Тұңғыш Президенті күні

Құрметті жерлестер!

Сіздерді елдікке де, ерлікке де бастап, Тәуелсіздік туын көкке көтерген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл тоғызыншы жыл мейрам ретінде аталып отырған Президент күні – халқымызды біріктіретін мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды.

Тәуелсіз қазақ елінің тағдыры – Елбасы тағдыры. Елбасы тағдыры – қазақ елінің тағдыры. Абылайхан дүниеден өтер сәтінде «Елімді бейбіт өмірге жеткізе алмадым, халқым жер игілігін көре алмады, қала, кент сала алмады, елдің басын біріктіре алмадым» деп орындалмаған арманын айтып кеткен. Ұлы Абылайдың осы армандарын тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың толығымен жүзеге асырғаны баршамызға аян.

Бүгінде Қазақстан, қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетті.

Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты түгел иемденіп, атадан қалған аруақты туды асқақ ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеріп кету үшін тынымсыз еңбек, қайтпас күрес, қажымас күш-жігер керек екеніне куә болдық.

Өйткені бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Елбасы біріктіріп отыр.

Ардақты ағайын!

Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Еліміз, Елбасымыз аман болсын! 

Жарияланған күні: 30 қараша 2020Оқылған саны: 119




21 қаңтар 2021

Музей мамандары Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

1 қаңтар 2021

Серікбол туралы сөз болғанда...

31 желтоқсан 2020

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

23 желтоқсан 2020

«Қолжетімді мұражай: экскурсиялық қызметтегі инновациялар»

16 желтоқсан 2020

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

15 желтоқсан 2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай музейімізде «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік шара өткізілді

15 желтоқсан 2020

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музейімізде мерекелік шара өткізілді.

10 желтоқсан 2020

"AMEN Animation Film festival-2020" халықаралық байқауы

3 желтоқсан 2020

ҚР Ұлттық валюта күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облысының әкімінің алғысы жарияланды

30 қараша 2020

Тұңғыш Президенті күні

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясы

19 қараша 2020

"Ғаламның мифтік моделі" залының онлайн экскурсиясын ұсынамыз

12 қараша 2020

Бала кезден басталса

31 қазан 2020

«Қамажай» атты мақала

24 қазан 2020

«Ұлылар Серікбол туралы» атты айдар

16 қазан 2020

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

14 қазан 2020

«Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми – танымдық тұжырымдамасы» атты ғылыми жинағының жарыққа шықты

13 қазан 2020

МЕНІҢ СЕРІКБОЛЫМ

10 қазан 2020

Қорқыт ата және уақыт.

6 қазан 2020

Жол жазбаларынан...

28 қыркүйек 2020

Әбіш Кекілбаев атындағы музейге 100 томдық кітап сыйға тартты

25 қыркүйек 2020

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

22 қыркүйек 2020

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының ІІІ Халықаралық фестивалі онлайн форматында өтті

19 қыркүйек 2020

Ертегілі Маңғыстау