Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде

Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне толықтай көшеді.

Латын әліпбиіне көшу, Қазақстанды барлық әлемге танымал етудің бір түрі. Бұл әліпби тек жазу таңбасын ауыстыру ғана емес, барлық адамның ой-санасын өзгертеді. Әлемдегі дамыған Еурапа елдерінің көбісі латын әліпбиін қолданады. Біз де соларға жақындап, латын әліпбиіне ауысу процесін өткеріп жатырмыз. Қазақ халқының латын әліпбиіне көшуі, қазақты ерекше етіп, қазақ халқын сақтап қалуға үлкен үлес қосады, қазақтың болашаққа жасаған үлкен қадамы деп үміттенеміз. Осы орайда сіздерге «Жас Алаш» газетінің сонау 2001 жылғы 25 қаңтар күнгі санына шыққан Серікбол Қондыбайдың латын әліпбиі туралы «ҚАЗАҚТЫҢ ЛАТЫНДЫҚ ӘЛІПБИІ ЖӨНІНДЕ» атты мақаласынан үзінді ұсынбақпыз.

Қазақ жазуының негізгі принциптері қандай және олар ең алдымен неге сүйенуі тиіс?

Біріншіден, ең басты тірек – қазақ тілінің пайда болғаннан бергі заңдылықтары мен ережелері. Қазақ тілінің табиғи заңдылықтары толықтай және дауласпайтын заң ретінде қабылдануы тиіс. Мәселен, қазақ тіліне тән бастапқы, абсолютті үндестік (сингармонизм) заңының бұлжымауы. Кез келген, мейлі өзіміздікі, мейлі шетелдікі болсын, сөзді жазғанда қазақ тілінің табиғи заңдылығы қолданылуы тиіс.

Ең бастысы – тіліміздің бастапқы ерекшелігі мен ереже заңы абсолют болуы тиіс, ал барлық басқа үлкенді-кішілі мәселелер ең алдымен және міндетті түрде осыған сай болуы керек. Оған сай келмесе, сәйкестендіріліп, бейімделуі тиіс. Бізде әу бастан (арабжазуын қолданған кезде де, орыс жазуын қолданған кезде де) осы ережелер ескерілмей, бәрі керісінше болып кетеді. Осыны түсіне алмаған үлкен тіл мамандарына таңғалатынымыз жасырын емес.

Екіншіден, тілдің абсолют (сингармонизм) заңын қалпына келтіру, оны қатаң сақтау, бәрін соған бейімдеу ала-құла болып отырған тілімізде сөздердің көп варианттылығын (рақмет, ырақмет, рақымет сияқты) жойып, барынша рационалды (үнемді, ықшам) сөздік қорды қалыптастырады. Бұл, өз кезегінде, тілді де табиғи рационализмге алып келеді және ақырында өте ықшам әрі рационал жаңа жазу жасауға мүмкіндік береді.

Тілдің табиғи ережелерін қатаң сақтайтын жазу (бұндай жазу жалпы түркілерде тек «орхон-енисей» әліпбиінде ғана болған, одан кейінгі мың жарым жыл ішінде бір де бір әліпби осы ережелерді ескеріп көрген жоқ, бұл орыс жазуына да, араб жазуына да қатысты айтылып отыр) өзінің қасиетін

жоймайтын консервативтік құрылымға айналады да, қанша уақыт өтіп, тілдердің сөздік құрамы мен құрылысында, сөздердің айтылуында үлкен өзгешеліктер пайда болса да, әліпби өзінің бастапқы өзгермейтін қасиетін сақтап қалады. Мәселен, бүгінгі ағылшын, француз тілдерінің әліпбиі ХІV-ХVІ ғасырларда қалыптасқан, яғни жазу сипаты сол заманғы тіл ережесін сақтаса, сөйлеу тілі адам танымастай өзгерістерге ұшырап отыр. Дәл осындай бастапқы ережеге сүйенген жаңа қазақ әліпбиінің жасалуы дұрыс болса, енді бірнеше ғасыр өткен кезде де бүгінгі қасиеттерін сақтайтын болады.

Міне, осыларды ескере отырып, қазаққа тек өз тілінің о баста қалыптасқан жөн-жосығына сай жаңа жазуын қалыптастырып, өз тілінің проблемаларын сол жаңа жазу мен бастапқы табиғи ережеге сай шешіп алуы керек. Сонда ғана қазақ тілі үйренуге де, жазуға да жеңіл, тұрақты әдеби негізі бар тілге айнала алады. Тек ең бастысы – бұл шараны жүзеге асыру қолында айқын билігі болмаса да ықпал ету тетіктеріне ие, яғни өз білгенін ғана қабылдаттыру жолдарын білетін бір академиктің немесе бір мүдделі зиялы топтың сыбағасына айналмағаны жақсы, бұл мәселені келісе отырып шешу керек.

“Жас Алаш” газеті, 2001 жыл, 25 қаңтар
Серікбол Қондыбайдың “Толық шығармалар жинағы” 15 том 

Жарияланған күні: 0 Оқылған саны: 482




28 қыркүйек 2021

«Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырлар циклі

17 қыркүйек 2021

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбындағы республикалық лекториумның қатысушыларының бір тобы музейімізде қонақта болды.

17 қыркүйек 2021

“Қорқыт ата және Уақыт” атты қазақ әдебиеті пәнінен музей сабағы өтті.

14 қыркүйек 2021

«Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты кітабы

2 қыркүйек 2021

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫН

1 қыркүйек 2021

«Білім күні» мерекесімен құттықтаймыз!

9 тамыз 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған челлендж

9 шілде 2021

«С. Ә. Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы: түркілер мен қазақтардың миф философиясын жаңаша тұрғыда зерттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

2 шілде 2021

«Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өткізілді.

1 шілде 2021

Музей суретшісі Е.Ещановтың «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатына шақырамыз.

21 маусым 2021

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанттары музейімізге келді.

16 маусым 2021

Ұлы Баба немесе Құдай -ана - жер бетіндегі мифологиялық дәстүрлердің басым көпшілігіндегі ең басты әйел (ұрғашы) сипатты тәңіриенің атауы.

1 маусым 2021

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне ашық есік ұйымдастырылып тегін қызмет көрсетілді.

27 мамыр 2021

ТЫЛСЫМ ӘЛЕМНІҢ МУЗЕЙІ.

19 мамыр 2021

18-мамыр Халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!

18 мамыр 2021

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІ «ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МУЗЕЙ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ.

30 сәуір 2021

Назарларыңызға музейіміздің Мифология залының онлайн видеоэкскурсиясын ұсынамыз.


: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1380989155633539&id=100011674024631

21 сәуір 2021

20 апреля состоялась научно-практическая конференция региональных студентов ′′ Серикбольский мир"

21 сәуір 2021

Рубрика ′′ Материнская мифология′′

12 сәуір 2021

С 01-05 марта по 01-05 марта музейная экскурсия на квалификационный курс

12 сәуір 2021

Почетный Алаш в центральной библиотеке Мангистауского района

7 сәуір 2021

Учителя и воспитанники средней школы No 6 г. Актау посетили наш специальный музей на праздник марта

6 сәуір 2021

На прошлой неделе две семьи нашего села были переданы работниками музеев. Им дали пищу социального значения.

31 наурыз 2021

Ақтау қаласының №6 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріның экскурсиясы


: https://www.facebook.com/100011674024631/posts/1360157467716708/?d=n