«Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырлар циклі

(С.Қондыбай 3.08.1993 жыл «Маңғыстау» газеті)

Осы ғасырдың 40-жылдары қағаз бетіне түскен «Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырлар циклі бүгінгі таңда әлемдік мәдениет ескерткіші болып есептелінеді. Ал оның ғасырлар тұңғиығынан осы заманға дейін жетуі жерлесіміз Мұрын жыраудың еңбегінің арқасында екенін білеміз. 1991 жылы 120 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті, оның өзінің және «Жырының» ел деңгейінде ғана емес, дүниежүзі деңгейінде танымал болғанын тілер едік.

Аты Қырымға, батыры ноғайға байланысты болған жыр қазақ ауыз әдебиетінің үлкен туындысы екендігіне күмән жоқ, өйткені XVI ғасырларға дейін ноғай-қазақ ұлысы бірге өмір сүргені тарихтан белгілі. Оны насихаттау да ендігі жерде қазақтың сыбағасында.

Ноғай дәуірі Шыңғыс хан ұрпағы Ноғай хан басқарған ұлыстың атынан басталып, XIII-XVII ғасырларды қамтиды. Оның географиялық ареалы Қырымнан Алтайға, Қазаннан Самарқандқа, Маңғыстаудан Түменге дейінгі территорияны алып жатыр. Жырға арқау болған батырлар тарихта болған. Қырымда, Қазанда, Сарайшықта және басқа да жерлерде өмір сүрген дара тұлғалар. Оларды эпикалық кейіпкерлерге айналдырған Сыпыра жыраудан бастап, Мұрын жырауға дейінгі «Дала Гомерлері».

Жыр тарихи жүйеден алыс жатыр, оқиға Батыс Қазақстан жерінде өтеді. Ноғайлы елінің орталығы болған жырдағы «Үш қиян» мен «Үш Бөкенбай» Жем өзенінің алабын қамтыса, шеттері Темір-Қобда (Ақтөбе облысы), Балқан тауы (Солтүстік Түркменстан). Еділ, Жайық және Сыр болып табылады.

Маңғыстау да аталмыш аймақтың көлемінде жатқандықтан жыр жолдарына тікелей қатысты өлкелердің бірі болып саналады. «Жеті жұрттың» қатарында ноғайлар да, қалмақтар да кіреді. Е. Өмірбаев пен А. Костенконың «Живут степи» ... деген кітабында Орақ пен Мамай, Қырықкез бен Қади батырларға қатысты оқиғалардың Маңғыстау түбегінде өткендігі жазылған. Кітап бойынша Апажар, Таушық, Қырықкез, Құлаат сияқты жерлер – осы батырлар өмірінің куәгері. 1990 жылы Алматыда жарық көрген «Батырлар» жырының екі томы (5-6 томдар) осы жырға арналған.

...Тұрақтап Жемде қалыпты,

Алдында Шат болса да,

Асанқайғы қонған соң,

Оның аты Жем болыпты

(6-том. 63-бет). Бұл жердегі Шат (көбінесе Ащыбас – Шат делінеді) қазіргі Ақтөбе облысының жерінде. Бір қызығы осы Ащыбас – Шат атауы Маңғыстауда да бар. Аталмыш жер Таушықтың оңтүстігінде, Ақтауға апаратын жолдың маңында. Мұндай ұқсастықтар Қазақстанның жер-су аттарының көпшілігіне тән. Және де біздің «Ащыбас – Шат» та ноғай тарихына қатысты өңір.

Боғданың бойы боз қамыс,

Еділдің бойы ен қамыс...

Мұндағы «Боғда» моңғолдың «Құдай» мағыналы сөзі, ондай жер Еділ-Жайық аралығында бар. Ал маңғыстаулықтар түбекте «Боғда» деген жер бар екендігін білетін шығар.

«Қырымның қырық батырының» Маңғыстау картасына «ілінгені» «Ащағар сайы», «Манашұлы Тұяқбай» жырында қалмақтар осы сайдың бойында ноғайдың атақты биі Ормамбетті өлтіріп, Манашы батырды кепілдікке алып қалады. Алайда он бір бидің опасыздығынан, қорқақтығынан ол да қаза табады. Манашының Күйкен деген шешесі биік төрткілден құлап өледі, сөйтіп, қайғылы оқиғалардың куәсі болған сай Манашы бұрын Аралтөбе деп аталған төрткүл Күйкенұшқан болып аталынып кеткен.

...Он сан байтақ болсын жер

Ормамбет бидің өлген жер

Күйкен сырты Манашы

Манашы соның баласы...

