Жаңа кітаптар жарық көрді

12-ақпан күні Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мемориалдық музейде» ғалымның еңбектері желісінде 2020 жылы жарық көрген «Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми-танымдық тұжырымдамасы» атты ғылыми жинағының және 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы дала өркениеті» атты ІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағының тұсаукесері өтті. Шараға ғалымның тумаластары, кітаптағы мақала авторлары, серікболтанушылар, өлкетанушылар қатысты.

Шара барысында серікболтанушы, ф.ғ.к, доцент, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры

Балкенже Акбердыева

«Мифологиялық ойлаудағы дуалистік жүйелер» атты лекциясын көрермендерге оқыды.

Одан соң, Талғат Аян «Ерке сылқым» күйін ойнады. Күйден соң музей директоры

Рима Бердиева

мен экспозиция-көпшілік бөлімінің меңгерушісі

Ұлықбек Жұбаназаров

кітаптарды жеке-жеке таныстырды. Кітаптардың лентасын ғалымның апасы

Балсулу Кондыбай

мен серікболтанушы, өлкетанушы, таңбатанушы Мұрат Ақмырзаев қиды.

Бұл кітаптарға С.Қондыбайды зерттеуші және еңбектерін насихаттаушы ғалымдардың мақалалары мен конференцияда оқыған баяндамалары жазылды. Солардың кейбіріне тоқталсақ;

Николай Иванович Егоров - чуваш тілі мен тарихын, этимологиясын, топономиясы мен антропономиясын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, Халықаралық түркологтар қауымдастығы Президиумының мүшесі. Чуваш Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Фирдаус Гилмитдиновна Хисамитдинова - орыс тіл маманы, башқұрт тілінің маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері.

Жамбыл Омарұлы Артықбаев – тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Mustafa Öner

– доктор, Эгей университетінің профессоры.

Зира Наурзбаева

– мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, аудармашы.

Балкенже Акбердыева

- ф.ғ.к, доцент, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры

Мұрат Ақмырзаев - өлкетанушы, таңбатанушы

Оңайгүл Тұржан

- ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті

Жанбибі Дүйсенбаева - педагог, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кітап қазақ руханиятына қызығушы ғалымдарға, магистранттарға және жалпы оқырман қауымға арналған.

Шара соңында музей директоры барлық келушілерге алғысын білдіріп, жаңадан шыққан осы кітаптарды мақала авторларына және

Маңғыстау Аудандық Орталық Кітапханасы

на сыйлыққа берді. 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 315




18 қазан 2021

15-ҚАЗАН КҮНІ МУЗЕЙІМІЗДІҢ АШЫЛҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

8 қазан 2021

Ақтау қаласының №22 мектеп-гимназиясында Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналған жиын өтті.

8 қазан 2021

"Атырау" телеарнасы "Еуразия ендігінде" бағдарламасының "Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы" тақырыбындағы кезекті шығарылымы 1-қазан күні эфирге шықты.

28 қыркүйек 2021

«Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырлар циклі

25 қыркүйек 2021

Серікбол Қондыбай мен оның еңбектері, ғалымның атындағы музейі мен ондағы құнды мұралар туралы Абай тв арнасындағы «Жәдігер» бағдарламасының кезекті шығарылымы назарларыңызға ұсынылады.

17 қыркүйек 2021

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбындағы республикалық лекториумның қатысушыларының бір тобы музейімізде қонақта болды.

17 қыркүйек 2021

“Қорқыт ата және Уақыт” атты қазақ әдебиеті пәнінен музей сабағы өтті.

14 қыркүйек 2021

«Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты кітабы

2 қыркүйек 2021

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫН

1 қыркүйек 2021

«Білім күні» мерекесімен құттықтаймыз!

9 тамыз 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған челлендж

9 шілде 2021

«С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

2 шілде 2021

«Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өткізілді.

1 шілде 2021

Музей суретшісі Е.Ещановтың «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатына шақырамыз.

21 маусым 2021

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанттары музейімізге келді.

16 маусым 2021

Ұлы Баба немесе Құдай -ана - жер бетіндегі мифологиялық дәстүрлердің басым көпшілігіндегі ең басты әйел (ұрғашы) сипатты тәңіриенің атауы.

1 маусым 2021

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне ашық есік ұйымдастырылып тегін қызмет көрсетілді.

27 мамыр 2021

ТЫЛСЫМ ӘЛЕМНІҢ МУЗЕЙІ.

19 мамыр 2021

18-мамыр Халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!

18 мамыр 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІ «ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МУЗЕЙ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ.

30 сәуір 2021

Назарларыңызға музейіміздің Мифология залының онлайн видеоэкскурсиясын ұсынамыз.


: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1380989155633539&id=100011674024631

21 сәуір 2021

20 апреля состоялась научно-практическая конференция региональных студентов ′′ Серикбольский мир"

21 сәуір 2021

Рубрика ′′ Материнская мифология′′

12 сәуір 2021

С 01-05 марта по 01-05 марта музейная экскурсия на квалификационный курс