «көшпелі жер»- Астерия аралының бейнесімен бірдей.
3. Қорқыт – бақсы, Аполлон да - бақсы.
4. Қорқыттың қарындасы бар екендігі айтылады, Аполлоның да егізі- қарындасы бар.
5. Қорқыттың өзі де, қобызы да аққу бейнесімен сабақтасып жатыр, Аполлонның да аққумен байланыстылығы жөнінде айтып өттік. Ақ түйе түрінде суреттелетін Қорқыттың қанатты желмаясы - о бастағы Аққудың көшпелі қоғамның шаруашылық болмысына сай өзгерген кейіпі болып табылады.
6. Қорқыт- бақсылардың, емшілердің, сазгерлердің пірі болып есептелінеді, Аполлон болса- тоғыз музаның басшысы, өнердің қамқоршысы.
Қорқыт пен Апаллонның дүниеге келуі, яғни екеуінің де дүниеге келуі қиын болды. Қорқыт 3 жыл 9 айда дүниеге келген. Аполлонды анасы 9 күн толғатып, дүниеге әкелген. Бұдан 3 және 9 сандарына қатысты «үш-тоғыз» ұштасуының қазақ дәстүрінде орнықты модель екенін ескере отырып, 3жыл 9 күн дегеннің «үш-тоғыз» деген сөздің бұрмалануы деп те қарастыруға болады.«Үш-тоғыз»- Тәуке ханның жеті жарғысындағы қылмыстың құны ретінде төленетін айыппұл, жаза.
Сонымен қатар жер кіндігі болған Дельфіде Аполлонның моласының болуы мен жер кіндігі болған Сырдарияда Қорқыттың моласының болуы да тағы бір сәйкестік.
Міне, осының барлығы гиперборейлік Аполлон мен гиперборейлік Қорқыттың бір бейне болғандығын көрсетеді.
Материал С.Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» төртінші кітабынан алынды.
30 сәуір 2017
Серікбол әлемі атты конференция
16 сәуір 2017
14 сәуірде Мемориалдық музей және Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп "Маңғыстау - Серікбол көзімен" атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті.
25 наурыз 2017
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
31 желтоқсан 2016
Жаңа 2017 жыл құтты болсын!
14 желтоқсан 2016
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
7 желтоқсан 2016
Әлеуметтік кәсіпкерлік- экономиканың үшінші секторының дамуының жаңа баспалдағы
23 қараша 2016
2016 жылы С.Қондыбай шығармашылығы бағытында өткен шаралар
21 қазан 2016
С.Қондабай музейінің алғашқы қадамдары
27 қыркүйек 2016
Құстар туралы аңыздарға саяxат
14 қыркүйек 2016
Ұлттық киімдердің тариxы және сәнге айналдыру тиімділігі
30 тамыз 2016
Ақ орамал
2 шілде 2016
Әйелдер жемқорлыққа "ЖОҚ" дейді
1 маусым 2016
Бақытты балалық шаққа саяхат
30 наурыз 2016
Наурыз келді
14 наурыз 2016
Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай
4 наурыз 2016
Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық
21 қаңтар 2016
Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер
Соңғы хабарлар
16 желтоқсан 2020
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
15 желтоқсан 2020
Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді
15 желтоқсан 2020
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.
10 желтоқсан 2020
"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы
03 желтоқсан 2020