Үстірттің терістік-батыс ернегінде, Бейнеуге жақын маңда Ащағар (Манашы) және Сыңғырлау аңғарлары қатарласып барып, Қайдақ сорынға шығып жатыр. Ал төменде, сор шетінде жеке Күйкен ұшқан тауы мұнартып көрініп тұрады. Осы оқиға туралы өзінің «Ұйқыдағы арудың оянуы» деген кітабында Әбіш Кекілбаев та жазған. Ормамбет би қазақ тарихындағы атақты тұлға. Жалпы қазаққа тән нәрсе, өз басына туғанда, үлкен кезеңді бірер сөзбен-ақ білдіре алатындығы. 1932 жылдың аштығында, тіпті 1920-40 жылдарды «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп атаса, XVII-XVIII ғасырдардағы жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Сауран айналған» деген тіркеспен аталынады. Дәл осылай XV-XVII ғасырлардағы үлкен далалық этностың ноғай және қазақ болып екіге бөлінуі, қазақ ауыз әдебиетін де «Ормамбет би өлген күн, он сан ноғай бөлген күн», «Ел айрылған» деген сөздер мен сақталған. (Жол үсті тағдыр. «Жалын» 1991. 62-бет).

Жырдың өне бойына кездесіп отыратын топонимдердің аттары мынадай: Қандыарал, Шыңғырлау, Торыат, Сүмбетемір, Қарабұлақ, Ақшағыл, Елік, Құбатау, Қарақобда, Елек, Қызылқұм, Бөтентау, Балқан, Хантөрткіл, Шөлтау, Айғырбүгілді, Маңғыр, Жыланды, Егізбұлақ, Қаратүлей, Есенқазақ, Түйелі, Жеренқопа, Бесоба т.б. Осылардың денін Маңғыстау картасынан тауып алуға болады.

...Қаратүлей қамыстың

Есен қазақ түлейге,

Аталмыш жер аттары Бейнеу ауданынан шығар еді. Сол сияқты Нұрадын батыр Қызылбас (Иран) еліне жорыққа бара жатқан да «Қарамая» деген шыңнан өтеді.

...Көлденең жатқан қара дөң

Қарамая деген шың еді

Түсі қара тау еді

Қарамая (биіктігі 209 м) – Үстірттің ернегіндегі Босаға, Көкесем маңындағы тау. Сол сияқты «Көлденең жатқан «Қаратау», Құбатау. Маңғыстау ойындағы Қаратау мен Ақтау емес пе екен деген ой туындайды. Шөлтау - Өрмелі мен Маната аралығындағы Үстірт шыңдарының бір бөлігі (биіктігі – 229 м). Егер де Маңғыстау жер-су атаулары жинақталған болса, қалған атауларды да табуға болар еді, өйткені Қызылқұм, Елік, Ақшағыл. Жыланды, Бесоба сияқты жерлер барлық өлкелерде кездеседі.

Жырда Шора батыр жастау кезінде ешкі бағып жүріп, бір күні сөзге шыдамай 40 ешкісін қырып тастайды. Ал Өтестен шығыста 30 км жерде «Ешкіқырған» деген жер бар екендігін тек еске салып өтпекпіз.

Маңғыстау ойы сонау Қарағантүптен Бейнеуге дейін осы жырдың оқиғасына арқау болып отыр, ал мұның өзі өлкеміздің рухани құндылығын, жертарабының (ландшафт) эстетикалық байлығын, тартымдылығын арттыра түседі.

«Қырымның қырық батыры» - түркі – дала әлемінде «Көроғлы», «Манас», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш – Баянсұлу», «Қорқыт» сияқты жырлармен қатар тұрған туынды. Ал осы жырларды орыстың «Игорь жасағы туралы жырындай», финн, карел, эстондардың «Калевала» жырындай дүниежүзіне танымал ете алмай келе жатқанымыз өкінішті. Балаларға арнап проза түрінде қайта жазу, көркемдік жағынан өңдей, фильмдер түсіру, сурет салу, ескерткіштер орнату сияқты шаралар ғана халық санасына осы жырды сіңіріп, танымал етуге мүмкіндік береді. Маңғыстау – Мұрын жыраудың отаны, осының өзі өлкеге біршама рухани құқық береді. Соңғы екі-үш жылдықта облыста көптеген кесенелер тұрғызылды. Бекбауыл, Құлбарақ, Досан, Құрманәлі кесенелері сәулетін жағынан тартымды болғандықтан болар, енді Абайдың мемориалдық кешенін де салатын маңғыстаулықтар екендігін естіп жатырмыз.

Қырымның қырық батырын Маңғыстау жеріне «орнықтырудың» басты жолы Маңғыстау мен Үстірттің мәдени ескерткіштер мұражай қорығына ұқсас немесе қоғамдық ұйым құру. Оның ең алғашқы жұмысы, жырға, ноғай-қазақ тарихына қатысты деректер мен материалдар жинақтау, зираттарды жөндеу тарихи-жырлық жерлерге ескерткіш белгілер орнату, яғни обелисклер, бағандар, мүсіндер, ескерткіштер композициясы осы сияқты мүсіндік туындылар жаңа сәулет ескерткіштерін орнату болуы керек.

Ащағарда «Қырымның қырық батыры» атты ұлттық парк ұйымдастырылса, құба-құп. Ұлттық парк демекші, оның жертараптық табиғи, тарихи, әдеби парк деген сияқты түрлері көп. Ащағар – Үстірттің ернегіндегі аймақ. Үстірттің шыңдары, оның етегіндегі төрткілдер Жем, Темір, Қобда өзендерінің бойына қарағанда ерекше көрікке ие және табиғилығын біршама жақсы сақтаған. Оның үстіне Каспий суы оның етек жағына жетіп те қалған шығар. 60 жылдары Ю. Клейнер Үстірт өзендері деген мақаласында Манашы өзеніндегі мини-сарқырама туралы жазған-ды. Күйкенұшқан тауының да осында екенін айтып өттік. Көлік жағдайы ыңғайлы, Бейнеу жақын, теміржол желісі өтіп жатыр. Осында музей ұйымдастырып, 40 батырдың ескерткіштерін немесе жырдың жеке оқиғаларының мүсіндік композицияларын ашық аспан астында орналастыруға болады. Қазіргі заманғы жертараптық сәулет (ландшафт архитектурасы) немесе жертараптық дизайн, өсімдік дизайн т.б. ғылыми-практикалық мамандық өкілдері кез-келген сұрықсыз, іш пыстырарлық тегіс жерді кереметке айналдыра алады.

Осындай жерге үміткер болып Маната - Өрмелі өңірі, Саздыдағы Баба-Түкті Шашты Әзіз, Таушық өңірі де жатады. Оларды таңдау мамандардың, қала берді жұртшылықтың, әл-ахуалдың ісі.

Ендігі заман нарықтыкі, яғни, «жұмыртқадан жүн қырқатындардыкі». Ал аталмыш ұсыныстар бір оқпен бірнеше қоян ату сияқты, бір іспен бірнеше мақсатты орындау мүмкіндігін ескертіп өту ғана.

 

 

Жарияланған күні: 28 қыркүйек 2021Оқылған саны: 66




18 қазан 2021

15-ҚАЗАН КҮНІ МУЗЕЙІМІЗДІҢ АШЫЛҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

8 қазан 2021

Ақтау қаласының №22 мектеп-гимназиясында Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналған жиын өтті.

8 қазан 2021

"Атырау" телеарнасы "Еуразия ендігінде" бағдарламасының "Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы" тақырыбындағы кезекті шығарылымы 1-қазан күні эфирге шықты.

28 қыркүйек 2021

«Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырлар циклі

25 қыркүйек 2021

Серікбол Қондыбай мен оның еңбектері, ғалымның атындағы музейі мен ондағы құнды мұралар туралы Абай тв арнасындағы «Жәдігер» бағдарламасының кезекті шығарылымы назарларыңызға ұсынылады.

17 қыркүйек 2021

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбындағы республикалық лекториумның қатысушыларының бір тобы музейімізде қонақта болды.

17 қыркүйек 2021

“Қорқыт ата және Уақыт” атты қазақ әдебиеті пәнінен музей сабағы өтті.

14 қыркүйек 2021

«Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты кітабы

2 қыркүйек 2021

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫН

1 қыркүйек 2021

«Білім күні» мерекесімен құттықтаймыз!

9 тамыз 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған челлендж

9 шілде 2021

«С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

2 шілде 2021

«Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өткізілді.

1 шілде 2021

Музей суретшісі Е.Ещановтың «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатына шақырамыз.

21 маусым 2021

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанттары музейімізге келді.

16 маусым 2021

Ұлы Баба немесе Құдай -ана - жер бетіндегі мифологиялық дәстүрлердің басым көпшілігіндегі ең басты әйел (ұрғашы) сипатты тәңіриенің атауы.

1 маусым 2021

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне ашық есік ұйымдастырылып тегін қызмет көрсетілді.

27 мамыр 2021

ТЫЛСЫМ ӘЛЕМНІҢ МУЗЕЙІ.

19 мамыр 2021

18-мамыр Халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!

18 мамыр 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІ «ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МУЗЕЙ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ.

30 сәуір 2021

Назарларыңызға музейіміздің Мифология залының онлайн видеоэкскурсиясын ұсынамыз.


: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1380989155633539&id=100011674024631

21 сәуір 2021

20 апреля состоялась научно-практическая конференция региональных студентов ′′ Серикбольский мир"

21 сәуір 2021

Рубрика ′′ Материнская мифология′′

12 сәуір 2021

С 01-05 марта по 01-05 марта музейная экскурсия на квалификационный курс