"Серікбол Қондыбай мұралары:әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас" атты халықаралық ғылыми теориялық конференция өтті

Облысымызда ғалым Серікбол Қондыбайдың  50 жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Конференцияға еліміздің және шет елдің ғалымдары, профессорлары қатысты. Бағдарлама бойынша 6-маусым конференцияның ашылу салтанаты болды. Онда Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театры  мифтік мазмұнда қойылыммен сахнаны ашып,  ғалымның шығармаларының жинағы бойынша «Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері» атты ғылыми энциклопедия мен «Рух жауынгері» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

Сөз кезегі облыс басшысы Ералы Тоғжановқа келгенде: «Небәрі 36 жыл ғұмырында жарық жұлдыздай жалт еткен Серікбол Қондыбай артына өшпес мұра қалдыратыны хақ. Құрыштай мығым төзіммен, болаттай берік сабырымен басқа түскен дауылға мойымай, ел-жұртына үлгі-өнеге берген тұлғалар аз болмаған. Бірақ солардың арасында қасаңдыққа айналған түсінім-таңбаларды қазбалап, күңгірт тартқан санаға сәуле түсіре алғандар саусақпен санарлық. Серікболды Алла Тағала жер бетіне ерекше миссиямен жіберген тұлға деп қарауға болатын шығар. Неге десеңіз, ғылыми кітапханасы да жоқ, ол кезде интернеті де жоқ болған шалғай ауылда төсекке таңылып ғылыми ортаны дүр сілкіндіру кез келгеннің қолынан келмейді. Осы конференцияда әлемдік ғылымның көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың шеті шығып, толғандырған сауалдардың жауабы алынатынына сенемін», - деді.

Конференцияға қазақ ғалымдарынан басқа Америка, Әзірбайжан, Түркия, Қытай, Ресей елінің мамандары да қатысты. Атап айтар болсақ ф.ғ.д. Қажыбек Ерден Задаұлы, ф.ғ.д. Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы, ф.ғ.д. Әнес Ғарифолла, профессор Ибраһим Дилек (Түркия,Анкара), ф.ғ.д. Замалиева Луиза Фирдусовна (Қазан), профессор, ф.ғ.д. Мустафа Өнер (Түркия, Измир), профессор, доктор Фикрет Түркмен (Түркия, Измир), PhD доктор Мухтарзаде Нуриде Забидқызы (Баку) және т.б

Конференцияға аудандағы мемориалдық мұражайдың мамандары «Серікбол Қондыбай және келесі ұрпақ» атты комикс және иллюстрациялар конкурсы жеңімпаздарының жұмыстарын көрме ретінде апарды.

2-ші күні, 7-маусымда конференция жұмысы Ш.Есенов университетінде жалғасты, онда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сакеев Руслан Кенесарыұлы мен Ш.Есенов атындағы КМТИУ проректоры Нұрмағанбет Ермек Талантұлы құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты ашылуын бастап берді. Конференцияға келген өзіміздің және шет елдің профессор ғалымдар жалпы дүниежүзілік мифологияның және С.Қондыбай шығармашылығындағы жаңаша көзқарастар туралы айтып, барлығы 30 баяндама оқыды. Соңында пленарлық отырыстың жабылуы болып, қорытыланды.

Ұйымдастыру алқасы конференцияның үшінші күні, яғни 8-маусымда қатысушыларды Түпқараған ауданы бойынша «Сұлтан епе», «Кенті баба», «Шақпақ ата» киелі орындарына сапарға шығарды. Жолдан «Отпан» тарихи-мәдени кешенімен танысып, аудандағы С.Қондыбай шығармашылығына арналған облыстық мемориалдық мұражайға келді. Мұражайды аралау барысында қонақтар залдарды қызығушылықпен аралап, алған әсерлерін 50 жылдыққа арнап ашылған тілек альбомына қалдырды.

Конференция соңында қонақтарға «Этно ауыл» демалыс орнынан қонақасы беріліп, С.Қондыбай бейітіне соғып, рухына құран бағыштап, зиярат етті.

Маңғыстау ауданы мемориалдық  

мұражайы қор сақтау бөлімі  

меңгерушісі Аманкелдиева Арай

 

Жарияланған күні: 12 маусым 2018Оқылған саны: 1154




27 қараша 2019

Хабарландыру

28 қазан 2019

Қазан айының 24-і күні С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей Жыңғылды ауылына жылжымалы көрме өткізді

21 қазан 2019

Осы жылдың 17-18 қазан күндері музейіміздің 4 жылдық меретойын "Музейдегі түн" үлгісінде тойладық

4 қазан 2019

«С. Қондыбай өміріндегі Әбіш аға рөлі» атты мәдени шара

17 қыркүйек 2019

Серікбол Қондыбай оқулары: Мифология және ұлттану

9 тамыз 2019

Биыл тамызындың алғашқы аптасында Серікбол Қондыбай мұраларын насихаттаушы

31 шілде 2019

Жаз мезгілі біздің музейге туристердің көп келетін шағы

12 маусым 2018

"Серікбол Қондыбай мұралары:әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас" атты халықаралық ғылыми теориялық конференция өтті

23 мамыр 2018

"Руxани қазына-2018" республикалық байқауы

19 мамыр 2018

"Музей түні" үшінші жыл өткізілді

20 сәуір 2018

Ұлыстың ұлы күні» қай күн?

20 сәуір 2018

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

10 сәуір 2018

«Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» конференция

5 сәуір 2018

«С.Қондыбайдың шығармаларындағы киелі сандар туралы» атты дөңгелек үстел өтті

20 наурыз 2018

«Ұлы дала рухының жаршысы» атты Ақтау қаласында шара өтті

20 наурыз 2018

«Маңғыстау Серікбол көзімен » атты интелектуалды сайыс өтті

16 наурыз 2018

«Амалмен келген 50 жас» атты квест ойыны өтті

16 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты шара өтті

12 наурыз 2018

«Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты мәдени кеші

7 наурыз 2018

«Көктем аруы» атты сайысы

6 наурыз 2018

«Серікбол әлемі» атты конференциясы болып өтті

6 наурыз 2018

«Аяулы анашым» атты мерекелік шара болып өтті

1 наурыз 2018

«Алғыс айту міндет» атты шара өтті

28 ақпан 2018

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыруымен өткізілген шара