«С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш. Ш. Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология институтымен бірге, мифолог-ғалым, мәдениеттанушы, этнолингвист және аудармашы Серікбол Әділбекұлы Қондыбайды еске алуға арналған «С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел ZOOM платформасында өткізілді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов шымылдығын ашса, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Базаралиева Гулнар құттықтау сөз сөйледі. Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының С. Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық музей директоры Рима Қанатбайқызы Бердиева сөз алып, музейдің жетістіктері мен экспозициялық залдарын таныстырды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Уалханұлы Тоқтабай; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау филиалының профессоры, серікболтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Балкенже Қондыбайқызы Ақбердыева; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы Алпысбес; қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, сценарист, аудармашы, философия ғылымдарының кандидаты Зира Жетібайқызы Наурызбаева; Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры, архитектура кандидаты Асия Русланқызы Нұрдубаева; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Жанабаев; Серікболтанушы, таңбатанушы, зейнеткер-педагог Мұрат Мұрзағалиұлы Ақмырзаев; Зерттеуші Шара Абикенқызы Боздакова; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты Рустем Қуандықұлы Досмурзинов қатысып, Серікбол Қондыбай шығармалары желісіндегі зерттеу жұмыстары мен баяндамаларын оқыды.

Қорытынды сөз кезегі С. Қондыбайдың туған апасы Балсұлу Қондыбайға берілді. Ол «Серікбол өскен орта» деп аталатын баяндамасын оқып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Өмірінің өзі үлкен ерлікке тұратын ғалым – Серікбол Қондыбайға халық қаһарманы атағын беруге ұсыныстар айтылды.

 

Жарияланған күні: 9 шілде 2021Оқылған саны: 39




9 шілде 2021

«С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

2 шілде 2021

«Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өткізілді.

1 шілде 2021

Музей суретшісі Е.Ещановтың «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатына шақырамыз.

21 маусым 2021

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанттары музейімізге келді.

16 маусым 2021

Ұлы Баба немесе Құдай -ана - жер бетіндегі мифологиялық дәстүрлердің басым көпшілігіндегі ең басты әйел (ұрғашы) сипатты тәңіриенің атауы.

1 маусым 2021

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне ашық есік ұйымдастырылып тегін қызмет көрсетілді.

27 мамыр 2021

ТЫЛСЫМ ӘЛЕМНІҢ МУЗЕЙІ.

19 мамыр 2021

18-мамыр Халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!

18 мамыр 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІ «ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МУЗЕЙ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ.

30 сәуір 2021

Назарларыңызға музейіміздің Мифология залының онлайн видеоэкскурсиясын ұсынамыз.


: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1380989155633539&id=100011674024631

21 сәуір 2021

20 апреля состоялась научно-практическая конференция региональных студентов ′′ Серикбольский мир"

21 сәуір 2021

Рубрика ′′ Материнская мифология′′

12 сәуір 2021

С 01-05 марта по 01-05 марта музейная экскурсия на квалификационный курс

12 сәуір 2021

Почетный Алаш в центральной библиотеке Мангистауского района

7 сәуір 2021

Учителя и воспитанники средней школы No 6 г. Актау посетили наш специальный музей на праздник марта

6 сәуір 2021

На прошлой неделе две семьи нашего села были переданы работниками музеев. Им дали пищу социального значения.

31 наурыз 2021

Ақтау қаласының №6 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріның экскурсиясы


: https://www.facebook.com/100011674024631/posts/1360157467716708/?d=n

12 наурыз 2021

«Серікбол елдің ұлы» атты мәдени шара


: https://www.facebook.com/100011674024631/posts/1348011245597997/?d=n

8 наурыз 2021

Баршаңызды 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

5 наурыз 2021

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Отбасыма мың алғыс» атты мәдени шара өткізілді

1 наурыз 2021

Музейдің ғылыми-ағарту жұмыс жоспарына сай мектеп оқушыларына музей сабағын өткізілді

18 ақпан 2021

СЕРІКБОЛТАНУ

16 ақпан 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ ЕКІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

14 ақпан 2021

Жаңа кітаптар жарық көрді