«Туған өлке ғажайыптары» атты шара өткізілді

2018 жылдың  ақпан айының  19-ы  күні  мұражайымызда мәдениет үйі қызметкерлерімен бірігіп  «Туған өлке ғажайыптары» атты шара өткізілді.

Қатысқандар: 50 адам

1.   Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің  9 сынып оқушылар;

2.   Мәдениет үйінің қызметкерлері және өнер адамдары;

3.   ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ә.Жұмағалиев;

4.   Ауданның құрметті азаматы Ш.Байпақов;

5.   Ардагер ұстаз А.Дүйсембаева;

6.   Музей директоры және қызметкерлері;

 Шараның мақсаты:

 - Өлкенің киелі жерлерін жас ұрпаққа насихаттау;

- Мектеп оқушыларына  Маңғыстау тарихын  кеңінен білуге, жалпы  адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды  сіңіру  арқылы  таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау;

Шараға Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Кешке қатысушы қонақтарға «Маңғыстаудың киелі жерлері» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Шара қонақтары  ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ә.Жұмағалиев пен еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы  Ш.Байпақов және ардагер ұстаз А.Дүйсембаева шара соңында оқушыларға құнды кеңестерін айтты.

Шараның екінші бөлімінде  «Ұлы Аналар-Ұлы Бабалар» атты жүрмелі көрменің тұсауы  кесілді.  Жүрмелі көрменің  лентасын қию Ә.Жұмағалиев пен Ш.Байпақовқа берілді. Көрмені музейдің экскурсия  көпшілік  бөлімі қызметкері А.Макашова таныстырды. Көрмеде аналардың мифологиялық бейнелерін, ел үшін жанын қиған батыр қыздар және алтын құрсақ аналар туралы мәліметтер берілген. Маңғыстаудың шежірелік аңыздарынан аналар бейнелері жинақталып халық назарына ұсынылды.

 Мұражай директоры: Р.Бердиева

Ақпарат хат иесі: М.Доғалова

 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 841




30 наурыз 2016

Наурыз келді

14 наурыз 2016

Аса зерек ой-иесі Серікбол Қондыбай

4 наурыз 2016

Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық

21 қаңтар 2016

Педагогикалық мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер